Оқытушылармен жұмыс
Психологиялық лекторий-бұл жұмыс бастылығына орай жаңа психологиялық әдебиеттерді оқуға және терең талдауға жеткілікті уақыт бөле алмайтын оқытушылар үшін өте пайдалы психологиялық ағартудың түрі болып табылады.
Соған қарамастан, оқытушылар мұндай лекцияларды өзекті емес, өз кәсіби іс-әрекетіне қатысы жоқ немесе қатысы шамалы деп ынтасыз қатысады.
Сондықтан да проблемді лекторий оқытушыларға да пайдалы саналады. Ол жарты жылға, бір жылға арнап жасалады, құрамына теориялық және тәжірибелік сабақтарды қамтиды. Сондай-ақ, сабақты бастауыш және орта мектеп оқытушыларына бөлек жүргізу қажет.
Лекторий мынадай тақырыптарда болуы мүмкін:
жас өспірімдік кезеңде кездесетін қиындықтар (сексология, нашақорлық, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің қатысуымен);
кіші мектеп жасында кездесетін қиындықтар;
оқытушының қарым-қатынас мәдениетін жоғарылату.
Қазіргі кезде әртүрлі тренингтер мен рөлдік ойындар көбейіп танымал болып кетті. Бұлар оқытушылармен жүргізетін тиімді жұмыс түрі, бастысы – асыра сілтемеу, бұл жұмыс түрін жалғыз (единственный вид) деп есептемеу керек. Оқытушыларға арналған тренингтерді дайындау мен жүргізуге байланысты әдістемелік материалдарды Н.В.Самоукина мен С.В. Кривцованың т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Сондай-ақ, жаңа психологиялық әдебиетті шолу, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар сияқты жұмыстарды да жоққа шығармау керек.
Оқушылармен жүргізілетін ағарту жұмысы
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс әртүрлі факультативтер, лекциядар, психологиялық тақырыбтағы кештер, ТКС (тапқырлар әрі көңілділер сайысы), ғылыми-практикалық конференциялар, қабырға баспасы т.б. қамтиды..
Бекітілген сұрақтарды оқып шығып, келіскен жауабыңызды дөңгелектеп белгілеп шығыңыз.
Сұрақнама.
Бұлттар мен жұлдыздарды бақылағанды ұнатамын.
Жиі іштей өлең айтып жүремін.
Ыңғайсыз сәнді (мода, киім) мойындамаймын.
Саунаға барғанды ұнатамын.
Автокөлікте мен үшін ең маңыздысы оның – түсі.
Бөлмеге кімнің кіргенін аяқ басысынан білемін.
Диалектіге еліктеу менің ызамды келтіреді.
Өзімнің сырт келбетіме көп уақыт жұмсаймын.
Массажды жаным сүйеді.
Бос уақытымда адамдарға сырттай қарап отырғанды ұнатамын.
Іс-қимылмен (движение) қанағаттанбасам, өзімді нашар сезінемін.
Көрмеден (витрина) өйлек көрсем, оның денемде жақсы тұратынын білемін.
Ескі әуенді естісем болды, есіме бұрыңғы кез қайта оралады.
Тамақтану кезінде жиі оқимын.
Телефонмен жиі сөйлесемін.
Толықтыққа бейіммін.
Өзім оқығаннан гөрі, біреудің оқып бергенін ұнатамын.
Ауыр (нашар) күннен кейін менің ағзам (организм) күштену үстінде (напряжение) болады.
Суретке бар ниетіммен және жиі түсіремін.
Таныстарым мен жолдастарымның маған айтқандарын ұзақ уақытқа дейін есімде ұстаймын.
Гүлге ақшамды жеңіл жұмсаймын, өйткені олар өмірді көркейтеді.
Кешке ыстық ванна қабылдағанды ұнатамын.
Өзімнің жеке жұмыстарымды жазып жүргенді қалаймын.
Өз өзіммен жиі сөйлесемін.
Машинамен ұзақ уақыт жүргеннен кейін өз өзіме көпке дейін келе алмаймын.
Дауыс тембрі адам жайлы көп нәрсені білдіреді.
Адамдарды киіну мәнеріне қарай жиі бағалаймын.
Созылғанды, аяқ-қолымды кергенді, жаттыққанды ұнатамын.
Өте қатты немесе жұмсақ төсек мен үшін азап (мука, бейнет).
Жайлы аяқ киім табу мен үшін өте қиын.
Киноға барғанды өте жақсы көремін.
Қайсыбір кезде көрген адам жүзін жылдар өте келе де танып жатамын.
Жауын астында, жаңбыр тамшылары тырс-тырс етіп тиіп жатқанда жүргенді ұнатамын.
Маған айтылғанды тыңдай білемін.
Би билеп, бос уақытымда спортпен немесе гимнастикамен айналысқанды ұнатамын.
Жанымда оятар сағат тықылдап тұрса, ұйықтай алмаймын.
Менің стереоаппаратурам жаман емес.
Әуенді естіген кезде, тактты аяғыммен қайтара ұрып отырамын .
Демалған сәттерде сәулет (архитектура), ескерткіштерді қарағанды ұнатпаймын.
Тәртіпсіздікке шыдамаймын.
Синтетикалық маталарды ұнатпаймын.
Бөлмедегі ахуал жарыққа байланысты деп ойлаймын.
Концерттерге жиі барамын.
Қолды қыса білудің өзі маған сол тұлға туралы көп нәрсені білдіреді.
Галерея мен көрмелерге жиі барамын.
Шынайы пікір-талас – бұл жанды баурап алатын іс.
Сөзбен салыстырғанда, жанасу арқылы көп нәрсені айтуға болады.
Шулы жерде зейінімді бөле алмаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |