Ұйымдастырушылық қызметі сабақ үрдісінде және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің өзіндік дербес жұмыстарын басқаруды қарастырады.
Лекцияның мазмұнын дайындау
Ең жақсы лекция әркез дайын лекция. Дегенмен, лекцияның оқытудың күрделі түрі екенін әрдайым естен шығармаған жөн.
Оқытушының лекцияны оқуда ажырамастай байланысқан әртекті рөлдерге:
Жоғары оқу орындарында оқылатын лекцияға жоғары талаптар қойылады. Ол тыңдаушылардың ой әрекетін ынталандырушы, тәрбиелеуші және дамытушы, ақпаратты болуы тиіс.
Лекцияға дайындалу барысындағы жұмыс бірнеше сатыдан тұрады.
Лекцияны дайындаудың бірінші сатысында:
мақсаттар көзделеді;
аталмыш лекцияның тақырып пен бөлім құрылымындағы орны анықталады;
студенттер дайындығының деңгейі байқалады;
теориялық және деректі ақпарат талданады.
Мәселенің қазіргі заманғы ғылымдағы күйі, дидактикалық қиындықтардың кездесу ықтималдығы, оқулықтар мен оқу құралдарының жарамдылығы т.б. талданады. Қайсібір оқу материалының оқу құралдарындағы бар–жоқтығына қарай пәннің нақты бөліміндеріне арналған уақыттың өлшемі анықталады, студенттердің өздік жұмысы жоспарланады.
Аталмыш сатының ақпараттары лекторда жазбалар түрінде (арнайы үлестірмелерде) сақталып, өзіндік бір «ақпараттар қорын» құрайды.
Осы сатыда лекцияның мазмұнына, оның теориялық және деректі ақпаратына басты назар аударылады, себебі кез келген жақсы лекция мазмұнды болып келеді.
Лекция мазмұнын құрастыру ерекшеліктерінің ішінде: оның ғылымилығын, түсініктілігін және қызықтылығын атап көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |