Сіздің ат салысуыңызға болады Екіншіден, сіз ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарға көмек болатындай әрекет ете аласыз. Немесе сіз ерікті адам болуды, қайырымдылық қаржы бөлуді, науқастың халін білуді не оның отбасына демеу көрсетуді қалайтын шығарсыз. Мүмкін, сіз АҚТҚ-дан қалай сақтануға болатынын айтып, адам өмірін сақтауға жәрдем беруді қалайтын шығарсыз. Неге бұл туралы қауымыңыздың мүшелерімен немесе АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты жұмыстар атқарып жүргендермен сөйлесіп, өз қызметіңіз бен уақытыңызды ұсынбасқа? АСЕТ-тің интернет-сайтынан сіз көп пайдалы мәлімет таба аласыз. Олардың көшірмесін жасап, қағазға басып та ала аласыз.