Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі – мұғалім. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет.
Іс-әрекет субъект – субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілетін педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашықта ғана айқындалады.
Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс- әрекет дәрежесі І (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес. ІІ (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті. ІІІ (орташа) локальді модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу- танымдық іс- әрекетке бірітіндеп енгізу); орташа продуктивті. ІV (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша орқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті. V (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс- әрекеттері мен мінез- құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеу, өзін- өзі оқыту, өзін- өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.
Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері:
түсіндіру;
көрсету (иллюстрация);
оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;
оқушы тәжірибесі;
тренингтер
Педагогикалық іс- әрекет нәтижесі
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оны тұлға ретінде, іс- әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.