«Жол айрығындағы жастар» стратегиясының компоненттері Мұғалім — Оқушы: оқу жылы бойы аптасына бір рет өткізілетін 30 сабақ.
Мұғалім — Ата-аналар: оқу материалында барлық нәрселер ашық айтыла бермейтіндіктен, біз сабақтарға ата-аналарды қатыстыруға тырысамыз. Әрбір сабақта ата-аналармен талқылануы тиіс материалдар беріледі. Бұл оларды өткізіліп жатқан сабақтардан хабардар етеді және балаларының мінез-құлықтарының қалыптасуы туралы қажетті мәліметтер береді.
Мектеп — мөлтек аудан: әрбір мектепте бағдарлама стратегиясы мен оның мақсаттарын және міндеттерін таныстыратын жиналыстар өткізіледі.
Оқушы — Оқушы: жасөспірімдер клубтарын ұйымдастыру. Қатысушылар өз мәселелерін талқылайды, бір-біріне кездестірген қиындықтары мен қол жеткізген жеке табыстары жайлы айтады.
«Жол айрығындағы жастар» атты жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге қолдау көрсететін Самара қалалық қоғамдық ұйымы