Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімі


Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер



бет21/46
Дата06.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#78614
түріКнига
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде барлығы 14 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 9 мұғалім жоғары санатты, бірінші санатты 4 мұғалім, санатсыз 1 мұғалім. Бірлестік мұғалімдері өз істеріне тындырымды, аса зор жауапкершілікпен қарайды.
Әдістеме бірлестігінде жыл бойы 7 отырыс өтті. Әр отырыста арнайы тақырып бойынша жұмыс жүргізілді, күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде сұрақтар қаралып, талқыға салынып, өз шешуін тауып отырды. Жыл бойы мектепішілік, қала, облыс, республика көлемінде болып жатқан іс-шараларға, семинарларға, әр түрлі оқуларға, ғылыми конференцияларға ат салысып отырды. Мұғалімдер өздерінің біліктіліктерін де жетілдіріп, үзіліссіз қарқынды жұмыс атқаруда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Идрисова Ж.Т.,Түсіпбекова К.Қ Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған мазмұны бойынша курсын өтті.
Білім сапасын арттыру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс - тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнін де әр түрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу абзал.
Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педогогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығы мен білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да сапасы да өсіп келеді.
Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер инновациялық жаңа педогогикалық технологияларды көптеп қолданып өз сабақтарында тиімді пайдаланады және әріптестерімен үнемі кеңесіп, ақылдасып, мәселе туындаса бірлесе шешіп отырады.
«Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші мектепте дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты «Ана тілі- құламайтын бәйтерек» атты тіл онкүндігі болып өтті. Аталмыш іс-шараның алға қойған мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету болатын. Апталық барысында оқушылар өздерінің қазақ тіліне деген жанашырлықтарын көрсетіп қана қоймай, жан-жақты дарынды қасиеттерін айқындап берді.
Дәстүр бойынша жыл сайын 2- 11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиада тапсырмалары және өткізілу тәртібі талапқа сай жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Қазақ тілінің оқытылу жағдайына келетін болсақ, осы оқу жылында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен мектепте өтілген педагогикалық және әдістемелік кеңестерде ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салып отырды, атап айтсам, 2015-2016 оқу жылындағы ӘБ отырысында А.Қ.Макеева «Абайтану» пәнін оқытудың мақсат, міндеттері мен ерекшеліктері туралы баяндама оқыса, бірлестік мүшесі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Идрисова Қ.Ш. әдістемелік бірлестік отырысында «Ақпараттық технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану тиімділігі» баяндамасымен таныстырып , қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны тиімді қолдану жолдарымен әріптестерін таныстырып өтті. Сонымен қатар берілген тақырып бойынша Макеева А.Қ., Идрисова Қ.Ш. қала деңгейінде ашық сабақ берді. ӘБ жетекшісі Байғұлова Г.С. «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық құзыреттілікті дамыту жолдары» атты тақырыбы бойынша мектепшілік педкеңесте тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Байғұлова Г.С. ІІІ деңгейлік базалық курс бітірген мұғалімдер арасындағы қалалық шығармашылық топта «Қазақ тілі сабақтарында критериалды бағалаудың тиімділігі» атты тақырып бойынша коучинг –семинар өткізіп, әдістемелік құрал дайындады. Сембина М.С, Идрисова Қ.Ш, А.Қ. Макеева « Электрондық оқулық» атты облыстық шығармашылық тобына қатысып, әдістемелік құралын дайындады. Топ жетекшісі Идрисова К.Ш. Сонымен қатар Идрисова Ж.Т, Түсіпбекова К.Қ « Қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі» атты қалалық шығармашылық топ мүшелері. Интерактивті сабақ сайысына Токтарова С. Н., Байгулова Г.С, Рушанова А.Т. өз сабақ үлгілерін жіберді. Нәтижесінде Токтарова С. Н., Байгулова Г.С сертификаттың иегерлері. Халықаралық инфоурок сайтына Тоқтарова С.Н., Байғұлова Г.С. өз еңбектерін: мақала, сабақ жоспары, презентацияларын жіберіп, сертификаттарға ие болды. Республикалық КИО мұғалімдер арасындағы олимпиадасына Байғұлова Г.С. қатысып, сертификатқа ие болды.
Мектебімізде өзге ұлт ұстаздары да әр аптаның 2 күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренем деген және аудармалардан өзге ұлт өкілдері ұстаздарына мұғалімдер тарапынан көмек көрсетіледі. «Тіл-достықтың құралы» атты қалалық мұғалімдер арасындағы сайысында Потетюрина Е.М өз шығармашылық қабілетін көрсетіп, дипломға ие болды. Сайысқа дайындаған мұғалім Рушанова А.Т. «Абай оқулары» мұғалімдер арасында өткізілге сайысқа А.Т.Рушанова бастауыш сынып мұғалімі Курченконы дайындаған нәтижесі- бағалы сыйлықтың иегері. Тек қана өзге ұлт мұғалімдері ғана іс-шараларға, сайыстарға қатысып қоймай, сонымен бірге оқушылар да ат салысады. «Қалижан оқулары» қалалық сайысына Поспелов А 7-ші сынып оқушысы (дайындаған мұғалім Қ,Қ.Шакимова), «Абай оқулары» қалалық сайысына Горбунов Даниил 9 б сынып (дайындаған мұғалім Қ.С.Усенова) қатысты , «Әй, жарайсын! » оқушылар арасында өтетін сайысқа Идрисова Қ.Ш мен Сакижанова А.О дайындады.
Әдістемелік бірлестікте мұғалімдердің жұмыстарын әдістемелік сайттарға, журналдарға жариялап, көптеген ұстаздар қауымына тамшыдай болса да көмек беру ісі де жолға қойылған. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің жауапкершілікпен жұмыс жасап жатқанын білдіреді.
Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде жоспарлары іс-шаралар іске асырылуда. Мектептің іс жүргізу негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кітабы, педагогикалық хаттамалар, ғылыми-әдістемелік кеңестердің, директор жанындағы отырысы т.б. талапқа сай екі тілде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп және ұжым мұғалімдері мемлекттік тілде газет –журналдарға да жазылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет