Мүшеқапты қолданып та , ауру жұқтыруға болады Егер сперматозоидтың ұзындығы он сантиметр деп елестетсеңіз, онда онымен салыстырғанда вирустың көлемі түйреуіштің басындай-ақ болар еді. Егер сперматозоид еркектен әйелге өте алатын болса, онда вирусқа не шара. Сондай-ақ, вирус кері бағытпен әйелден еркекке де өте алады. Мүшеқаптың мұқият қолданылғанына қарамастан ерлердің АҚТҚ-ны өз жұбайларына немесе әйелдердің оны күйеулеріне жұқтырғандары жайлы мәліметтердің көптеп кездесуі таңғалдыратын жағдай емес. Тіпті мүшеқаптан ұрық өтіп кетсе де, әйелдің жүкті болып қалмауы да мүмкін. Себебі әйел отыз күннің үш күнінде жүкті бола алады. Тіпті ұрықтануға дайын тұрған аналық жасуша бар болған күнде де, көптеген адамдарға нәрестенің пайда болуы үшін көп рет тырысуға тура келеді. Шын мәнінде жүз адамның бесеуі бұның нәтижесін ешқашан көре алмайды. Ал басқа бесеуіне нәрестенің пайда болуы үшін айлар, тіпті жылдар бойы қажымай тырысулары қажет болады. Орта есеппен алғанда бұл үшін әйел мен еркекке шамамен төрт ай уақыт керек.
Бірақ АҚТҚ-ны айдың кез келген күнінде жұқтыруға болады. Бұған серігіңізбен бір-ақ рет төсектес болудың өзі жетерлік.