Бүркенудің шебері ЖҚТБ-ны қоздырған АҚТҚ үнемі өз пішінін өзгертіп отыратындықтан, қорғаныш жасушалары олардан көз жазып қалады. Егер бүгін адам ағзасына вакцина жіберілсе, ол оны бірнеше күн бойы қорғайды. Ал бір ай өткеннен кейін не болады? Біздің мәселеміз жауынгер жасушаларға қарсы тұратын иммунитеті бар вируста. Сондықтан да сіздің денеңіз шынымен одан құтылуға еш дәрменсіз. Өз пішінін өзгерте алатын басқа да вирустар бар. Мүмкін сіз неге тұмау жұмыс пен мектептен қалудың басты себепкері немесе неге біз әлі күнге дейін әдеттегі суық тиюге қарсы тұра алмаймыз деп ойлаған да шығарсыз. Бұның себебі бұл аурулардың екеуі де сіз әрбір ауырған сайын пішіні өзгеріп тұратын вируспен байланысты. Сіз өз тұмауыңызды досыңызға және көп адамға жұқтырғанша, вирус әлемнің жартысын аралап шығып, мыңдаған адамға жұғып, пішінін өзгертеді. Әрбір инфекцияны жұқтырған адамның жұтқыншақ жасушаларында жаңа вирустар қалыптасып, кейде одан шығатын вирустар оған түскен вирустың пішініне қарағанда басқа болады.
Бір я болмаса екі жылдан кейін бұрын тура өзіңіз ауырғандай салқын тиіп ауырған адамды кездестіресіз. Егер ол қызылша немесе қызамық (ветрянка) вирусы болған болса, сіздің денеңіз оны есіне сақтап қалып, сол жерде өлтіретін еді. Бірақ салқынның вирусы сондай өзгеше болғандықтан, жауынгер-жасушалар оны өзінің «мәліметтерімен» салыстырғанда, мүлдем ажырата алмайды. Дайын тұрған антиденелер болмағандықтан, жауынгер-жасушаларға бәрін де қайтадан басынан бастауға тура келеді.