Оперативті есте сақтау - арнайы операцияларды орындауға керек арнайы уақытқа белгілі бір мәліметтерді есте сақтау. Мысалы, қандай да болмасын тапсырманы шешу процесінде нәтижені алуға мәліметтер мен операциялар есте сақталады.
Ес процестері. Есте сақтау негізгі процестері – есте қалдыру, қайта жаңғырту , есте сақтау, тану, ұмыту.
Ес есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру – бұл кейін қайта жаңғырта алынатын материалдың ес қалуын қамтамасыз ететін ес процесі болып табылады.
Есте қалдыру арнайы есте қалдыру және ерікті есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнайы тәсілдерін пайдаланбайды.
Ерікті есте қалдыру саналы есте қалдыру , яғни материалды есте сақтау үшін мақсат қойылады.
Сонымен есте қалдыру механикалық және мағыналылық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру – ең алдымен жеке байланыс ассоциациялардың бекітілуіне негізделеді. Мағыналы есте қалдыру – ойлау процестерімен байланысты. Адам жаңа материалды есте қалдыру үшін оның мағынасына түсінуі керек.
Егер механикалық есте сақтаудың негізгі шарты – қайталау болса, мағыналы есте сақтау негізгі шарты- түсіну болып табылады. Механикалық және мағыналы есте сақтауда адамның психикалық өмірінде үлкен рөл ойнайды.
Қайта жаңғырту – есте сақтаудың мәнді компоненті. Қайта жаңғырту 3 деңгейде жүруі мүмкін: тану, өздігінен қайта жаңғырту, еске түсіру. Тану – қайта жаңғыртудың ең қарапайым түрі. Тану- қандай да бір құбылыс немесе нәрсені қайта қабылдағандағы таныс сезімінің пайда болуы. Өздігінен қайта жаңғыртуда – есте сақталған бейнелер адам ойында ешқандай сүйеусіз пайда болады. Қайта жаңғыртудан гөрі тану оңайырақ. Еріксіз есте қайта жаңғыртуда сөздер мен ойлар өздігінен қайта жаңғыртылады. Еріксіз қайта жаңғыртуды ассоциациялар тудырады. Мысалы , «менің есіме түсіп кетті». Мұнда ой ассоциациядан кейін жүреді. Ерікті қайта жаңғыртуда біз «Мен есіме түсіремін» деп айтамыз. Мұнда ассоциация ойдан кейін жүреді.
Есте сақтау – есте қалдыру, ал ұмыту – бұл оқығанның естен шығуы, жоғалуы. Есте сақтау ұмытуға қарама-қарсы процесс. Қажет емес нәрселерді. Ұмыту процесінде байқалатын бірінші құбылыс – реминисценция – ұмытылғандай болған оқиға немесе құбылысты кешіктіріп еске түсіру. Төменгі класс оқушыларында көп кездеседі.
Ұмыту процесінде болатын екінші құбылыс ретроактивті тежелу деп аталады. Қайта жаңғырту сапасының төмендеуі ретроактивті тежелу болып табылады. Бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауы проактивті тежелу деп аталады.
Ес сапалары. Ес қоршаған ортаның сезім органдары арқылы ақпараттарды есте сақтаудан басталады. Барлық бейнелер, сөзде жалпы алғанда сезімдік біздің есімізде қалу керек. Психологияда бұл процесс сақталу деп аталады. Керек уақытта біз бұрын көргенді , естігенді қайта жаңғыртамыз. Осы қайта жаңғырту арқылы барлық ес аппаратының жұмысының сапасы туралы айта аламыз.
Жақсы ес- тез және көп есте сақтау, дәл және уақытша және қайта жаңғырту.
Ес сапалары: 1) есте сақтау жылдамдығы; Басқа сапалармен қосылған жағдайда ғана құнды болады.
2) есте сақтаудың сапалылығы;
3) естің дәлдігі; Мәнді нәрселердің үзіліс және бұрмалауларының болмауы.
4) естің даярлығы- керек уақытта керек ақпаратты естен тез ала білу іскерлігі.