Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Таным процестерін анықтау әдістері және оларды өңдеу



бет120/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   229
Таным процестерін анықтау әдістері және оларды өңдеу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Түйсіну
2.Қабылдау
3.Елестету және қиял
4.Ес
Мақсаты: Таным процестерін анықтау әдістері және оларды өңдеу жөнінде білімдерді беру.
Дәрістің мазмұны
1.Әдістеме.
Тақырыбы: Кеңістіктік көру табалдырығын айыруды анықтау
(көз өлшемінің нақтылығы)
Кіріспе ескертулер. Кеңістіктің үлкендігін бағалау көру анолизаторының функцияларын құраушыларының бірі. Бұған сәйкес берілген объектінің абсолюттік метрлік үлкендігін көрсету талап етілмейді, бірақ 2 стимулдың ( эталонды және ауыспалы) теңдік және әртүрлілігін бағалау керек.
Адамның көзі объектінің өлшемін жеткілікті түрде нақты бағалауға қабілетті келеді, бұл қабілеттілікті көздік өлшем деп атайды.
Тапсырмадан эксперименталды мәлімет алу үшін орташа қателік әдісі қолданылады. Сондықтан экспериментатор берген эталонды стимулды ( тәжірибеде - сызғыштың кез-келген бөлігі) зерттелуші ауыспалы стимулмен салыстыру керек. Ауыспалы стимул эталонды стимулға қарағанда ұзынырақ немесе қысқарақ болады. Зерттелушінің міндеті ауыспалы стимулдың ұзындығын эталонның ұзындығымен мүмкіндігінше нақты теңестіру.
Құрал – жабдықтары: Эксперименталды психологияда көздің нақтылығын бағалап үйрену және көру өлшемінің әртүрлі табалдырығын өлшеу үшін Лемонның сызғышын қолданады. Ол горизонтальды бағанға бекітілген болады. Сызғыш нақты белгіленген әртүрлі 2 бөлікке бөлінген, зерттелушіге де, экспериментаторға да көрінуі керек. Оның екі жағында жеңіл жылжитын қозғағыш орналасқан. Экспериментатор жағында зерттелушіге көрінбейтін см. Шкаласы сызылған. Тәжірибе алдында студенттер протокол дайындайды.
Жүру барысы: Экспериментті өткізу үшін бір студент экспериментатор қызметін, ал екіншісі зерттелуші рөлін алады. Зеріттелуші сызғыштан созылған қол қашықтығында отырады. Бұл жағдайда басы бекітілген болғаны жөн. Содан соң зерттелушіге инструкция беріледі.
Инструкциясы: « Сіздің көз алдыңызда көздік өлшеу сызғышы орналасқан. Онда орталық белгі оң және сол жақ қозғағыш көмегімен сізге белгісіз ұзындықта үзік көрсетіледі. Оң қолыңыз арқылы орталық белгінің келесі жағынан дәл осындай үзік жасаңыз. Тәжерибе барысында ара қашықтығыңызды өзгертпеуге тырысыңыз.»
Табалдырықтарды өлшеу процедурасын мыналар құрайды. Экспериментатор көп рет сол немесе оң жақтан үзіктер көрсетеді. Зеріттелуші мүмкіндігінше нақты осы үзіктерді белгілейді. Оған 4 эталонды үзік көрсетіледі, олардың ұзындықтары: 8,5; 12,5; 15,0 ; 19,5 см. 10 рет сол жақтан, 10 рет оң жақтан көрсетіледі. Сонымен қатар әрбір жағынан берілген үзік эталондарға қарағанда 5 рет үлкен немесе кіші болуы керек.
Эксперименттің өңделуі: Ең алдымен қателіктерді санайды. Әрі қарай өңдеу бірнеше эталон бойынша жүргізіледі:
1 . Абсолютті қайталаудың орташа арифметикалық үлкендігі мен қате қайталауды санау,
2 . Болуы мүмкін қателіктерді мына формула бойынша есептеу:
ВО= 0, 6745 о
3 . Үнемі қайталанатын белгілер мен өлшемдерді анықтау, субъектілерді теңестіру әртүрлі және берілген эталон ұзындығын есептеу.
Сараптау кезінде қорытынды Вебер заңына бағына ма соны тексеру керек.
2.Әдістеме.
Тақырыбы: Геометриялық иллюзияны көз арқылы қабылдау.
( Мюллер – Лайер иллюзиясы)
Кіріспе ескертулер. Геометриялық иллюзия - көз арқылы қабылдау иллюзиясын зерттеуде жиі қолданылады. Оны көбіне қабылдау үлкендігімен ( ұзындығы мен өлшемі) немесе сызықтық бағытталуын қабылдаумен қарастыруға болады. Ұзындық үзігінің иллюзиясына жақсы мысал болып Мюллер – Лайер иллюзиясы табылады, 2 бір-біріне тең сызық, олардың біреуі төмен , біреуі жоғары қарай бағытталған, сондықтан адамдарға тең емес сияқты көрінеді.Адам тіпті оның қалай қабылданып тұрғанын білсе де иллюзияның эффектісі сол күйінде көрінеді, ол өте тұрақты.
Құрал - жабдықтары. Вертикальды түссіз экранда ақ қағаз қартон бекітіледі. (297 + 210 мм.) Онда 3 мм және 230 мм ұзындық шамасында тегіс горизонталды сызық тушпен берілген. Сол жақ сызық (соңы садақ тәрізді) жиылған сына, ал оң жақ сызық тарқаған сына түрінде болады. Экранның жоғарғы жағына қозғалмалы планка ілінеді, онда горизантальды сызық бойымен оңға қарай өткір бұрышпен бекітілген сына сызылған. Зерттелушіге көрінбейтін жағында мм. Сызғыш бекітілген, нөлдік нүкте 2 әртүрлі үзік сызығының ұзындық нүктесіне сәйкес келеді.
Жүру барысы: Тәжірибеде орташа қателік әдісі қолданылады. Ол еркін бақылау жағдайында өткізіледі.
Инструкциясы: Қозғалтпаны оңға немесе солға жылжытып, үзікті 2 әртүрлі бөлікке бөлесіз. Тапсырманы мүмкіндігінше дәл орындауға тырысыңыз. Экспериментатор қозғалманы тең емес түрде орналастырады. Содан соң зерттелуші қозғалманы тең еткенше жылжытады.
Қортындының өңделуі:
1. Орташа қателікті «+» және «-» таңбасымен санау;
2. Орташа квадратты ауытқуды санау;
3. Орташа қателік және орташа квадратты ауытқуды алмай, тек жалпы мәнін санау.
3.Әдістеме.
Тақырыбы: Елестетудің анықтық және нақтылығын бағалау.
Кіріспе ескертулер:Екіншілік бейнені зерттеуде өзін-өзі бақылау принципі негізгі әдіс болып қолданылады. Бұны объективті әдіспен бірге қолдану нақты әрі толық мәлімет береді. Бұл жағдайларда зерттелетін сапа полярлы бағамен мінезделеді, олардың арасында үзілмейтін бірізділік болады. Процедура шкалаға салу арқылы бағаланады. Анықтық- нақтылық елестетуді бағалауда көбіне Д.Маркс сауалнамасы қолданылады. Сауалнамада 5 баллды бағалау шкаласы бар.
Экспериментті жабдықтандыру: Әрбір студентке сауалнама парағы берілуі керек.
Д.Маркс сауалнамасы.
Шкала
5.абсолютті анық, таза, нақты, қабылдау бейнесі сияқты елестету;
4.анық, нақты, таза елестету;
3.орташа анық, нақты елестету;
2.бұлдыр, анық емес, түсініксіз елестету;
1.елестету мүлдем жоқ, сіз тек зат туралы ойлауды білесіз.
Тапсырма.
Өзіңіз жиі көретін достарыңыз немесе жақындарыңыздың біреуін ойлаңыз. Өз ойыңызды бейнемен байланыстырыңыз. Қойылған сұрақтар арқылы елестету шкаласын бағалаңыз.
1.Ол адамның нақты басының, бетінің, иығының, денесінің контурын елестетіңіз.
2. Басының орналасуы мен денесінің тұрқын елестетіңіз.
3. Оның жүрісін, адым ұзындығын, өзін ұстауын барлығын бір бейнеде елестетіңіз.
4. Оның өзіңізге жақсы таныс киімінің түсін елестетіңіз.
Күннің атуын өзіңізге елестетіңіз және шкалада бағалаңыз.
1.Күн бұлтты аспанда көрінді.
2.Көк аспанда күн шықты.
3.Таң атқанымен аспанда бұлт, күн күркіреп , найзағай жарқылы көрінді.
4.Күн шықты, кемпірқосақ көрінді
Өзіңнің жиі баратын дүкенмен байланысты келесі көріністерді шкалада бағалаңыз.

  1. Көшенің қарсы бетінен дүкеннің толық бейнесін елестетіңіз

  2. Бұл дүкеннің заттарын елестетіңіз

  3. Сіз есікке жақындадыңыз, есіктің түсін, өлшемін, детальін елестетіңіз

  4. Сіз дүкенге кірдіңіз, дүкеншінің қолын, зат және артық ақша қайтарғанын елестетіңіз

  5. Берілген ландшафтты бұтіндей елестетіңіз

  6. Ағаштарды, олардың түстері мен өлшемдерін елестетіңіз

  7. Өзеннің түсі мен өлшемін елестетіңіз

  8. Жел тұрып, ағаштар шулады, өзен тасыды , осы кездерді елестетіңіз

Әрбір қатысушы бланка толтырады.
Жүру барысы: Тәжерибеден бұрын экспериментатор зерттелушілерге инструкциясын хабарлайды.
Инструкциясы. « Сіздің мақсатыңыз елестетудің анықтық-нақтылығын анықтау. Сауалнама тапсырмалары сізде анық бейнелер тудырады. Сіз оларды бағалау шкаласына салуларыңыз керек.»
Елес бейнесін нақты белгілермен шатастыруға болмайды. Қортынды ұпай неғұрлым көп болса, соған сай елестету анық.
Елестетудің анықтық-нақтылығын ес, зейін, сөзбен қалай байланысты екендігін талдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет