Пба-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері үшін жабдыққа қандай талаптар қойылады?


Зертханада ПБА-мен жұмыс істеудің негізгі талаптарын (ережелерін) сипаттаңыз? Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет



бет17/23
Дата12.12.2023
өлшемі132,26 Kb.
#196558
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Қауіпсіздіктің-www.emirsaba.org
Тест Математика 6 сынып , ТЖБ ҚАЗАҚ ТІЛІ, Презентация «Ішкі аурулар пропедевтикасы»-www.emirsaba.org

Зертханада ПБА-мен жұмыс істеудің негізгі талаптарын (ережелерін) сипаттаңыз? Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет:

  • зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болуы тиіс;


  • жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын жерінде жеңіл тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады;


  • тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және патогендік микрофлораны анықтау жүргізіледі;


  • жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық бокстардың, серологиялық және жедел зерттеулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған кілемшелер төселеді;


  • патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштармен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.


    Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.


    Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 4 типті қорғаныш костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін, сондай-ақ ПТР қоюға арналған үй-жайларда 4 типті қорғаныш костюмі (мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғап, қалпақ немесе орамал, халат немесе пижама) пайдаланылады.
    Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді;
      1. патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия жүргізіледі;


      2. патогендігі І-ІІ топтың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;


      3. күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың көбеюіне тексеру жүргізіледі;


      4. зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында дезинфекцияланады;


      5. жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1% формалин ерітіндісінде 12- 18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;


      6. жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-жайларда (инсектарийде) шарбақтарда немесе банкілерде ұсталады. Инсектарийді толықтыру үшін ауланған бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде ұсталады;


      7. буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе өртеледі. Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы дезинфекцияланады;


      8. жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет