Тақырыбы: Баланың жас кезеңдері. Баланың қалыпты психофизикалық дамуы.
Н.П.Гундобин классификациясы
А. Құрсақтық кезең
1.эмбриондық даму фазасы (0 ден 3 айға дейін)
2.плаценттік даму фазасы(3 айдан туғанға дейін)
Б. Құрсақтан тыс кезең
1. нәрестелік кезең (0 ден 28 күнге дейін)
2. еметін жас кезең ( 28 күннең 12 айға дейін)
3. ерте мектепке дейінгі кезең (1 жастан 3 жасқа дейін)
4. мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін)
5. кіші мектептік кезең ( 7 жастан 11 жасқа дейін)
6. Ересек мектептік кезең (11 жастан 20 жасқа дейін)
Балалардың ай сайынғы даму көрсеткіштері:
1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды. Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа 600 г; бой ұзындығы — 3 см ұзарады, бас айналымы— 1-1,5 см
Қозғалысы шұғыл, бір — бірімен байланыспаған. Туа пайда болған рефлекстері жақсы жетілген. Вертикальды қалыпта бірнеше секунд басын ұстайды. Қол жетімді заттарды оқыс және рефлекторлы түрде ұстайды