4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
-
№
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Кітапхана
|
Кафедра
да
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Элек
тронды түрі
|
Ескерту
|
з
|
1.Ахметов Ш.Қазақ балалар әдебиеті. – А.,1974.
2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А.,1992.
3.Айтыс І том, А., 1965.
4.Айтыс ІІ том, А.,1966.
5.Айтыс ІІІ том, А., 1956.
6.Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
7.Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991.
8.Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
9.Әбдібаев Х. Талант, талап, тағдыр. - А..,1971.
10.Әдебиет. Оқулық-хрестоматия. Құраст: Ғабдуллин А.,Мақпыров С.,Құрманбаева А.,Рауан 1993.
11.Байтұрсынов А. Шығармалары.-А., 1989.
12.Бітібаева Қ. Абай шығармаларын оқыту. А., 2003.
13.Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.
14.Бес ғасыр жырлайды. А.,1991.
15.Ғабдуллин М. Ауыз әдебиеті үлгілері.А.,1974.
16.Ергөбек Қ. ХХ ғ. басындағы әдебиет.А., 1994.
17.Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық. А., 1958.
18.Кенжеғалиев И. Махамбет Өтемісұлы.-А.,1974.
19.Қазақ әдебиетінің тарихы. –А.,1960.
20.Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы. ХІІ томдық жинақ. А., «Балауса»1992.
21.Қазақтың халық жұмбақтары.- А., 1999.
22.Қазақтың мақал-мәтелдері. –А.,1985.
23.Құнанбаев А. Шығармалары. 2т.,А., 1986.
24.Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.
25.Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.
26.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-А., 1977.
27.Сәтбаев Ш.Шәкәрім Құдайбердиев.-А., 1990.
28.Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.
29.Қабдолов З. «Әуезов». –А., 1997.
30.Қабдолов З. Сөз өнері.-А., 1992.
31.Қазақ әдебиеті. Авт:
Әбдібаев Х.,т.б.А., 2002.
32.Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.
|
2
2
10
2
2
2
5
2
2
4
3
2
2
2
5
2
10
5
5
2
20
20
2
2
5
2
|
-
-
-
-
-
|
50
50
50
100
100
100
15
15
100
10
100
100
100
|
-
-
-
-
-
|
|
5. Пән бойынша дәрістік кешен:
А) Тақырып аты
Б) Дәріс мақсаты
В) Тірек сөздер
Д) Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны
Е) Негізгі сызбалар, кестелер т.б.
З) Тексеруге арналған сұрақтар
И) Ұсынылатын әдебиеттер
1- дәріс
Тақырып:
Мақсаты:
Дәріс мазмұны:
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Тақырып: Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы.
Дәріс мазмұны:
Балалар әдебиеті туралы түсінік.
Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой - пікірлері.
Балалар әдебиетінің алға қойған міндеттері - жасөспірімдерді патриотизмге, бірлікке, еңбекке, қоғамдық көзқарасқа және адамгершілікке деген ізгі қасиетке баулу. Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жағымдық кейіпкерлер образын жасау проблемаларына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, олардың Отаны, халқы алдындағы қызметін өрсөту, типтік образын жасау, жасөспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына, талаптануына жол ашады.
"Өнер алды - қызыл тіл", - деп Абай айтқандай балалар әдебиетінің басты проблемасының бір түрі - тіл. "Әдебиет сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер" деді М.горкий. Сондықтан балаларға lрналған шығармалардың тілі, ең алдымен өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын көркем құрал болуға тиіс. Әрбір сөз өз орнында өз міндетін атқара тұрып, балалардың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық жағынан әсер ететіндей болуы керек.
Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақы, тілі балалардың жанындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт. Октябрь революциясынан кейін қазақ балалар әдебиеті сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын жазушылардың ықыласы арқылы дамыды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері туралы С.Сейфуллин .Жүмбақ айтысу" деген еңбегінде: .Жүмбақ айтысу - хат жаза білмеген көшпелі ел жастарының өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған" дейді.Сөкен балалар әдебиеті нұсқаларын жинаушы, әрі зерттеуші. Ал І.Жансүгіров "Өтірік" атты жинақта жазған алғы сөзінде "Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады" деп жазды. М.Әуезов "Әр жылдар ойлары", "Ертегілер" деген ғылыми еңбектерінде балалар әдебиетінің түп - төркіні халықтық шығармалар екенін дәлелдеді. Жас жеткіншектердің өз араларында үлкен ерекшеліктері бар, сондықтан да балалар әдебиеті бірнеше салаға жіктеледі:
Мектепке дейінгі балалар әдебиеті.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет.
9 жылдық мектеп оқушыларына арналған әдебиет.
Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет.
1. Мектеп жасындағы балалар, олар оқырман емес. Оларға арналған шығармалар қысқа да, ықшам жазылған суретті кітаптар түрінде беріледі. Тақырыбы табиғат, өзін қоршаған ортадан алынады. Тілі жеңіл де ықшам келеді. Бас бармақ, шылдыр шүмек т.б. сияқты күлдіртіп ойнату. Бұл жастағы балаларға әсіресе өлең сөздер ерекше әсер етеді.
2. Бұл 7 - 1 О жастың арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар мектеп бағдарламасымен тығыз байланыста
Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын қоры жыр өлеңдерінің бірінші бастамасы-бесік жыры. Бұл жырда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі, арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген. Оның сөз жүйесінің ырғағы, мән-мағынасы аса ұқыпты. Бесік жырында дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келген мүмкіндігін соның жолына бағыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланы жастай көпшіл, ынтымақшыл.сый-сыйапат көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген. Баладан адамгершілік қасу.етті талап еткен.
Баланы күту, бағу,мәпелеу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу-ата-ананың борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін өздеріне бақыт санау жалпыхалықтық салтқа, әдет-ғұрыпқа, эстетикалық идеалға айналған:
Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің,-
деп, бала халыққа әр жақты өнерімен,білімімен,игі істерімен танылса деп арман еткен:
Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің,-
деп, бесікте жатқан нәрестенің болашағын ойлаған. қай іске,қай өнерге болса да икемі бар сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын көздейді. Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қай түріне болса да баули беруді, ынталандыра беруді мақсат еткен. Бесік жырында адамның басынан кешірген тағдыры, қайғысы мен қуанышы, рахаты жырланады. Бесік жырының әсем де жеңіл айтылуы оның сазды әуенге қосылып, сондайлық баппен шырқалуы баланың. көңіл күйін ашып, оны көңілдендіреді. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бір шығуы бала тербеткен ананың да, бесікте жатқан баланың да жүректерінің бірге соққандай әсері сезіледі. Бесік жыры ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа ұласуымен қатар оған бала тәрбиелеуде заманы қойған талап, мақсатқа қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар қосыла берген. Бұл жыр оларды алға қарай талпынуға, ілгері ұмтылуға, жігер - қайратының шыңдалуына бастайды. Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісінде халық осыларға зор мән берген.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
2- дәріс
Тақырып: Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
Дәріс мазмұны: Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі ірі педагог, жазушы қ.б.ә. атасы. Ол 1841 жылы, 20 қазанда Қостанай облысы, Затабол ауданында туған. Ыбырай өз әкесі Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалады. Әкесі қайтыс болғандықтан, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Ыбырай Алтынсаринді 1850 жылы Орынбор қаласында жаңадан ашылған мектепке жібереді. Ыбырай сабаққа зерек болып, уздік оқиды. Атасы Балғожанын өсиет сөздерін бұлжытпай орындайды.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Суйіп сәлем жазады бугін саған.
Шырағым мұнда журсең не етер едің,
қолыңа құрық алып кетер едіІ/,
Тентіреп екі ауьтдың арасында.
Жургенмен не мұратқа жетер едің?
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең басьтарсың.
Ата - анадцы өнер білсең асырарсың.
Надан боп білмей қалсаң аҺ ұрарсың - дейді .
Жас жігітті осылай өлең жолдары арқылы білімге тәрбиелейді.Атасының өсиетін немересі бұлжытпай орындайды. Ыбырай бүл мектепте 7 жыл оқып, 1857 жылы бітіреді. Мектеп бітірісімен халық ағарту ісімен айналысады. Ел ішінде мектеп ашады. қазақ балаларын жииап, оқытады, қыздар мектебін ұйымдастырады. Мектепке керекті оқу құралдарын жинайды. Тұңғыш рет орыс алфавитімен оқу кітаптарын жазады. Хрестомагия құрастырып шығарады.
Ы.Алтынсарин «Хрестоматия» оқулығын алғаш рет 1870 жылы жазады, оны іс жүзінде өзі қолдап, қазақ балаларын оқыта бастайды. Ы.Алтынсарин халық ағарту саласында істеген жұмыстарына кесел келтірушілерге қарсы тұрып, аяусыз курес жүргізеді. Надан жатқан, бірақ әлі надан жолына түспеген, пайдалы заттарға жаны құмар халыкка қолымыздан келгенше қызмет ету әрқайсымыздың борышымыз" деп үндеу салады. Ы.Алтынсарин "ӘЙ, жігіттер" өлеңінде:
ӘЙ, жігіттер үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс - алыс қашыңыз, .
Зиян ойды кісіден - деп, ел ішіндегі халықты улап отырған бақсы - балгер, молда қазіреттер арандатып алмай, өнер білімге, жаңа мәдениетке шақыру қажеттігін айтады.
Ыбырай қазақ халқының өнер - білім, жаңа мәдениетке деген ынтасын, дарындылығын жоғары бағалаған. Халықтың ілгері дамуына өз үлесін косып, қазақ даласында орыс - қазақ мектебін ашқан.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
3- дәріс
Тақырып: Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
Дәріс мазмұны: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны мен рөлі.
Өтірік әңгімелермен қатар қазақта өтірік өлеңдер де бар. Оның туп нұсқасы әзіл - оспаққа, өтірік сынға құрылған. Өгірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өгірік өлеңдер өте шеберлікпен, тілдің орамдьтығымен өзгеше өңделген сөз. Өтірік өлеңде өмір бар, салыстыру бар, сықақ бар, өмірге тікелей байланысты болып келеді. Мақал - мәтел мағынасы терең, сөзі ықшам, көркем, еске сақтауға жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше роль атқаратындықтан балалар әдебиетінде орны ерекше. Мақал - мәтел балаларға терең ой салады, оларды көркем де образды сөйлеуге жаттықтырады. Сөз байлығын, сөздік қорын дамытады. Мақал - мәтелдердің тақырыбы кең: еңбек, оқу, білім, жолдастық, адамдық қасиет, табиғат т.б. Мысалы: Ата балаға сыншы, Бала адамның бауыр еті, Білім - өмір шырағы, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа
көнер, байқамай сөйлесең көп ішінде өлер. .
Балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр - жұмбақтар.
Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп атайды.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
4- дәріс
Тақырып: Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
Дәріс мазмұны: 1.Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
2.Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
Айтыс өлеңдер, олардың тәрбиелік мәні.
1. Айтыс және оның түрлері.
Айтыс - халық өмірін бейнелейтін ауыз әдебиетінің бір саласы. ХІХ ғ. айтысын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихтан белгілі. Мысалы: Орынбай, Шортанбай, Шөже, Сүйінбай, Біржан, Ақан сері, Жамбьіл, Сара, Т.б. қазақ әдебиетінің тарихына көз салсақ ақындар айтысы іштей бірнеше түрге бөлінеді: Жар - жар - айтыстың көне түрі. Ол қызды ұзатар алдында болатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар ұзатылар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір ауыз өлеңіне үзатылатын қыз жауап береді. Олардың қоштасу өлеңі (жар - жар) былай келеді:
Бозбала: қыз:
қара насар замандас, Есік алды қара су,
қара насар жар - жар - ау! Майдан болсын жар - жар - ау!
қара мақпал сәукеле, Ақ жүзімді көргендей,
Шашың басар жар - жар- ау! Айнrolболсын жар - жар - ау!
Мұнда әкем қалды деһ;: қайын атасы бар дейді,
қам жемеңіз жар - жар- ау! Бозбалалар жар - жар - ау!
Жақсы болса қайын атаң, Айналайын әкемдей ,
Орнын басар жар - жар - ау! қайдан болсын ~ap - жар - ау!
Қайымдасу. Айтыстың бұл түрі - қыз бен бозбаланың өлеңмен әзілдесуі. Бұл түрлі айтыста көбіне бұрын ел аузында айтылып жүрген өлеңдерден құралып, айтыс үстінде тақырыбына қарай кейбір шумақтары, не жолдары жаңадан шығарылып, өзгеріп отырады. Қайымдасу айтысының басы қыз - бозбаланың әзілінен басталғанмен аяғы әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналып кететін кезі жиі кездеседі. Мысалы: Омарқұл ақын мен Тәбия қыздың айтысы. Бұл айтыстың басы әзілден басталғанмен біраздан кейін қалынмал бар замандағы әйел теңдігі, әйелдің ауыр тіршілігі, әйел үйдің күңі екендігі айтылады.
Жұмбақ айтыс. Айтыстардың ішіндегі қиын түрінің бірі. Мұнда жалғыз ақындық қана емес, білгірлікті, тапқырлықты талап етеді. Сондықтан да екі ақын айтысып отырып, өзге сөзден бірін - бірі жеңе алмағанда, жұмбақ айтысына көшіп, ақылдылығын, тапқырлығын сынасады. Мәселен, Әсет ақын мен Рысжан қыздың айтысында, Рысжан Әсетке төрт түрлі жұмбақ айтады. Оның бәрін де Әсет шешеді. Жұмбақ айтысын дамытуда айрықша еңбек еткендер - Нұржан Наушабаев пен Сапарғали болды. Бұлардың жұмбақтарындағы бір өзгешелік - мұнда айтыс жұмбақпен басталып, жұмбақпен аяқталады. Өзге айтыстардай мұнда жұмбақтан басқа айтыстың саласы араласпайды. Бұл айтыста жұмбақтың стилі түгел сақталады.
Дін айтысы. Шаман дінінің әсері қазақ әдебиетіне ерекше әсер етті.
Мәселен бақсының сарыны, тістің ауруын (құртын) өлеңмен шақыру, жылан шаққанда өлеңмен емдеу, бәдік айтысу, өлікпен сөйлесу т.б. Осы негізде діни ұғымдарды үгіттейтін айтыстар туды, соның бірі - бәдік. Бәдік шаман дінін қолданып жүрген адамдар малға, адамға тиетін індет ауруының иесі, құдайы
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық.-А., 1958.
5- дәріс
Тақырып: Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
Дәріс мазмұны: 1. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысы.
Балаларға арналған эпостық жырлар және оның тәрбиелік мәні.
Ертегілер, өлеңдер, мақал-мәтелдерден басқа ауыз әдебиетінде ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жыры бар. Халықтық шығармалардың ішінде мазмұны мол, ұзақ жырланатыны осы- батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды, батырлықты, ерлікті жыр етеді. Ал батырлар образы патриоттықтың үлгісін көрсетеді. Ондағы кейіпкерлер қайтпас ер, жауына қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды,өнегелі ісі бар адамдар ретінде суреттеледі. Сондықтан батырлар жырын балалар да сүйсініп оқиды. Іріктеліп алынып балалардың оқуына лайықталған эпостық жырлар ерлік істерге, табандылыққа, өділеттілікке, парасаггьиықка тәрбиелейді.
.Қобыланды батыр" жырындағы Тайбурылдың шабысы.
ЪІ.Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған .Киргизская хрестоматия" еңбегіне Тайбурылдың шабысын ёнгізген. Бұл ұлы ағартушының көшпелі қазақ ауылы балаларының ұғымына жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына байланысты алғандығы еді. Батырлар жырындағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп, олардың жігер-қайратын шыңдап отырады. М: "Қобыланды батыр" жырында қобыланды қазан шаhарына аттанғанда Тайбурылдьщ шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы аттың шабысын көз алдыңа келтіреді, өзің шауып келе жатқандай сезім пайда болады.
Шырағым бурыл шу деді, Тер шыққан соң өрледі
құбылып бурыл гуледі Асқарды көзі көрмеді
Табаны жерге тимеді Көлденең жатқан көк тасты
Тау мен тасты өрледі Тіктеп түйген тұяғы
Төрт аяқты сермеді Саз балшықтай иледі.
құлақтың түбі терледі
Міне, "Ер қанаты- ат" дегендей қобыландының серігі, Қүртканын мәпелеп, баптаған Тайбурылы осылай суреттеледі.
,,Алпамыс батыр" жыры. қазақ эпосының інжу - маржаны саналытын жырпардың ішіндегі ең көнесі - Алпамыс батыр. Зерттеушілер оны УІІ - УІІІ ғ. пайда болып, тараған жыр деп есептейді. Жырдың нұсқасы қазақ, өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарында осы уақытқа дейін сақталған. Олардың ішінде қазақ нұсқасының композициялық түзілісі мынадай: Алдымен Байбөрі бай мен Аналық бәйбішенің баласыздық зарынан әулие кезіп, азап шегуі. Ақырында тілегі қабыл болып, Алпамыстъщ, сосын қарлығаштың дүниеге келуі айтылады. Осыдан кейін Алпамыстың қалыңдығы Гүлбаршынды іздеп барып, қалмақтың ханы қараманмен шайқасы, оны жеңіп, қайын атасы Сарыбайды сол елге хан көтеріп, Гүлбаршынды алып қайтуы сөз болады ... Жырдағы кейіпкерлерді қарама - қарсы екі топқа бөлуге болады. Бірі - адалдықты, әділдікті, тыныштықты жақтайтын ұнамды кейіпкерлер, екіншісі - ел тонаушы, зорлықшыл жауыздар тобы. Жырдағы басты тұлға Алпамыс. Ол елдің тыныштығын, бірлігін сақтау, жаудың шапқыншылығына, зорлық зомбылығына жол бермеу идеясынан туған образ.
Ер Тарғын. Мұнда басқа жырлардағыдай ата - ананың бала зарын тартуы, қартайғанда перзент көруі, болашақ батырдың тез ер жетіп өсуі, қалыңдық іздеп жолға шығуы баяндалып жатпайды. Жыр Тарғынның торғауыттардың қамалын алуда ерен ерлік көрсетіп, көзге түсуінен басталады. Бір ерекшелігі Тарғын мұнда өз елінің емес, туыстас Kөp~i Ақшахан елінің намысын қорғайды. Кейіннен :::анның қызы Ақжуністі алып қашып, Еділ бойындағы ноғайлыға барады. Сөйтіп, бұл елдің де жауына (қалмақтарға) қарсы аттанып, кегін қайтарады. Бұдан ел қорғау идеясымен қатар, халықтар достығының да нышаны байқалады. Халық "Ел ушін туған батыр, ерегісте мыңға татыр" деп Тарғындай ерді айтса керек. Тарғын бейнесі осындай 'халықтық ұғымның көрінісі. Жырдағы жағымды образдың бірі - Ақжүніс. Ол ханның қызы болса да қарадан шыққан жігітті сүйеді. Онъщ ерлігін, адамгершілігін өзгеден бұрын бағалайды. Ата - анасының еркінен тыс Ер Тарғынға ілесіп, елінен қашып шығады. Кейін оған адал жар, ақылшы дос, сенімді серік болады. Жазатайым қартқожақтың қолына түскенде де ақылымен айла тауып, одан құтылады. Батыр қайда жүрсе де оның қасында болып, намысын қорғап, абыройын көтеруге күш салады.
Тарғынның Тарлан аты өзге жырлардағы сияқты батырдың сүйген жары баққан тұлпар' емес, оны өсірген Тарғынның өзі. Ол батырдың қолғанаты, серігі, қамқоршысы, сырлас досы. Тарланның ғажайып тұрпаты Тарғынның "От орнындай тұяқтым" деп басталатын арнау сөзімен келісті суретгеледі.
Қамбар батыр" жырының халықтық сипаты. Қамбардың ерлік істері, еңбегі балаларды өжет іске бастайды, олардың патриоттық рухын көтереді. қамбар - тоқсан үйлі тобырды, алпыс үйлі арғынды жалғыз бағады, қайырымды істер істейді, өзінің батырлығын мақтан етпейді, сатылмайды. Жырдағы барлық оқиға тілге жеңіл тиіп отырады. қамбар жарлы - жақыбайларды аң аулап асырайды. Ол қыз Назымның көркіне де, байлығына да қызықпайды. Артында халқы барын ұмытпайды. Өз намысын қорғай білетін азамат.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Батырлар жырлары. Алматы, 1986.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық.-А., 1958.
Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-А., 1977.
6- дәріс
Тақырып: Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
Дәріс мазмұны: 1. Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты, тәрбиелік мәні.
Асан қайғы жырау. ХУ ғасырдағы қазақ ақын - жырауларының көрнекті көш басшысы Асан қайғы Сәбитұлы. Оның өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы болғандығы байқалады. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уалиханов "Көшпелілер философы" атаған Асан өз заманының улкен ойшылы болған. Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау жырларында не жақсы, не жаман, не ғаріп деген мәселелер төңірегінде ой толғап, замана жайында философиялық пікірлерің сарапқа салады. Жырау халық мақалында айтылатын .Лындаушысыз сөз ғаріп", «Замацдассыз қария ғаріп", "қаз, үйрексіз көл ғаріп" деген ой пікірлерді термелей келеді де:
Муритін тауып алмаса Өз қолында болмаса
Азғын болса пір ғаріп... қанша жақсы болса да
Ата жұрты бұқара қайратты туған ер ғаріп, -
деп ел басқарар көсемнің азғын болмай, әділ болуын, қол бастаған батырдың соңынан ертер сарбазы - қалың қолы - халқы болуын қалайды. Олардың халықтан қол узбеуін, көпке арқа сүйеуі керектігін айта келе:
Арғымаққа міндім деп, Fылымым жұрттан асты деп,
Артқы топтпн адаспа. Кеңессіз сөз бастама.
Күнінде өзім болдым деп, Жеңемін деп біреуді
Кең пейілге таласпа. Өтірік сөзбен қостама, -
деп "Ұлық болсаң, кішік бол", .Көптен қол узбе, асып, таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес" деген пікірді уағыздайды. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкім менен ұрыспа, Алдына келіп қалған соң,
Жолдасыңа жау тисе, қол қусырып барған соң,
Жаныңды аяп тұрыспа. Аса кеш те, қоя бер
Ердің құны болса да, Бұрынғыны қуыспа, -
деп көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт, насихат айтады. Жатса - тұрса халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке,
достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан қайғы жырау:
Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз
Ой түбінде жатады... Шер толқытса шығады, -
деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен, көңіл - күймен байланысты туатынына философиялық топшылау жасайды. Халық қамын жеуді, әзәзілдің сөзіне ермеуді, құлқынның құлы болмауды адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:
... Адам әзіз айтар деп Нәпсі алдаушы душпанның
Көңіліңді салмағыл. Насихатын алмағыл, -
деп .Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол" деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. "Ел қамын жеуші ақылды азаматты қарадан шықса да қадірле". "Кісіге қарап сөзін алма, сөзіне қарап өзін ал" деп ақыл айтады.
ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, философиялық -дидактикалық толғауларымен ерекше көзге түскен Бұқар жырау ҚалқаманұЛbl (1688-1781) Ол арабша өте сауатты адам болған. Ел билеу ісіне белсене араласқан. Абылай ханның ақылшысы, қабырғалы билерінің бірі. Заманның аумалы- 'төкпелі болып келуін Бұқар заңды құбылыс деп санаған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Сондықтан Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, хандық үкіметтің берік болуы 'жолында бар ақылкеңесін аямайды. Ол Абылай . ханның халқы алдындағы рөлін дұрыс бағалайды.
Жан біткен еріп соңынан Жусатып тағы өргізіп,
Он сан алаш баласын, Жұмсап бір тұрсаң қолыннан-
Аузыңа құдай қаратып,
деп, жетім мен жесірге ешбір жамандық қылмадьщ, елдің келешегі бірлікте, бейбіт өмір сүруде, көрші елдермен достық қарым- қатынас жасауда да көрегендік көрсеттің дейді.
Жыраудың өлеңдерінде ел берекесі, халық мүддесі көп сөз болады. М:
"Тілек" атты өлеңінде шапқыншылыққа ұшырап, қыздың күң, ұлдың құл болуынан, алған жардың жесір қалуынан құдай сақтасын деген тілек білдіреді.
Хан мен халықтың арасын жалғастырып, кейде асып-тасып кететін
Абылайға ақыл айтып, кеңес берген Бұқар:
Ханның жақсы болмағы Алтыннан болар белдігі.
қарашының елдігі, Жақсы жігіт ұл туса
Қарашы халық сыйласа Патшадан болмас кемдігі,-
деп ханның ісі халықпен, жақсы туса елдің ырысы, ақылды басшы халықтан
қол үзбеуі керек дегенді жетесіне жеткізе айтады. .
Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Ол адам өмірінің әр кезеңін суреттей келе, ақыл мен қажыр тасыған жастық шаққа ерекше тоқталады:
Күлдір- күлдір кісінетіп, Сұлуды құшқан жиырма бес
Күреңді мінген жиырма бес Іздесең де табылмас,-
Күрек тісін қасқайтып,
Достарыңызбен бөлісу: |