Патрик диксон


ЖҚТБ індетінің Қазақстанда және оның айналасындағы елдерде дамуы



бет109/110
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#18967
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
ЖҚТБ індетінің Қазақстанда және оның айналасындағы елдерде дамуы.

Қазақстанда және оның айналасындағы көршілес елдерде ЖҚТБ індеті даму үстінде. Оның бұл аймақтағы ең көп таралуы Ресей федерациясында тіркелген. Мұнда шамамен 900 000 адамның АҚТҚ-ны жұқтырғандығы айтылады. Ең көп зақымданған аймақтар тізімінде Қазақстанмен шектескен Самара, Орынбор облыстары бар. Сондай-ақ, Қазақстанмен шектесіп жатқан Шыңжан провинциясы Қытайдағы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны бойынша төртінші орында.


АҚТҚ-ның Орталық Азия, Кавказ республикаларында пайда болуы өте төмен күйінде (0,3%-дан төмен) қалып отыр. Ал індеттің жалпы таралуы тіркелгендер санына қарағанда барлық жерде де өсу, көбею үстінде. Мысалы, Өзбекстанда осы қауіпті індет соңғы жылдарда ғана, яки, жаңадан таралуда. Барлық мәлімденген АҚТҚ деректерінің 91%-ы 2001-2003 ж.ж. аралығында анықталған. 22 кестеде көрсетілгендей, 2500-ден астам адамның ауру жұқтырғаны мәлімденді.
Қазір індет Өзбекстанда кең жайылу үстінде. Бұған коммерциялық секс үлкен роль атқаруда.
АҚТҚ жұқтырғандар арасындағы әйелдердің ара қатынасы жыл сайын ұлғайып келеді. Ол 2001 жылғы 12%-дан 2003 жылы 18%-ға көтерілді. Елдің барлық аймағынан дерлік ауру жұқтырғандар тіркелген. Эпидемия, әсіресе, ел астанасы Ташкент (48%) пен оның айналасындағы елді мекендерде (20%) шоғырланған.
Қырғызстанда Қазақстанмен салыстырғанда індет айтарлықтай төмен және ол негізінен есірткіні тамырға шаншу арқылы тарауда. Көп тараған жері Ош пен Чу облыстары және Бішкек қаласы. Ересек тұрғындардың ең кем дегенде 2%-ы есірткіні тамырға (шаншумен) егіп қолданады деп ресми болжанған елде АҚТҚ-ның жылдам және кең жайылуына зор мүмкіндік бар.
Кавказ аймағында жүргізілген жаңа зерттеулер бұл індеттің Азербайжанда шұғыл дамып жатқанын көрсетті. Баку қаласындағы көшеде есірткіні тамырға шаншитындардың әрбір төртіншісі АҚТҚ-ны жұқтырғандар. Бұл көресткіш көшеде тәнін сататындар арасында 11%-ды, ал олардың бұл кәсіппен кафе-мейрамханаларда, саунада айналысатын әріптестері арасында 6% құрайды. (WHO Regional Office for Europe, 2004, ДДСҰ — дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы).
Қазақстан республикасында эпидемия шетелдік студенттердің арасында 1987 жылдан басталды. Ауруды жұқтырудың тіркілген саны ең күрт көбейген кезі 2001 жыл (1175 адам) болды. 1987-2004 ж.ж аралығында Қазақ Республикасы тұрғындарының арасында АҚТҚ-ны жұқтырудың динамикасын көрсететін кесте.
Эпидемия (індет) басталғаннан бері 01.01.05-ж. мәлімет бойынша АҚТҚ-ны жұқтырғандардың ресми түрде тіркелгендерінің саны 4696, алайда ғалымдардың болжамы бойынша іс жүзінде шамамен 13000 адам АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауырады.
Республикамыздағы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 38,3-ті құрайды.
Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ-ның ең басты берілу жолы — есірткіні тамырға шаншу. Ауруды жұқтырудың тамырға шаншу арқылы берілуі 77,5 % құрайды. (Мәлімет бойынша елде 200 000 есірткі қолданушы адам бар)
Алайда аурудың жыныстық жолмен берілуінің де ұлғайып келе жатқаны байқалады. Оның арасалмағы 2004 жылы 29,3% құрады. Аурудың жыныстық жолмен берілуінің ұлғаюы үдеп келеді:
2001 ж — 5%
2002 ж — 16,7%
2003 ж — 21,6%
2004 ж — 29,3%
Қазақстанның барлық аймақтарында да індет бар. АҚТҚ-ны жұқтыру көрсеткіштері Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында жоғары. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы алдыңғы орында. 2004 жылғы көрсеткіш — 199, ол 2003 ж. көрсеткіштен (187) 1,1 есе артқан. (таблица).
Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ/ЖҚТБ індеті өзінің шоғырланған дәрежесінде (бұл оның үш: бастапқы, шоғырланған және жалпы жайылған дәрежесінің екіншісі). Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Шымкент қалаларында қоғамның шетке шыққан топтары арасында АҚТҚ-ның тарауы 5%-дан тұрақты жоғары, ал жүкті әйелдер арасында әлі де 1%- дан төмен.
Халықтың жас шамасына қарай бөлінген топтарына көз салсақ, ауруға ең көп шалдыққан (ауруды ең көп жұқтырған)) топ — 15-29 жас аралығындағы жастар, олар барлық ауру жұқтырғандардың 64%-ын құрайды.
АҚТҚ-ны жұқтырудың жас мөлшеріне қарай арасалмағы (01.01.05ж мәлімет бойынша)

Таблица
0-1 жас 60 жас және одан жоғары жасы беймәлім


АҚТҚ және ЖҚТБ туралы бірқатар мәліметтер!


Әлемде Дүние жүзі бойынша 20 млн. адам ЖҚТБ ауруынан көз жұмды.
2004 жылы дүние жүзі бойынша өлгендердің 5%-ын ЖҚТБ туындатқан.
2004 жылы ЖҚТБ-дан 3млн., 2004 жыл 5млн. адам ауру жұқтырған.
Дүние жүзі бойынша 39млн. адам АҚТҚ-ны жұқтырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет