Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Заңды-психологиялық экспертиза



бет20/24
Дата22.01.2017
өлшемі3,76 Mb.
#7595
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

3.Заңды-психологиялық экспертиза

Заңды-психологиялық экспертиза заң мүшелері қойған негізде жүргізіледі. Экспертизаны шешуде заң өндірісінде пайда болған сұрақтардың негізінде шешіледі. Заңды-психологиялық экспертиза алдын-ала тексеру кезеңінде, сонымен қатар сот процессінде жүргізіледі. Қажетті жағдайда стационарды, сырттай (іс материалы бойынша) , сонымен қатар өнім экспертизалар жүргізіледі.

Заңды-психологиялық экспертиза жан-жақты психологиялық зерттеу әдістерін таңдау экспертизаның алдына қойған мәселелер сипатымен анықталады.

Заңды-психологиялық экспертизаны жүргізу зерттеу әдістері туралы арнайы психологиялық білімі бар экспертке беріледі. Жұмыстың нәтижесі заңды-психологиялық экспертизаны қортыныдылау түрінде бекітіледі (немесе ант). Экспертиза қорытындысы кірісіпе, зерттеу қорытындысын суреттеу және олардың жауаптарын талқылау түрінде болуы керек.

Кіріспеде экспертизаны өткізу уақыты мен орны көрсетіледі. Эксперттің аты-жөні, оның іске қатынасы, іске қысқаша шолу көрсетіліп өтеді. Ары қарай экспертизада қолданылған ақпарат көздері бекітіледі. Істің материалдарын зерттеу, клиникалық-психологиялық және эксперименталды-психологиялық зерттеу жүргізу. бұл бөлімі процессте маңызды мағынаға ие, сондықтан экспертизаның қорытындысы экспертиза түріне сай зерттеу әдістері жүргізілсе. Осыған байланысьы экспертизаны өткізу кезінде қолданылған зерттеу әдістері әрдайым бекітіліп отырады.

Зерттеу қорытындысын мазмұндауды психобиографиялық зерттеулерден бастаған жөн. Олар экспертиза сұрақтарын шешуге тікелеу қатысты.

Зерттеу қорытындыларын талықлау және экспертизаның алдына қойылған сұрақтардың жауабын сараптау, осы экспертизаның ерекшеліктеріне сай бірігуі мүмкін. Бірақ айтып өтетін жайт, қорытындыны талқылау мақсатқабағытталған, экспертизаның алдына қойылған сұрақтарға жауаптарды дайындау тәртібіне сай жүргізілуі тиіс. Жауаптарда сараптау табиғи, заңды түрде жүруі тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Топтың әлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау қалай жүзеге асады?

2. Іскерлік ойындарды проектілеу қалай жүреді?

3. Заңдық – психологиялық экспертиза дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


29 Дәріс.

Тақырып: Психологиядағы белсенді әдістер.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау.

2.Психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу.

3.Аутоген жаттығуларын жүргізу.

4.Алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия әдісін жүргізу.

Мақсаты:Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау, психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу, аутоген жаттығуларын жүргізу, алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия әдісін жүргізу.

Дәрістің мазмұны

1.Ерлі зайыптылармен, ата аналармен, балалармен ақыл кеңестік жұмыс жасау психологтың практикалық іс әрекетінің бір бағыты болып табылады. Кеңесшінің ерлі зайыптылармен жұмыс жасауының схемасы:

1.Әйелі мен ерінің некені сақтауға деген мотивін анықтау.

2.Туындаған жанұялық ситуацияды ерлі зайыптылардың әрқайсысына толықтай ашылуына мүмкіндік беру.

3.Некелік жұбайларға бір біріне деген оң терапевтикалық ұстаным жасау.

4.Ерлі зайыптылар қарым қатынасының негізгі сипатын және неке тарихын зерттеу.

5.Әйелі мен күйеуінің жағымды және теріс мінез сипаты туралы көрініс жасау.

6.Әйелі мен күйеуінің түсінісе білуге және аяушылыққа деген қабілетін анықтау.

7.Ерлі зайыптылардың келіспеушілігін тудыратын факторлар туралы ақпарат алу.

8.Ерлі зайыптылардың өзара әрекеті және өзара қарым қатынасының моделін зерттеу.

9.Ерлі зайыптыладың жыныстық өмірі жөнінде көрініс алу.

10.Әйелі мен күйеуіне ақыл кеңес беру процесінде барлық зейіндерін өздерінің қарым қатынасының қазіргісі мен болашағына шоғырландыру керектігін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты. «Некедегі рөлдік күтім және притязание». Бұл әдістемені А.Н.Волкова ұсынған және ерлі зайыптылармен практикалық жұмыс жасау бағдарламасына кіреді.

Құрал жабдық. 36 карточкадан тұратын екі жинақ. Әрбір карточкаға пікір жазылып, номер қойылады. Төрт карточка классификатордан тұратын екі жинақта келесі жазулар бар: «Толықтай келісемін», «Жалпы бұл дұрыс», «Бұл дәл осылай емес», «Бұл дұрыс емес».

Жұмыстың барысы. Ерлі зайыптларға өз жынысына сәйкес келетін баған бойынша келісімдер жиынтығымен өз бетінше танысу ұсынылады, онда мынадай нұсқау берілген: «Құрметті жолдас! Сіздерге ұсынылған карточкаларда жанұя, неке, әйел мен күйеуі арасындағы қатынас туралы келісімдер жазылған. Алдарыңызда варианттары көрсетілген төрт карточка жатыр: «Толықтай келісемін», «Жалпы бұл дұрыс», «Бұл дәл осылай емес», «Бұл дұрыс емес» Әрбір келісімді мұқият оқи отырып, барлық карточкалары жауаптың төрт варианты бойынша бөліп көрсетіңіз. Егер сіз келісімді толықтай бекітсеңіз, оны «Толықтай келісемін» карточкасының тұсына қойыңыз. Егер келісім дұрыс бірақ толықтырулар енгізу керек деп шешсеңіз «Жалпы бұл дұрыс» карточкасының тұсына қойыңыз т.с.с. Карточкаларды келісімдермен төрт топқа бөле отырып, сіз өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіруге тырысыңыз. Психологиялық зерттеуге қатысқаныңызға көп рахмет».

Тапсырманы орындағаннан кейні консультанат ерлі зайыптылардың жауаптарын кеңестік зерттеудің хаттамасына тіркейді: «Толықтай келісемін»тобына жатқызылғаны 3 балл, «Жалпы бұл дұрыс»2 балл, «Бұл дәл осылай емес»1 балл, «Бұл дұрыс емес»0 балл қойылады.


2.Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу

Ақыл кеңес беру кезінде психолог маманның әңгімесі адамның қандай да бір өмірлік ситуацияны шешудегі негізгі тәсілінің бірі болып табылады. Әңгіме әдісінің тиімділігі оның ұйымдастырылу іскерлігіне және оның диагностикалық, терапевтикалық, профилактикалық сипатқа ие болуымен байланысты.

Сабақтың мақсаты:

Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу дағдысын жасау. Тапсырма рөлдік ойын түрінде өткізіледі.

Құрал жабдық: Видеомагнитофон

Жұмыс барысы. Жұмыс видеожазба жазуға мүмкіндік болатын аудиторияда өткізіледі. Тапсырманы орындауға 10-12 адам қатысады.Оның құрамынан «кеңесші психолог» рөліне адам және «психологиялық кеңес беруге көмекті қажет ететін»адамның рөліне адам таңдалады. Сеанстың жүру барысында психолог рөліне пікіріне топтың кем дегенде жартысы ден қоятын адамды таңдау керек. Одан әрі қатысушылардың әрқайсысы осы рөлде болып көруі керек.

Мысалы, келесі мазмұндағы рөлдік ойын ұсынылады: «Пихолог кеңесіне бала тәрбиесінде проблема туындаған әйел адам келді».

«Психологқа» тапсырма: «Сіз көмек сұрай келген әйелмен әңгіме жүргізуіңіз керек. Әңгіме барысында жағдайды терең түсініп, осы ситуацияны тудырып отырған маңызды объективті және субъективті факторларды анықтау керек. Мәселені шешуге негізделген ұсыныстар беріп, қиыншылықта жеңуге болатындығы туралы үміт сезімін тудыру керек».

«Әйелге» тапсырма: «Сіз пихолог кеңесшіге балаңыздың мінез құлқы мазалағандықтан келдіңіз. Соңғы кездерде ол өзін нашар ұстайтын болды, әсіресе қоғамдық орындарда. Сіз психологқа бұл туралы дәлірек айтасыз. Бірақ сіздің саналы түрдегі мазасыздығыңыздың себебі: а) сіздің айналадағылардың пікіріне аурушаң сезімталдығыңыз; б) ештеңеге қарамастан идеалды «ана» болуға деген қалауыңыз; в) балаңызбен дау жанжалға түсуден қорқу; г) күйеуіңізбен қатынаста қиындықтардың болуынан қорқу; д) балаңыздың өз өзін ұстауы сіздің қызмет репутациясын бұза ма деген қауіп; е) балаңыздың өз өзін ұстауы күйеуіңіздің қызмет репутациясын бұза ма деген қауіп т.б.» «Әйелге» берілетін жоғарыдағы нұсқаулар психолог болмаған жерде берілуі керек.

«Сарапшыларға» нұсқау: «Әңгіме барысын мұқият бақылап, бақылау хаттамасын жүргізіп, онда «психологтың» әңгіме жүргізуге қолайлы жағдай тудыруға мүмкіндік жасаған немесе кедергі болған вербальды және вербальды емес, жеке әрекет пен тәсілдерді, әқгімеге жасалған психологиялық климат, ситуацияны түсінуі, проблеманың туындауының шын себебін анықтау, ұсынысты орындау кезінде проблеманы жетістікті түрде шешуге мүмкіндік туғызу тіркеледі».

Рөлдік ойынның бір сеансының ұзақтығы 15 минут болуы керек.

Психологқа сұрақ:

Кеңес сұрай келген әйелдің мәселесінің мәні неде?

Әңгімелесу барысында қандай қиыншылықтарға кездестірдіңіз?

Әңгімелесу барысында қиыншылықты шешуге немесе одан құтылу үшін сіз не істедіңіз?

Сіздің берген ұсыныстарыңыз «әйелге» айтарлықтай көмектесетініне сенімдісіз бе?

Әйелге қойылатын сұрақтар:

Сізді «психологтың» жақсы түсініп отырғанын сезіндіңіз бе?

Әңгіме кезінде сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

«Психологтың» өз өзін ұстауында, сөйлеуінде сөздің толық ашылуыңызға кедергі болған жағдай болды ма?

Сізге берліген ұсыныстардың сізге көмектесетініне сенімдісіз бе?

Алынған жауаптарға сәйкесті «психолог» және «әйел» тарапынан алынған субъективті бағалаудың айырмашылығы немесе сәйкестігі қысқаша түйінделеді.

Одан әрі «сарапшылар» дискуссиясында «психологтың» вербальды және вербальды емес мінез құлқында әңгіменің қолайлы психикалық климатын тудыруға мүмкіндік жасағаны немес кедергі келтіргенін, жағдайды талдау, мәселенің туындауына себеп болған ақиқат себептері, психологиялық ұсыныстардың әрекетшілдігіне деген сенгімділігін қалыптастыру және оны жүзеге асыруға деген қалауы талданады.

«Эксперттер» сонымен қатар «психологтың» қосымша мәлімет алу, түсініктеме жасау, партнердің қалауын нақты түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтерді алу; партнердің қызығушылығы мен айтылған ойларын өз сөзімен бере алуға қабілетті, партнердің күйін бақылауды мазмұндау, шындыққа және анықтыққа қол жеткізу мақсатында партнердің айтқандарын интерпретациялауды игеруін бағалауы керек.

Сондай ақ «эксперттер» «психологтың» берген ұсынымдарын талдап, оның негізделгені бағалануы керек.

«Экспеттер» қорытындысында келесідей сұрақтар бойынша жекелеген түйіндемеле құрылып бір жүйеге келтірілуі керек : кеңес беру әңгімесі мақсатына жетті ме? әңгіме қалай өтті? «психолог» қандай қателіктер жіберді? әңгіме өткізуде қандай жеке қателіктер көрінді? әңгіме өткізудің қандай тәсілдері тиімдірек болды?



3.Оқу техникасын жаттықтыру

«Іштей» мәтінді оқу іскерлігі оқыған нәрсені мәнге келтіру және қабылдау дағдысының жиынтығынан құрылады. Көру қабылдауының дағдысы көп жағдайда оқудың жалпы нәтижелілігін анықтайды. Оқу техникасын жетілдіру оқу темпін арттыруға және өнімді оқу тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты. Оқу жылдамдығын арттыру мақсатында кейбір жаттығуларға үйрету.

Құрал жабдықтар. Оқудың мәрелік жылдамдығын өлшеу үшін әдетте газттік мәтіндер қолданылады.

Жұмыс барысы. Тапсырманы қалыпты оқу аудиториясында немесе үйде өткізуге болады.

Тапсырманың басында оқу жылдамдығын міндетті түрде өлшеу керек. Одан әрі қарай жаттығулар жүргізіледі.


1 Жаттығу

Жаттығудың міндеті мәтінді тігінен оқуға үйрену. Жаттығу үшін газеттік мәтін ұсынылады. Газеттің бағанасының ортасы бойынша түсті қарындашпен тік линия жүргізіледі. Қолмен жүргізіліп отырған кезде көзқарастың толқынды жылжуына қол жеткізу үшін мәтін бірнеше қайтара оқылады.

Жаттығудың ережесі:

Газеттік бағаныны өз алдыңызға қойып, көрстекішті алыңыз;

Көрсеткішті жоғары жолдың ортасына қойыңыз;

Көрсеткішті бағананың орталығы бойынша тепе тең жүргізіңіз;

Біздің көзқарасымыз көрсеткіштен екі үш жолға жоғары тепе тең жүріп отыруы керек;

Алдыңызға оқу мақсатын қоймаңыз, біздің көзқарасымыз мәтін бойынша қозғалған көрсеткіштің соңынан «жүзіп» отырсын;

Көрсеткіш пен көзқарастың қозғалысы тепе тең болуы керек, қозғалысты қандай себеп болмасын тоқтатпаңыз;

Көзқарысыңыздың жан жаққа бағытталуына мүмкіндік бермеңіз;

Мәтін бойынша көрсеткіш пен көзқарасыңыздың келісімді қозғалысы болғанға дейін жаттығуды тоқтатпаңыз. Мәтінмен жұмыс көзіңіз сөздер мен үзінділерді қабылдай бастағанда тоқтатылады. Тек сөздерді және үзінділерді айта алу ғана есептеледі де, мағынасына мән берілмейді.

4.Алкоголизм кезіндегі топтық психотерапия әдістемесі

Психотерапия психологиялық тәсілдерді емдеу мақсатында қолдануға бағытталған сала ретінде психоневрологиялық, жалпысоматикалық, наркологиялық бағытта қолданылады. Психологиялық емдеу тәсілі ретінде алуын түрлі әдістемелік тәсілдер, мимика, сөйлеу, эмоционалдылық, мотивация, мінез құлықтың көріністер, үйренушілік, тұлғараралық қарым қатынастар және т.б. қолданылады. Топтық психотерапия кезінде кешенді психологиялық емдеу тәсілі ретінде осы шағын топқа арналып құрыған мақсатқа бағыталған тұлғараралық қарым қатынастың динамикасы алынады. Қазіргі таңда ТП алуан түрлі ауруларды емдеуде соның ішінде алкоголизмді емдеуде де қолданылады.

Алкоголизм адамның патологиялық еліктеуінің арнайы түрі ретінде анықталатын және алкогольды жиі қолданылатын тұлғаларда туындайтын наркомандық тәуелділіктің бір формасы болып табылады. Солай бола тұрса да алкогольге еліктеушілік тікелей бақылаудан және сыртқы әсер етуден алуан түрлі психологиялық қорғаныс арқылы олар, проекция, теріске шығару, жалған рационализация арқылы жасырын түрде болады. Сондықтан алкогольге еліктеуді психотерапиялық түзету науқастардың қажеттіліктеріне ықпал ету долымен де жүзеге асуы керек. Когнитивті деңгейде бұл анозогнозияны жеңу (өз ауруына адекватты емес қарау); өзіндік сана деңгейінде өзін өзі бағалауға, өзін құрметтеуді қалпына келтіруге ықпал жасау; эмоционалды деңгейде аффективті түзілістерді басу; мотивациялық деңгейде алкогольге алтернативті мотивтерді жасау және бекіту; мінез құлық деңгейінде өмір стилін өзгерту, қатынас бұзылысын түзету, пациенттің әлеуметтік ортасына әрекет ету.

Сабақтың маұсаты. Алкоголизммен ауыратын науқастармен оларда анозогнозияны жеңуге және дұрыс өмір салтын қалыптастыруға бағытталған топтық психотерапия жүргізу.
Әдістеме
ТП ұйымдастыру. Психотерапиялық сеанстар осыған арнайы дайындалған кабинеттерде және белгілі бір уақытта, ұзақтығы алдын ала белгіленіп, 1,5 сағаттан аспайтындай етіп өткізілуі керек. Тек қорытынды кезеңінде ғана сеанс ұзақтығы алты сағат созылуы мүмкін. Наркологиялық стационар жағжайында ТП аптасына 4-5 реттен ал, амбулаторлық жағдайда аптасына екі рет өткізіледі.

Топқа науқастарды таңдау. ТП тұлғалық деградациясы болмаған, алкоголизм интеллектуалдық және моралдық этикалық деңгейінің төмендеуінен көрінетін науқстарға арналған. Топқа жасы кәрі адамдарды(елуден жоғары) және асоциалды өмір сүретін адамдарды енгізудің қажеті жоқ. Сондай ақ гетерогендік принципін де сақтау керек: онда алкоголизмнің алуан ағымымен, әртүрлі жастағы, әлеуметтік жағдайы және білім деңгейі әртүрлі, тоғыз он екі адамнан тұратын топ болуы керек. Топ жабық болуы керек.

Науқастарды ТП ға қатысуға дайындау дезинтоксикация және алкоголдық абстинетті синдромның өткенінен кейін жеке әңгімелесу түрінде психодиагностикалық зерттеу түрінде өтеді. Науқастарда топта жұмыс жасауға мотивация тудыру қажет, Психотерапевт бірінші сабақта ТП міндеті туралы толықтай баяндайды, ТПның басқа емдеу түрлерінен айырмашылығын науқастан тұлғалық позициясының талап етілетінін баса айтып өтеді.

Процедура. Психотерапия топ мүшелрімен танысудан басталады:науқастар өз өмірбаянының мағызды сәттерін ескере отырып, мінезінің ерекшеліктерін, қызығушылық шеңберін, бағдарлы құндылықтарын, өздерінің басқа адамдармен қарым қатынасын кірістіре отырып өзі туралы айтуы керек. Осы периодта науқастардың бір бірінің мәселесіне қызығушылық тудыруына көп мін беріледі. Психотерапевттен айтылғандарды, эмоционалды қатынасты, вербальды емес мінез құлықты тиісті интерпретациялап, олардық арасындағы байланыстырушы болу талап етіледі. Науқастардың «шерін тарқату» ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін: бастапқыда науқастар қысымшылдық және ұялшақтық сезімінде болып, монолог 5-7 мин. Созылады, одан әрі шер тарқату 30 мин. да көпке созылуы мүмкін. Егер науқастардың айтқандары эмоционалды бояуға қанық әрі одан әрі талдауға маңызды ақпарат көп болса, онда психотерапевт олардың сөзін бөлмейді, маңызды емес тақырыпқа ауысқан кезде олардың сөзін бөліп, өзгелерден мұндай әңгіменің қаншалықты маңызды болатындығын шешуге ұсынады.

Өмірбаянға бағдарланған тапсырмалармен қатар тақырыптық дискуссиялар жүргізіледі. Дискуссия барысында науқастың алкоголизм туралы айтқылары келгені, оның симптомдары, патогенезі, емдеу әдістері туралы сөз қозғалады. Қосымша психотерапиялық тәсіл ретінде алкогольге еліктеумен байланысты жетекші мотивациясы және анозогнозияның көрінісі айқын бейнеленетін «Мен және менің ауруым» тақырыбында сурет салу ұсынылады.

Егер психотерапия амбулаторияда өткізілетін болса, науқастарға өз жанұясымен, таныстарымен өзара әрекет жасап, соңынан топтағы дағдыларын қолдана отырып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға мүмкіндік болады.

ТП ның қорытынды стадиясында ұзақтығы алдыңғыларға қарағанда айтарлықтай көп болатын интеракционды бағдарланған екі немесе үш сеанс өткізіледі. Талқылау материалы болатын топтағы тұлғаарарлық қарым қатынас динамикасы. Біруақытта науқастардың бойында ремиссияның бірінші айында болатын қарым қатынас қиындықтарын жеңе білетін дағдыны қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Психотерапиялық әсерді күшейтуге және ТП процесін белсендендіру үшін психотерапевт сабақты қосымша жаттығулардан бастауына болады; сензитивтілік тренингтің элементтері (бір біріне сезімінің вербальды емес көрінуі, пантомимика арқылы өз өзін көрсету, қозғалыс ойындары т.б.). Психотерапевттің рөлі ол интерпретатор және топта болып жатырған процестің комментаторы.

Топтағы жұмыс қорытынды жасаумен аяқталады: науқастар жасалған психотерапиядан алынған қанағаттану деңгейін айтады, және ережеге сай, жақын арадаға болашағына жоспар құрады. Емдеу аяқталған соң әрбір науқасқа жекелік жұмыстар жасалуына көңіл бөлу қажет.

Психотерапевттің бұл этаптағы мақсаты орындалды деп айтуға болады егер науқастың бойында мыналар қалыптасқан болса: а) өз ауруы туралы адекватты көрініс; б) алкогольды қолдануға қайта оралу мүмкін емес, жалғыз ғана альтернатива өз өзіне ұстамды бола білу туралы сана қалыптасса; в) сау күйдің мотивациясы әрбір науқастың жекелік тұлғалық алкогольге деген ұстамдылығы, мотивтердің қалыптасуы, алкоголды қолданумен сәйкес келмеуі саналы түрде қалыптасса.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау қалай жүреді?

2.Психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу қалай жүзеге асады?

3.Аутоген жаттығуларын жүргізу техникасын түсіндір.

4.Алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия әдісін жүргізу немен сипатталады?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


30 Дәріс.

Тақырып: Психолог жұмысының ережесі мен этникалық принциптері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Психологтың міндеттері мен құқықтары.

2.Психолог қызметін ұйымдастыру.

3.Психолог қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны.

Мақсаты: Психологтың міндеттері мен құқықтары, психолог қызметін ұйымдастыру, психолог қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны жөніндегі білімдерді түсіндіру.

Дәрістің мазмұны

Психолог жұмысының ережесі мен этникалық принциптері.

1. Психолог өмірдегі ғылыми, әлеуметтік, өндірістік сұрақтарға шешімді белсенді түрде қабылдай білу керек.

1.1. Өндірістік еңбек психологиясының қаражатын және өнім сапаларын жоғарылатуға, материалдық, энергетикалық, жұмыс күштеріне жұмсалған уақытты азайту және қаражатты төмендету.

1.2. Психологиялық әдістерге әлеуметтік, технологиялық және басқа жаңалықтарды еңгізуге көмектесу.

1.3. Мамандарды психологиялық профориентация ,профконсультация, профотбора, профобучения және психопрофилактикалық жолмен дайындықтарын жақсарту.

1.4. Психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, тұрақсыз кадрларды азайтуға, қол жеткізуге,ұжым тұрақтылығын қалыптастыруға халық меграциясын реттеуге міндетті.

1.5. адамдардың әлеуметтік өмірлері мен еңбек белсенділіктерін арттыру.Психологиялық реабилитацияны қажет ететіндерге жалпы және жеке өмірлік мәселелер мен кәсіби сұрақтар бойынша психологиялық кеңес беру.

1.6. Жұмысшылар мен мамандардың психологиялық оптимизациясының негізінде қоршаған ортаны, жабдықтарды, технологиялық процестерді өз еңбектерімен қанағаттандыруға қол жеткізуге ұмтылу.

1.7. Әлеуметтік психологияның көмегімен әлеуметтік , ғылыми және жаңа техниканы болжау.

1.8. Теория мен әдістемені дамыта отырып, психология ғылымын қамтамасыз ету

1.9. Этникалық принципті,ережені және заңдылықтарды өзінің іс-әрекетінде басшылыққа алу.

2.Психолог психологиялық ғылымда әдістерді қолдануға құқылы.

2.1. Психологиялық қасиет туралы жасырын ақпарат алуға, адамдардың ерекшеліктері мен жағдайлары туралы ақпарат алуға құқылы.

2.2. Жұмысшылар мен арнайы мамандардың оптимальды әрекеттері бойынша және жұмыс орындары бойынша оларды бөлу туралы ақпарат жинақтау.

2.3. Комиссия жұмысшыларына нұсқауларды, заңдылықтарды талқылауға және келісімге келуге қатысуға құқылы.

2.4. Болған оқиғаның себептерін, қақтығыстарды тексеруге қатысу секілді оқиғаларды және іс-жүргізу қорытындылары бойынша комиссия мүшелеріне

баяндауға құқылы

2.5. Толық жетілген тәрбиелеу, оқыту әдістерін практика жүзінде жұмыстарда қолдануға құқы лы.

2.6. Қабылдау бөлімінің, комиссия мүшелерінің жұмыстарына қатысуға

2.7. Эксплуантациялық сипттармен жабдықтауға , технология процестерін, қоршаған ортамен жұмыс орталықтарын оқытуға және жағдайларды өзгертуге құқылы

2.8. Өз жұмыстарының материалдарын индивидуальды психологиялық кеңес беру процесі ретінде, өндірістерде, мектептерде, емдеу бөлімдерінде қолдануға оларды конференцияларда, сьезде және басылымдарда хабарлауға құқылы.

2. Психолог қызметін ұйымдастыру

3. Психолог қызметінің обьектілері мен субьектілері

3.1. Психолог тың орнына мемлекеттік дипломы бар, арнайы психологиялық білімі бар адам ғылыми-зерттеу, оқыту, өндірістік, емделу, кооперативті немесе басқа да ұйымдарды ұсынады

3.2. Мемлекеттік немесе кооперативті немесе жеке өзі тапсырыс беруші ретінде психологқа психолог иялық спаттама жөнінде кеңес береді, психолог жұмысының ережелері , принциптері мен танысады және олармен келісімге келеді

3.3. Зерттелушінің орнына психологиялық зерттеу обьектісі ғылыми, өндірістік, әлеуметтік қызығушылықтармен келіседі.

3.4. Психолог зерттеулерінің теориялық, әдістемелік, эксперименталды материал қорытындылары шығады.

4. Психологиялық қызметтегі субьективті- обьективті қарым-қатынас

4.1. Психолог тапсырыс берушіден тапсырмалар алып, зерттеу барысында өзара келісім түрінде техникалық тапсырмалар құрады, психолог міндеттерін тапсырыс алушылар мен зерттелушілерді , олардың өзара біріккен міндетті әрекеттері бөледі.

4. Психологиялық қызметтегі субьективті-обьективті қарым-қатынас.

4.1. Психолог тапсырыс берушіден тапсырмалар алып, зерттеу барысында өзара келісім түрінде техникалық тапшылар мен зерттеушілерді, олардың өзара біріккен міндетті әрекеттерді бөледі.

4.2.Психолог психологиялық қызметтің теориялық концепциясының адекватты тапсырмаларын таңдайды, жұмыс әдістерін, нақты зерттеу әдістерімен зерттелушімен жүргізілетін жұмыстарды таңдайды.

4.3. Психолог зерттелушімен тікелей әңгіме барысында анкета, интервью, тест,электрофизикалық зерттеу т.б. немесе жанама түрде биографиялық, бақылау әдісі арқылы жұмысты жүзеге асырады.

4.4. Психолог зерттелушінің жеке өміріне әсер ететіндей материалдар өңдеп, оларға қорытынды шығарып, алынған мәлімет жөнінде жақсы білетін ұжыммен талқылайды, қорытындылар жазып, факторлады аяқтайды.

4.5. Психолог тапсырыс берушіге өзінің қортындыларымен, ұсыныстарын, зерттелушіге қатысты тапсырыс берушінің сұрағына жауап береді.Зерттеу құжаты жазбаша түрінде жүреді.

4.6. Тапсырыс беруші зерттелушіге психологияның кеңесі бойынша мынадай түрде; психокоррекция, психологиялық –педагогикалық оқыту, административті түрде ықпал жасау, зерттелуші жұмысындағы эргономикалық және инженерно-психологиялық факторладың ерекшелігін өзгертеді, еңбек қызметінің талаптарын іске асырады.



3) Психолог қызметінің принциптері мен мазмұны.

Психолог қызметінің этикасы жалпы адамдық мораль мен құқықтық құндылықтарға негізделеді. Тұлғаның еркін және жан-жақты дамуымен, оның сыйластығы, адамдарға жақындауы,әділдікті қалыптастыру, қоғамның дамуы психолог қызметімен анықталады. Психолог қызметінің этникалық принциптері мен ережелері,талаптарын қалыптастырады, ондайда оның қызметіндегі адамгершілік, профессионализм,жұмыстағы адамдарға деген сыйластық сақталады немесе жойылады.

5. Зерттелушіге зарар келтірмейтін принциптер мен психологтан жұмысын ұйымдастыруды талап етеді. Қорытындылары мен процестері зерттелушінің әлеуметтік жағдайына, денсаулығына ешқандай зарар келмеуін талап етеді. Осы принциптерді орындауда психологтың зерттелушімен де,тапсырыс берушіменде жақсы қарым –қатынас орнатуды талап етеді.

5.1. Психолог пен зерттелушінің өзара түсіністік ережелері. Психолог жеке тұлғаның адамгершілігін құрметтеуден, құқығы мен бостандығын сыйлауы керек. Психолог зерттелушімен зерттелушінің келісімінен кейін, оның зерттеу мақсатын хабарлағаннан кейін, әдістерді қолдану мен алынған ақпаратты пайдалану тәсілдерінен кейін жұмысын жүргізеді.

5.2. Зерттелушіге қолданған әдістердің қауіпсіздігі туралы ережелер. Психолог мынадай зерттеу әдістерін қолданады; зерттелуінің зерттеу қорытындысында еш жалғандық болмау керек, денсаулығына зиян келтірмеу керек, психологиялық қасиеттері мен ерешеліктері жөнінде мағлұмат бермейді. Нақты психологиялық зерттеуде ұйғарылған тапсырмалар деген қарым қатынас болмайды.

5.3. Зерттелушіге байланысты тапсырыс берушінің дұрыс емес қызметін ескерту ережелері. Психолог өз ұсыныстарын құрастырады, сақтауда қолдануды және зерттеу қорытындыларын ұйымдастыруда мынадай жағдайда жарияланады, олады тапсырмалардан тыс қолдануға , психологпен тапсырыс берушінің арасындағы келісімге келуіне тыйым салу және зерттелушінің жағдайын төмендетуі мүмкін. Психолог зерттелушіге тапсырыс беруші туралы ақпарат береді және оны тек зерттелушімен келісімге келгеннен кейін ғана.

6. Психологтың компенттетілік принципінде психологтан профессиональды игерген сұрақтарын шешуді,және практикалық әдістермен жұмыста алатын және психокоррекциялық немесе басқа да әрекеттерді талап етеді. Принциптерді орындау ереже бойынша орындалады.

6.1. Психолог пен тапсырыс берушінің бірігіп жұмыс жасау ережесі. Психолог тапсырыс берушілердің сұрақтары бойынша қазіргі психология ғылымының шынайы мүмкіндіктері туралы хабар беру тиіс және психологялық материалдар мен әдістерді қолдана отырып тапсырыс берушінің өзімен бірге қатысуы туралы келісім алу керек.

6.2. Психолог пен зерттелушінің профессиональды қарым қатынас жасау ережесі. Психолог психодиагностикалық әңгіме, бақылау әдістерін игеру керек, бір жағынан берілген тапсырмаларды максимальды эффективті шешу керек, екінші жағынан зерттелушінің сезім эмапатиясы мен сенімін қолдану керек.

7. Психологтың конфитденциальды іс-әрекет принципі мынаны біледі, психлогтың зерттелушімен бірге жұмыс жасай отырып материалдар жинақтайды. Принцип мынадай жағдайларда орындалады, егер психолог пен тапсырыс беруші арасындағы психологиялық ақпрат алмасу ережелерімен сәйкес келсе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет