Павлодар облысында ауылшаруашылық кооперативті құруды түсіндіру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат Мемлекет басшысының жолдауында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



Дата17.06.2018
өлшемі31,05 Kb.
Павлодар облысында ауылшаруашылық кооперативті құруды түсіндіру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Мемлекет басшысының жолдауында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында Павлодар облысында ағымдағы жылғы 1 ақпан айынан бастап 10 ақпанға дейін ауылшаруашылық кооперацияларының негіздері, ауылшаруашылық кооперативтерін мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі құрамды сарапшылардың тобын құрды:


  • Оспанов Марлен Олжабайұлы – ҚР АШМ АӨК-дегі МИК-нің астық инспекциясы басқармасының бас сарапшысы;

  • Төлегенов Баташ Әбілқасымұлы – Шығыс Қазақстан облысының ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері;

  • Ықыласова Сайра Жарылқапқызы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар филиалының директоры;

  • Шұғаев Марат Рашитұлы – Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Сараптау тобымен облыстың 12 аудандары (Павлодар, Лебяжі, Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Успен, Екібастұз, Баянауыл, Май, Ақсу, Качир, Железин) қамтылған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Алпысұлы Дюзденбаевтың төрағалығымен өткен аудан әкімдерімен бірге болған видеоконференцбайланыс режіміндегі селекторлық кеңес өтті. Кеңесті өткізу барысында ауылшаруашылық кооперативтерді құру, кооперативтерді мемлекеттік қолдаудың түрлері туралы, қаржыландыру шаралары, кооператив қатысушылары үшін артықшылықтар мәселелері, сондай-ақ ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Келесі күні (2017 жылғы 2 ақпан) коммуникациялардың өңірлік қызметінде БАҚ өкілдерінің (телевидение – Хабар, 24KZ хабар, Қазақстан Павлодар, Ирбис, радио – Қазақ радиосы, Халық радиосы, сайттар – Палодар NEWS, Павлодар онлайн, БАҚ KZ, Ұлт KZ, газеттер – Сарыарқа Самалы, звезда Прииртышья, Обозрение недели, Наша жизнь) қатысуымен брифинг өтті.

Министрліктің баспасөз қызметі өкілінің, Қазақстан-Павлодар телевидениясының қатысуымен Павлодар ауданының «Черноярка» АӨК-не баспасөз туры (пресс-тур) жүргізілді. «Черноярка» АӨК-нің құрамына көкөністерді өндіру және дайындаумен айналысатын 86 мүшелер кіреді.

Ауылшаруашылық кооперациялардың негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу барысында келесі мәселелер мен ұсыныстар туындады:

- ауылшаруашылық кооперативті ашу үшін заң түрінде 3-тен кем емес құрушылар болу қажет, неліктен субсидияларды төлеу бойынша өлшемдерде 20-дан кем емес АӨК мүшесі талап етіледі. ҚР «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заңында сияқты жасау ұсынысы;

- кепілмен қиыншылықтар (өтімсіз мүліктер: бұрынғы үйлер, техникалар, нашар тұқымды мал, жер жоқ және басқалар);

- 3 жасқа дейінгі малды сатып алуға несиелер бойынша жеңілдікті кезең ұзартылсын;

- АӨК және кооператив мүшелері үшін салық салудың қандай түрлері қарастырылған;

- ауылшаруашылық кооперативі үшін жерлер қалай беріледі (жерді алудың проблемасы, жерді пайдаланудың негізгі жоспары жоқ және басқалар). АӨК үшін мал жаюға, азықтарды дайындау және басқалары үшін жер учаскілерін беруді қарастыру туралы ұсыныс;

- өнімді өткізу нарығының жоқтығы, алыпсатарлар арзан бағаға сатып алады, базарларда бағаларды жасанды төмендетеді. Жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімін кепілді өткізу үшін етті-сүтті қайта өңдеуші кешендерін, көкөніс қоймаларын аудандық деңгейде салу ұсынысы;

- базаны, астық қоймаларын, құрылыстар және басқаларды салуды субсидиялау;

- ара өсіру бойынша субсидияларды қарастыру;

- ауылшаруашылық өнімін сату бойынша біртұтас сайт құру ұсынысы (өніміплодовоовощной продукций, ет, сүт және басқалар).



Павлодар облысы бойынша тұтастай алғанда ауылшаруашылық кооперациясын құруда халықтың белсенді қатысуы байқалады. Ағымдағы жылғы 13 ақпан жағдайы бойынша 51 ауылшаруашылық кооперациясы құрылды, оның ішінде 2016 жылы – 42, ағымдағы жылы – 9 АӨК.


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу