ЖҚТБ-дан сақтану үшін мүшеқап әрдайымсенімді бола бермейді Көптеген қауымдарда сақтандырғыш (мүшеқап-презерватив, кондом) туралы сөйлесуді жөн көрмейді. Бірақ шындықты айту қажет қой. Медицина тарапынан алғанда мүшеқап қолдануға болатын нәрсе ме? Оны қолдануға ұсыну — сенушілердің ахлақтық (моральдік) құндылықтарына қайшы ма?
Тағы да бір сұрақ бар. Егер ЖҚТБ адамды өлтіретін болса және ағза онымен күресуге дәрменсіз болса, ал дәрі-дәрмектер көмектеспесе, вакциналардың пайдасы тимесе, онда басқа қандай үміт бар? Мен мектептерге барып жастармен әңгімелескенде, олардың барлығы маған ең қауіпсіз жыныстық қатынас жолы мүшеқапты пайдалану екендігін айтады. Тіпті өздері оны ешқашан қолданбауды ұйғарса да, олар солай айтады. Алайда егер ойларын өзгертіп, мүшеқаптар қолданатын болса, ол шынымен адамдар ойлағандай тиімді ме? Мүшеқаптардың соншалықты қауіпсіз емес екенін ешкім мойындағысы келмейді.
Шындық мынау: Шынында мүшеқаптар АҚТҚ-ның таралу қаупін едәуір азайтады, бірақ олар 100% қауіпсіз емес. Ал мәселесі мынау:
Кейде мүшеқапты пайдалануды кеңінен үгіттеу жастарға екі ұшты хабар жеткізеді: ол бір жағынан жастарды пәктігін сақтауға және жұбайына адал болуға шақырса, екінші жағынан оларды сақтандырғышты пайдаланып, жыныстық серіктерінің көп болуына жігерлендіргендей болып көрінеді.