«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет60/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Тесттің шешімі:
А типі – 1 5 8 10 12 14 19 21 23 27 31 32 39 40 42 45
В типі - 3 4 9 11 16 18 22 25 28 29 30 35 38 41 44 47
С типі - 2 6 7 13 15 17 20 24 26 33 34 36 37 43 46 48


Интерпретация
Қай бағанда дөңгелектер көп екенін анықтаңыз, бұл сіздің қабылдауыңыздың басты типі болып саналады.
А типі – көрумен, бейнелер мен қиялмен байланысты сөздерді жиі пайдаланады. Мәселен, «мұны көрмедім», «бұл әрине, істің барлығын түсіндіреді», «әдемі ерекшелікті байқадым».
А типіне сөзге қарағанда суреттер, бейнелі суреттемелер, фотосуреттер көп нәрсені баяндайды. Бұл типке жататын адамдар көзбен көруге болатын нәрселерді тез арада есте сақтайды: түс, түрі, сызықтар, үйлесімділіктер және тәртіпсіздік.
В типі (сезіну). Бұл жерде басқа сөздер мен анықтамалар жүреді. Мәселен, «мұны түсінбеймін», «үйдегі ахуал адам төзгісіз», «оның айтқан сөздері мені қатты баурады», «сыйлық маған жылы жаңбырға ұқсағандай болды».
Мұндай адамдардың сөздері мен әсерлері ең алдымен жанасу, сезгіштік (интуиция), жорамалға қатысты келеді. Олардың сөздерінде өздерін іштей қайғыру қызықтырады.
С типі. «Айтқаныңды түсінбей тұрмын», «бұл маған белгілі», «мұндай қатты әуенді жаным сүймейді», міне, осы сияқты сөздер осы типтегі адамдарға тән келеді.
Олар үшін дыбыстар,сөз, әуен, шу эффектілері сияқты барлық акустикалық заттар аса маңызды келеді..


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар:

    1. Оқытушылармен,ата-аналармен жүргізілетін семинар, дөңгелек стол ұйымдастырудың жоспары мен толық мәтінін құрастыру.

    2. Ғылыми-танымал лекцияның тезисін құрастырыңыз.

    3. Танымал адамдар өмірінен 5-6 сұрақты қамтитын тарихи мәліметтерді жинақтаңыз.

ХҮІ. Психология пәні оқытушысының қызметі
және кәсіби дайындығы


Психология пәні оқытушысы
іс-әрекеттерінің түрлері
Психология пәні оқытушысы-әрекеттің үш түрін орындайды: оқытушы, ғылыми-әдістемелік, зерттеуші.
Оқытушы (дидактикалық) іс-әрекет студенттердің ғылыми түсініктері мен ғылым әдістері жүйесін меңгерулеріне бағытталады.
Осы мақсатты қамтамасыз ету үшін оқытушы үлкен дайындық жұмысын жүргізеді:

  • оқу-әдістемелік әдебиеттермен танысады (оқу жоспары, курс бағдарламасы, Мемлекеттік білім стандартымен, оқулықтар, осы курсқа арналған әдістемелік құралдармен т.б.);

  • оқу курсын бөлінген сағатқа сәйкес жоспарлап, күнтізбелік жоспарын құрастыру;

  • лекцияның, практика және семинар сабақтарының, студенттердің есеп беруі мен өздік жұмысын жоспарлау мен дайындауды жүзеге асыру. Барлық құрылым бірліктерін қамтитын толық жоспар құру. Міне, осы кезде ғана оқытушы материалына толық объект ретінде бағдарлана (сүйене) алады;

  • сабақ конспектілерін дайындау. Бұл жерде оқу материалы сұрыпталады, теориялық жағдайлар мен суреттік мысалдар бөліп алынады, олардан мәтін де алшақ қойылып асты сызылады. Сондай-ақ, оқу үшін ұсынатын жаңа терминдер, ғалымдардың аттары мен олардың еңбектерін ескерген жөн. Әртүрлі оқу жағдайлары, өздік жұмысқа арнап берілетін тапсырмалар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі ойластырылады. Содан соң дайын мәтінді оқытушыға сәйкес сарында дұрыстап оқу керек, тіпті қажет болса, қайталап түсіндіріп айтып шығу да керек.

  • Оқылған лекциядан соң (әрбір тапсырмадан соң) рефлексивті талдау жүргізген орынды (сәттіліктер мен кемшіліктерді белгілеу).

Оқытушының ғылыми-әдістемелік іс-әрекетінің мақсаты – оқыту әдістерін және оларды жетілдіру әдістерін меңгеру.
Оған:

  • әдістемелік әдебиеттерді іздеу және өңдеу, пәнді жүргізу әдістемесі аймағындағы жаңа бағыттармен (инновация) танысу;

  • қызметтестерінің тәжірибелерімен танысу;

  • өз тәжірибесін жинау және жалпылау, өзінің әдістемелік табыстарын құру .

Оқытушының зерттеушілік іс-әрекеті - сабақ жүргізумен қатар, таңдаған тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуден тұрады немесе докторлық диссертацияның, әлде оның ғылыми қызығушылықтарының да тақырыптары болуы мүмкін. Бұл жұмыс түрі жоғары оқу орнының оқытушысы үшін міндетті.
Оқытушының ғылыми іс-әрекеті оның кәсіби және тұлғалық өсуіне жағдай жасап, ғылыми қабілеттерін бекіте түседі, тұлғаның өзін өзектендіруін қамтамасыз ете отырып, білім беру деңгейін жоғарылата түседі.
Осы іс-әрекеттің үш түрі өзара байланысты, бірақ әрқайсысының даму дәрежесі әртүрлі және оқытушының даралығына қатысты келеді.
Сабақ жүргізу үшін ең жақсысы тұлғаның орнын толтырушы (компенсаторлық) мүмкіндіктерін ескере отырып, іс-әрекеттердің осы үш түрінің үйлесімділігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет