Патриотизм



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі61,53 Kb.
#118978
Байланысты:
Патриотизм
1-2021-31-000359719-2-1, 9-әдебиет ТЖБ1, 117339, 12. Оказание неотложной медицинской помощи при утоплении, 10, БӨЖ Шешендік, beineleu onerin ok tu adist. sill.2023, beineleu onerin ok tu adist. sill.2023


1
Патриотизм
Патриотизм (грек, patris - отан, атамекен) - өзінің жеке жəне топтық
мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет
етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең
сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мəселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың
қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше
өзектілікке, саяси мəнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мəселесі
жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық жəне жер
шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді
интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз
халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм
шынайы емес, ол ұлтшылдыққа жəне шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал,
ұлттық жəне ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген
интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен
құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына
салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына,
еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын
мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны
зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті
Н.Назарбаевтың: «Əрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты
тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне
алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары
да, келешегі де барлық адамға жақын əрі түсінікті болуы тиіс. Əрбір адам
бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені
сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі
іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты
ойдан бастау алатындай.
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып,
астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дəл бүгінгі шақта
көтеріліп отырған маңызды мəселелер қатарында жастарды патриоттық
сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын
отансүйгіштік, патриоттық рухта тəрбиелеудің орны бұрын да бөлекше
болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы
азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ


2
жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей
еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін
қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы
қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің
мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген
азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмəн тудырады. Ұлтының
патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де,
өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре
алатыны анық. Қазіргі тəуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу –
айырықша маңызға ие мəселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет