Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу;
4) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және он сегіз жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу;
7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
8) балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;