«Павлодар қаласының Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілінен
2-4 сыныптарға арналған бақылау
жұмыстарының өлшем бірліктері
Құрастырған қалалық шығармашылық тобы.
Павлодар қаласы, 2013 ж
Павлодар қаласының оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кульжигитова А.К., Аубакирова М.М., Каримова С.А. (№9 ЖОББГМ), Дүйсенбекова С.Т. (№21 ЖОББМ), Сагинова Д.С. (№5 ЖОББМ), Жакиянова Г.К. (№17 ЖОББСОБМ), Сыздықпаева Б.В. (№43 ЖОМ),Шарбанова Қ.Б. (№39 ИББЖОББМ), Садымова З.А. (№13 ЖОМ), Қапарова Н.Н. (№7 ЖОББББММ), Қонқаева Ә.Т. (№36 ЖОББББМ) авторлығымен әзірленген 2-4 сыныптарға арналған қазақ тілінен бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері.
Пікір
Жинақ оқу орыс тілінде жүретін оқушыларының білім сапасын жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін анықтап, білім сапасын салыстырмалы талдау мақсатында мұғалімдерге арнап құрастырылған.
Негізгі мақсаты – оқу орыс тілінде жүретін мектептердің оқуыларын қазақ тілінен алынатын ағымдағы бақылауға дайындау, өткен материалдарды олардың есіне түсіру.
Бақылау тестерді іріктеуде тілдік білімді танымдық тақырыптармен сабақтастырып беру, оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруға қажетті практикалық сипаттағы жұмыстарды орындатқызу көзделген, қабылдау қабілеттеріне сай келу жағы да ескерілген.
Жинаққа енген тест сұрақтары білім мазмұнына, оқушы меңгеруге тиіс білім деңгейлеріне сәйкес, сонымен бірге бірізділік, тест тапсырмаларының сұрақтары бірте-бірте күрделендіру шарты сақталған.
Құралды тәжірибеде қолдану оқушылардың білімі мен коммуникативті біліктілігін дамытуға ықпал етеді.
Түсініктеме
Оқу бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылған. Әр ая жеке бөлімдерге бөлінген:
1. Менің мектебім.
2. Менің күнделігім.Пәндер.
3. Демалыс.Өнер.Ұлттық мұра.
1. Менің елім-Қазақстан
2. Астана-таза қала.
3. Мерекелер.
4. Спорт.Менің сүйікті спортшым.
5. Зоопоркке саяхат.
Әлеуметтік -тұрмыстық ая:
1. Мен және менің отбасым.Отбасы мүшелерінің сүйікті істері.
2. Үйде не істеймін?
3. Менің сүйікті тағамым.
Білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін белгілеуде оқу жүктемесі 4-сынып оқушыларының жеке жас ерекшеліктерін ескерді. Тақырыптық тесттер оқушылардың әр бөлім бойынша алған білімдерін тексеруге көмектеседі.
Тест мақсаты:
- Оқушылардың теориялық және практикалық білім дәрежесін байқау.
- Оқушылардың стандартты толық меңгеру деңгейін бақылау.
- Тест арқылы грамматикадан және лексикадан өткен матералдарды қайталау.
Тест жүргізу – тілдік білімділікті тексеруге ең тиімді әрекеттердің бірі. Ол білімнің сапалық және сандық жағдайын нақтылы түрде көрсете алады. Тест арқылы өзі ізденеді, дұрыс жауабын табады. Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді, осылай білімі бекітіледі.Тест лексикалық, грамматикалық тапсырмалардан құрастырылған. Барлығы 10 сұрақтан және 5 нұсқалы жауаптан тұрады. Жауап кілті тестердің соңында берілген.
Тест 5-10 минут өткізіледі.
Тест жауаптарын бағалау:
90%-100%-«5»
80»-90%-«4»
50%-80»-«3»
50%- «2"
2 сынып
І. Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
1. Мен және менің отбасым.
Тест №2.1.1
1.Берілген сөйлемнің аудармасын тап.
«Моя семья большая и дружная.»
А) Менің отбасым өте тату. D) Менің отбасым үлкен және тату.
В) Сенің отбасың үлкен үйде тұрады. Е) Сенің отбасың ауылда тұрады.
С) Менің отбасым қалада тұрады.
2. Әкемнің әкесі маған кім болады?
А) аға D) іні
В) әже Е) ата
С) шеше
3. Мұғалім қайда жұмыс істейді?
А) ауруханада D) театрда
В) балабақшада Е) мектепте
С) дүкенде
4. Адамдарды кім емдейді?
А) ұшқыш D) сатушы
В) шахтер Е) дәрігер
С) аспаз
5. Аспаз не істейді?
А) оқушыларды оқытады D) ән айтады
В) тамақ пісіреді Е) адамдарды емдейді
С) азық-түлік сатады
6. Ұшқыш нені жүргізеді?
А) кемені D) пойызды
В) машинаны Е) зымыранды
С) ұшақты
7. Сатушы қайда жұмыс істейді?
А) емханада D) циркте
В) мұражайда Е) дүкенде
С) театрда
8. Берілген сөйлемді дұрыс жалғастыр
«Ұшқыш ...... жұмыс істейді.»
А) әуе компаниясында D) дәріханада
В) мектепте Е) ауруханада
С) дүкенде
9. Берілген сұраққа жауапбын дұрыс тап.
«Мынау кімнің дәптері?»
А) Әжеге D) Балаға
В) Атаммен Е) Маратқа
С) Оқушының
10. Сен сабақты қайда оқисың?
А) театрда D) үйде
В) циркте Е) далада
С) саябақта
2- сынып
І Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
2. Менің қазақ достарым
Тест № 2.1.2
1. Сөйлемді аяқта
Менің досым ...
А) сенімді D) зәулім
В) қанатты Е) шын
С) көрнекті
2. Мақалды аяқта
Доссыз адам – қанатсыз ...
А) өсімдік D) қасқыр
В) жануар Е) қоян
С) құс
3. Көктем айларын дұрыс тап
А) наурыз, сәуір, мамыр D) желтоқсан, қаңтар, ақпан
В) маусым, шілде, тамыз Е) мамыр, шілде, қазан
С) қыркүйек, қазан, қараша
4. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
А) күн аяз болады D) балалар шана, шаңғы тебеді
В) қалын қар жауады Е) адамдар шомылады, күнге күйеді
С) күн жылынады, қар ериді
5. Көктемде ең бірінші қандай гүл гүлдейді?
А) бәйшешек D) раушан
В) қызғалдақ Е) қалампыр
С) бақбақ
6. Балалар көктемде не істейді?
А) қарбөбек жасайды D) шомылады
В) шана, шаңғы тебеді Е) қармен ойнайды
С) далада көп ойнайды
7. Наурыз мейрамының басты тағамы қандай?
А) палау D) наурыз көже
В) кәтілет Е) борщ
С) картоп
8. Наурыз мерекесін қай айда тойлайды?
А) Қаңтарда D) Наурызда
В) Сәуірде Е) Қазанда
С) Маусымда
9. Реттік сан есімді анықта
А) тоғыз D) бесеу
В) жиырма бес Е) бір-бірден
С) он сегізінші
10. Наурызға кім келеді?
А) Аяз ата D) Мыстан кемпір
В) Ақшақар Е) Қызыл телпек
С) Қыдыр ата
І. Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
3. Менің киімім. Сырт киімдер. Дене мүшелері: бас, қол, аяқ.
Тест № 2.1.3
1. Сырт киімдерге не жатады?
А) көйлек, жейде D) қолғап
B) етік, бәтіңке E) құлақшын
C) күртеше, тон
2.Қыста адамдар қандай киім киеді?
А) көйлек,жейде D) белдемше, шалбар
B) бәтіңке, күртеше E) тон, қолғап
C) пальто, кепка
3. Қыс айлары қандай?
А) желтоқсан, қаңтар, ақпан D) қаңтар, шілде, қыркүйек
B) наурыз, сәуір, мамыр E) қыркүйек, қазан, қараша
C) маусым, шілде, тамыз
4. Аяққа не киеді?
А) құлақшын D) қолғап
B) тон E) жейде
C) етік
5.Киім дүкенінде не сатады?
А) қант, кәмпит, май D) көйлек, шалбар
B) кереует, орындық E) қонжық, текше
C) кітап, дәптер
6. Барыс септігінің жалғауы бар сөзді көрсет
А) дүкенге D) дүкеннен
B) дукен E) дүкенде
C) дүкеннің
7. Киімді неден тігеді?
А) темірден D) жапырақтан
B) матадан E) ағаштан
C) қағаздан
8. Сөйлемді аудар:
Мен киім дүкеніне бардым.
А) Я пошел в магазин игрушек. D) Я купил одежду.
B) Я ходил в продуктовый магазин. E) Я пошел в магазин одежды.
C) Мы купили в магазине одежду.
9. Жуан сөзді тап:
А) қолғап D) етік
B) бәтіңке E) көйлек
C) жейде
10. Басқа не киеді?
А) шалбар D) қолғап
B) құлақшын E) тон
C) етік
І. Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
4. Үй жануарлары: қой/қозы, сиыр/бұзау, жылқы/құлын. Менің күшігім/мысығым.
Тест № 2.1.4
1. Үй жануарларын көрсет
А) қасқыр, аю, тиын D) сиыр, жылқы, қой
В) сиыр, жолбарыс, түлкі Е) піл, маймыл, ешкі
С) арыстан, жылқы, қой
2. Сиыр адамға не береді?
А) сүт, қаймақ D) қияр, сәбіз
В) кәмпит, қант Е) су, қымыз
С) алма, алмұрт
3. Төрт түлікке не жатады?
А) түлкі, тиін, қоян, қасқыр D) мысық, ит, піл, жолбарыс
В) сиыр, жылқы, қой, түйе Е) сиыр, бұзау, қонжық, аю
С) тауық, маймыл, кірпі, қоян
4. Ит адамға қандай пайда келтіреді?
А) ет, сүт береді D) үй күзетеді
В) көлік болады Е) тышқан аулайды
С) қымыз береді
5. Мысық нені аулайды?
А) тышқанды D) ешкіні
В) қойды Е) итті
С) арыстанды
6. Жұмбақтың шешімін дұрыс тап:
Мұрты бар, сақалы жоқ.
Тоны бар, шапаны жоқ
А) ит D) ешкі
В) қой Е) жылқы
С) мысық
7. Сұраулы сөйлемді көрсет
А) Менің күшігім бар D) Сенің мысығың өте сүйкімді
В) Сенің күшігін бар ма Е) Әжем маған қара күшік сыйлады
С) Менің күшігім әдемі
8. Жіңішке сөзді дұрыс тап
А) жылқы D) ешкі
В) қой Е) сиыр
С) мысық
9. Сұраулы сөйлемді көрсет
А) Менің ақ мысығым бар D) Әжем сиыр сауды
В) Қандай әдемі күшік Е) Жазда ауылда тамаша
С) Сен ауылға қашан барасың
10. «Ертегі» сөзінің аудармасын тап
А) Сказка D) Стихотворение
В) Рассказ Е) Песня
С) Басня
І. Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
5. Менің сүйікті ісім.
Тест № 2.1.5
1. «Түстер» сөзінің аудармасын тап
А) цвета D) ягоды
В) овощи Е) продукты
С) фрукты
2. Балалар би үйірмесінде не істейді?
А) футбол ойнайды D) би билеп үйренеді
В) есеп шығарады Е) өлең айтады
С) сурет салады
3. Қай үйірмеде балалар ән айтып үйренеді?
А) би үйірмесінде D) ағылшын тілі үйірмесінде
В) сурет үйірмесінде Е) қазақ тілі үйірмесінде
С) ән-күй үйірмесінде
4. Мақалды дұрыс аяқта
Кітап – білім...
А) бұлағы D) қазынасы
В) өзені Е) мұхиты
С) теңізі
5. Қай сабақта оқушылар секіреді, жүгіреді?
А) математика сабағында D) ағылшын тілі сабағында
В) қазақ тілі сабағында Е) дене шынықтыру сабағында
С) дүниетану сабағында
6.Қазақ ұлттық ойынын дұрыс анықта.
А) шахмат D) қыз куу
В) дойбы Е) жасырыңбақ
С) құаласпақ
7. Шахмат ойыныңда неше адам ойнайды?
А) 1 D) 6
В) 2 Е) 9
С) 4
8. Мақалдың дұрыс аудармасын анықта.
Дене шынықтыру – денсаулық көзі
А) Физкультура – залог здоровья D) Движение - это жизнь
В) Спорт закаливает человека Е) Спортивный человек – красивый человек
С) Кто занимается спортом тот не болеет
9. Аспанның түсі қандай?
А) көгілдір D) қызыл
В) сары Е) қызғылт
С) жасыл
10. Қай сөз барыс септікте тұр?
А) мектепке D) тақтада
В) сыныпта Е) қалам
С) көшелер
І.Әлеуметтік –тұрмыстық ая.
6. Менің сүйікті ойыншығым.
Тест № 2.1.6
1. Ойыншықты көрсет:
А) кітап, қалам D) шұжық, қаймақ
В) тон, жейде Е) алма, анар
С) құыршақ, қонжық
2. Ойыншық дүкенінде не сатылады?
А) қалам, дәптер D) нан, сүт
В) жейде, тон Е) жүзім, алхоры
С) текше, доп
3. Жазда қандай өзгерістер болады?
А) күн суық болады D) ағаштың жапырақтары сарғаяды
В) қар жауады Е) құстар жылы жаққа ұшып кетеді
С) күн ыстық болады
4. Жазда балалар не істейді?
А) суға шомылады, күнге күйеді D) шана, шаңғы тебеді
В) шыршаны безендірезі Е) сары, қызыл жапырақ жинайды
С) қар лақтырып ойнайды
5. Жаз айлары қандай?
А) қыркүйек, қазан, қараша D) наурыз, сәуір, мамыр
В) желтоқсан, қаңтар, ақпан Е) қазан, қаңтар, шілде
С) маусым, шілде, тамыз
6. Қуыршақпен кімдер ойнайды?
А) ұлдар D) мұғалімдер
В) қыздар Е) сынып жетекшісі
С) ата-аналар
7. Доп қандай болады?
А) төртбұрышты D) сопақша
В) дөңгелек Е) тікбұрышты
С) үшбұрышты
8. Көптік жалғауы бар сөзді тап
А) мысық D) добым
В) ит Е) құыршағым
С) балалар
9. Екі буыннан тұратын сөзді тап
А) мемлекет D) қой
В) Қазақстан Е) ешкі
С) Астана
10. Жуан сөзді анықта
А) көктем D) дүкен
В) күз Е) үйірме
С) қуыршақ
ІІ Әлеуметтік-мәдени ая.
1. Менің демалыс күнім. Жүр «Думанға» барамыз.
Тест № 2.2.1
1. Сен қай Республикада тұрасың?
А) Қазақстан D) Түркістан
В) Ресей Е) Америка
С) Өзбекісан
2. Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Мәскеу D) Алматы
В) Астана Е) Қызылорда
С) Шымкент
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
А) орыс тілі D) қазақ тілі
В) неміс тілі Е) өзбек тілі
С) ағылшын тілі
4. Сен қай қалада тұрасың?
А) Павлодар D) Қызылорда
В) Астана Е) Ақтау
С) Алматы
5. Ауылда қандай жануарлар бар?
А) аю, түлкі, ешкі D) қоян, жолбарыс, керік
В) арыстан, піл, жылқы Е) құлын, лақ, қонжық
С) сиыр, жылқы, қой
6. «Думан» ойын сауық орталығында нелер бар?
А) дүкендер, театрлар D) сыныптар, кітапханалар
В) көшелер, үйлер Е) көлдер, өзендер
С) «Джунгли» антракционы, Океанариум
7. Саябақта нелер өседі?
А) ағаштар, гүлдер D) алхоры, шабдалы
В) жемістер, көкөністер Е) банан, апельсин
С) жидектер, егін
8. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді анықта.
А) мысық, ит D) гүлдер, өзен
В) мұғалім, аға Е) жылқы, қасқыр
С) ағаш, түлкі
9. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ә, ө, е D) а, о, ұ, ы
В) с, т, і, и Е) і, е, ү, ң
С) к, қ, т, ө
10. Берілген сөйлемнің аудармасын тап:
«Мой город большой, красивый.»
А) Менің қалам жаңа. D) Менің қалам үлкен, әдемі.
В) Сенің қалаң әдемі. Е) Оның қаласы өзеннің жағасында орналасқан.
С) Сіздің қалаңыз үлкен, әдемі.
ІІ Әлеуметтік-мәдени ая.
2. Менің көшем.
Тест № 2.2.2.
«Көшеде» сөзінің дұрыс аудармасын тап:
А) в школе D) дома
В) во дворе Е) на улице
С) в классе
2. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда сен не істейсін?
А) жүремін D) секіремін
В) тұрамын Е) ойнаймын
С) дайындаламын
3. Бағдаршам адамдарға қандай көмек көрсетеді?
А) адамдарға көшеден өтуді көмектеседі D) жол тәртібін көрсетеді
В) адамдарға жол көрсетеді Е) жарнама көрсетеді
С) адамдарға ережелер үйретеді
4. Қала көшесінде адамдарды қандай көлік тасиды?
А) кеме D) автобус
В) зымыран Е) тік ұшақ
С) ұшақ
5. Адамдар қайда тұрады?
А) үйде D) мектепте
В) дүкенде Е) мұражайда
С) театрда
6. Қонақты қай бөлмеде қабылдайды?
А) жатын бөлмеде D) балалар бөлмесінде
В) қонақ бөлмесінде Е) дәретханада
С) ас үйде
7. Жатын бөлмеде не істейді?
А) ұйықтайды D) жуынады
В) ойнайды Е) тамақ ішеді
С) сабаққа дайындалады
8. Балалар қай бөлмеде сабаққа дайындалады?
А) жатын бөлмесінде D) балалар бөлмесінде
В) қонақ бөлмесінде Е) ас үйде
С) демалыс бөлмесінде
9. Зат есімді дұрыс көрсет
А) ойынайды D) мектепте
В) қызыл Е) мен
С) бөлме
10. Көптік жалғауларды анықта
А) –лар; -лер; -дар; -дер; -тар; -тер D) –мын; -мін; -бын; -бін; -пін; -пін
В) –да; -де; -та; -те Е) –сы; -сі; -ы; -і.
С) –ңыз; -ңіз; -ыңыз; -іңіз
ІІ Әлеуметтік-мәдени ая.
3. Тазалық сақтайық.
Тест № 2.2.3
1. Сөйлемнің аудармасын дұрыс тап:
«Денсаулық – зор байлық»
А) здоровье – главное богатство В) Здоровье нужно беречь
С) Здоровье – залог удачи
D) Чтобы быть здоровым нужно заниматься спортом
Е) В здоровом теле – здоровый дух
2. Дене мүшелерін дұрыс анықта.
А) қалам, дәптер, кітап D) мектеп, сынып, мұражай
В) текше, қонжық, қоян Е) көше, көлік, бағдаршам
С) қол, аяқ, бас
3. Адам немен демалады?
А) көзбен D) шашпен
В) құлақпен Е) қолмен
С) мұрынмен
4. Адам немен жүреді?
А) аяғымен D) көзімен
В) қолмен Е) мұрнымен
С) басымен
5. Адам бетін, қолын немен жуады?
А) кәмпитпен D) сабынмен
В) қаламмен Е) құммен
С) қарындашпен
6. Мақалды дұрыс аяқта:
Ас атасы - ....
А) ботқа D) айран
В) кеспе Е) ет
С) нан
7. Асханада не істейді?
А) тамақ ішеді D) сурет салады
В) спортпен шұғылданады Е) ойнайды
С) есеп шығарады
8. Асханада асты кім әзірлейді?
А) мұғалім D) құрылысшы
В) дәрігер Е) оқушы
С) аспазшы
9. Жуан сөзді көрсет:
А) бағдаршам D) көктем
В) кереует Е) көше
С) көлік
10. Сөйлемнің аудармасын дұрыс тап:
«Я занимаюсь спортом»
А) Мен спортпен шұғылданамын D) Мен бүгін баскетбол ойнаймын
В) Мен футбол үйірмесіне барамын Е) Мен стадионға барамын
С) Менің сүйікті спортшым Серік Сапиев
ІІІ Оқу-еңбек аясы.
1. Апта күндері.
Тест № 2.3.1
1.Сен нешінші сыныпта оқисың?
А) 4 сыныпта D) 1 сыныпта
В) 3 сыныпта Е) 5 сыныпта
С) 2 сыныпта
2.Жазда оқушылар не істейді?
А) саяхатқа барады D) қызыл, сары жапырақтар жинайды
В) оқиды E) демалады, шомылады, күнге күйеді.
С) шаңғы тебеді
3. Бір аптада неше күн бар?
А) сегіз D) тоғыз
В) жеті Е) төрт
С) бес
4. Сен аптаның қай күнінде демаласың?
А) дүйсенбі D) жексенбі
В) сәрсенді Е) бейсенбі
С) сенбі
5. Бір тәулікте неше сағат бар?
А) он екі D) жиырма
В) жиырма үш Е) жиырма екі
С) жиырма төрт
6. Бір сағатта неше минут бар?
А) 60 D) 55
В) 61 Е) 69
С) 366
7.Сынып бөлмесінде нелер бар?
А) парта, тақта, бор D) нан, шұжық,шай
В) кереует, кресло Е) алма, қарбыз, қауын
С) машина, автобус
8. Кезекші не істейді?
А) есеп шығарады
В) шығарма жазады
С) кітап оқиды
D) тамақ пісіреді
Е) тақта сүртеді, гүл суарады
9. Бірінші қыркүйекте оқушылар қайда барады?
А) балабақшаға D) асханаға
В) мектепке Е) дүкенге
С) ауруханаға
10. Балалар мектепте не алады?
А) ойыншықтар D) жемістер, көкөністер
В) білім Е) киімдер
С) азық-түліктер
ІІІ Оқу-еңбек аясы.
2. Менің оқу-құрал жабдықтарым. Менің сөмкем.
Тест № 2.3.2
1. Оқу-құралдарына не жатады?
А) қалам, сызғыш, кітап D) алма, қарбыз, жүзім
B) тақта, бор, үстел E) қалам, орындық, алхоры
C) қайшы, шелек, гүл
2. Қаламмен не істейді?
А) тамақ ішеді D) жазады
B) қазады E) ән айтады
C) күреседі
3. Кітап не үшін керек?
А) жазу үшін D) тамақ ішу үшін
B) ойнау үшін E) сурет салу үшін
C) білім алу үшін
4. Қай сабақта оқушылар ән айтады?
А) математика сабағы D) ән-күй сабағы
B) дене тәрбиесі сабағы E) еңбек сабағы
C) орыс тілі сабағы
5. Қай сөзге тәуелдік жалғауы жалғанған?
А) дәптер D) дәптерім
B) дәптермен E) дәптерге
C) дәптерлер
6. Еңбек сабағына не әкеледі?
А) желім, түрлі-түсті қағаз D) доп, секіртпе
B) математика оқулығын, сызғыш E) сурет дәптері, бояу
C) жемістер, көкөністер
7. Қай сабақта оқушылар секіреді, жүгіреді?
А) сурет сабағында D) дене тәрбиесі сабағында
B) ән-күй сабағында E) математика сабағы
C) сурет сабағында
8. Берілген сөздің аудармасын тап
Пән
А) предмет D) ручка
B) урок E) карандаш
C) тетрадь
9. Үйге берілген тапсырмаларды оқушылар қайда жазып алады?
А) кітапқа D) қолға
B) сурет дәптеріне E) сөздікке
C) күнделікке
10. Оқу-құралдары не үшін керек?
А) ән айту үшін D) оқу үшін
B) ойнау үшін E) жүзу үшін
C) секіру үшін
ІІІ Оқу-еңбек аясы.
3. Дүкенге барамыз.
Тест № 2.3.3
1. Нан, сүт, май қай дүкенде сатылады?
А) азық-түлік дүкенінде D) кеңсе-тауарлар дүкенінде
В) киімдер дүкенінде Е) жемістер, көкөністер дүкенінде
С) ойыншықтар дүкенінде
2. Жемістерге не жатады?
А) қияр, қызанақ D) алма, алмұрт
В) шұжық, ірімшік Е) тон, етік
С) құлпынай, таңқурай
3. Жидектерді дұрыс анықта:
А) алма, шаблады D) картоп, таңқурай
В) сәбіз, пияз Е) өрік, қызанақ
С) қарақат, құлпынай
4. Сөздің аудармасын дұрыс тап:
«Овощи»
А) жидектер D) жемістер
В) көкөністер Е) көліктер
С) оқу құралдары
5. Күз айларын дұрыс тап:
А) желтоқсан, қаңтар, ақпан D) наурыз, сәуір, мамыр
В) қыркүйек, қазан, қараша Е) қаңтар, сәуір, тамыз
С) маусым, шілде, тамыз
6. Күз өзгерістерін анықта:
А) күн суытады, қар жауады
В) қар ериді, құстар ұшып келеді
С) күн салқындайды, ағаш жапырақтары сарғаяды
D) күн ыстық болады, балалар шомылады
Е) жаңбыр жауады, күн ыстық болады
7. Күзде адамдар не істейді?
А) жемістер, көкөністер егеді D) наурыз мейрамына дайындалады
В) қар тазалайды Е) шырша орнатады, безендіреді
С) жемістер, көкөністер жинайды
8. Көптік жалғауы жалғанған сөзді тап:
А) алмұрттар D) базарға
В) шабдалым Е) дүкенге
С) қияр
9. Жуан сөздерді дұрыс тап:
А) алма, алхоры D) картоп, өрік
В) шие, қарбыз Е) жүзім, гүл
С) сәбіз, қауын
Достарыңызбен бөлісу: |