14. Мұғалімнің іс-әрекеті - сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе: A) Дәстүрлі. B) Педоцентрлік. C) Қазіргі заманғы. D) Авторитарлық. E) Демократиялық.
15. Нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылар-дың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі: A) Оқыту. B) Тәрбие. C) Білім беру. D) Тану. E) Сабақ беру. 16. Тану, тәжірибе және жаттығулар негізінде мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болу немесе ескілердің өзгеру процесі: A) Сабақ беру.B) Оқу. C) Оқыту. D) Білім беру. E) Өзіндік білім алу.
17. Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту: A) Іскерлік. B) Білім. C) Дағды. D) Тәжірбие. E) Білім беру. 18. Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы: A) Білім. B) Іскерлік. C) Дағды. D) Тәжірбие. E) Білім беру.