Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет65/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   229
Ұйымдастыру әдістері
Зерттеу екі негізгі түрлі арқылы психика дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). Екеуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.
Р. Готтштальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті /4/.
Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюлдтік әдістің ерекшеліктері көбірек:
- лонгитюдтік зерттеу жееклеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
- ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Логитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
- тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.
Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әртүрлі жастағы, әртүрлі даму деңгейіндегі, әртүрлі тұлғалық ерекшеліктер, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, даму үрдісінің динамикасы, оның үздіксіздігі жайлы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді, ал осылайша алынған көптеген даму заңдылықтары жуық шамада ғана болады.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизімдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс «салыстырмалы генетикалық» деген атаққа ие болып, В.А.Вагнердің, Л.С.Выготский жоғары психологиялық функциялардың тарихын зерттей отырып, салыстырмалы генетикалық әдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология (әсіресе, тіл мен ойлауды зерттегенде) мәселелерін шешуде қолданды /4,9/.
2.Психологиядағы эмпирикалық әдістер.
Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекция және сырқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл, психиканы өз-өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принциптің зерттеу әдістерінеде қолданылумен байланысты болды.
Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүргізілген жөн.
Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтіліг пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.
Бірінші негізгі талап-нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқаруы керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.
Бақылау айғатарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылаулар арқылы жорамаларды қалыптастыратындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.
Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психалық үрдістерді табиғи жағдайларда зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тәртібін төмендегідей талаптар қойылады:
а) мақсат пен міндетті анықтау;
ә) объектіні және жағдайды таңдау;
б) зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін таңдау;
в) бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;
г) алынған ақпаратты өндеу және нәтижелеу.
Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері: бақылаушының көз қарасы, мақсат, психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау нәтижесіне ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет