Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті



Дата21.07.2017
өлшемі23,03 Kb.
#21479
Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Майқайың кенті

1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пән мұғалімі Жумабаева Айман Амановна

Динамика мен кинематика тақырыбын қайталау.

Сабақтың түрі:Сабақ-жәрмеңке.

Мақсаты:Өткен тақырыптарды еске түсіріп,қайталап,қорытындылау. Оқушылардың еске түсіру қабілетін дамыту,ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.

Алдымен классты 3 топқа бөлемін.Әр топтың аудиторларын белгілеп алдым.Аудитор-аукциондық қоғамның немесе банкінің балансын

жарыққа шығырар алдында тексеру жүргізетін жауапты қызметкер.
1."Көкпар" додасы.

"Көкпар тарту" дегеніміз не екенін бәрің білетін боларсыңдыр.Кім сұраққа жүйрік жауып берсе,сол топ бәйге алады деген сөз.

1)Ньютонның 1 заңы қалай аталады?

2)Бүкіл әлемдәк тартылыс заңы.

3)Ньютонның 2 заңы.
2. "Бәйге" сайысы.

Бұл ойынға 3 топтан 3 айналымға 9 оқушы қатысуы керек.Егер алдыңғы айналымда оқушы есебін шығара алмаса,келесі айналымға бұл топтан оқушы қатыстырылмайды.



1 топ.1) Автомобиль -0,4м/с² қозғалып келе жатып,өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20м/с-қа дейін арттырады?

2) 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 10 г жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің істейтін жұмысы қандай болады?

3)Массасы 50 г,30м/с жылдамдықпен атылған жебенің қозғала бастаған уақытынан 2 с өткендегі потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергия мәндері қандай болады.
2 топ.1)Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигателдің тарту күші 90 кН болса,ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады?

2)Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?

3)Массасы 260 кг штангіші 2 м биіктікте бір қалыпты көтерген ауыр

атлет қандай жұмыс атқарған?



3 топ.1)Массасы 300 г,4 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соғылғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

2)5м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 10 кг дененің инпульсін табыңдар.

3)Горизонталь жолда жатқан массасы 20 кг денеге,1Н күш әсер етеді. Осы күштің әсерінен дене 30 с-та қандай кашықтықта болады?
3.Бұйымдар жәрмеңкесі.

Бұйымның сатылу шарты:Әр бұйым 3 бөліктен тұрады,әр бөліктің келесі бетінде есептер бар.Осы есепті 7 мин-та шығарып,бұйымды құрастырса,бұйымды сатып алған болып есептеледі.(әр түрлі қағазбен жасалған есептер).
4.Аукцион

Сатып алу шарты:Әр топ өз қабілетіне қарай есепті шығарады.

Мұғалімнің балғасы 3-рет соғылғанша есепті шығарып болуы керек. (есептің шарты мұғалімде).Сабақты қорытындылау:Әр топ аудиторы қолдарыңдағы бар ұпайды есептеп,ойларын ортаға салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет