4 апта
№4 кредит сағат
№4 дәріс
Тақырыбы: Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Мақсаты: Сынып ұжымы және сынып жетекшісінің қарым-қатынасымен, ұжымды басқару ерекшеліктерімен,өзін-өзі басқару ұйымдарының түрлерімен таныстыру және олардың ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау.
Тірек ұғымдары: Сынып ұжымы, сынып жетекшісі, ұжымда тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру. Өзін-өзі басқару жүйесі, оның құрылымы, ұстанымдары, функциялары.
Жоспары:
Сынып ұжымы және сынып жетекшісі.
Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы және ұстанымдары.
1.Педагогикалық үрдіс әртүрлі оқу-тәрбие, білім беру мекемелерінде құрылатын топтардың өмірін ұйымдастыруға негізделеді. «Ұжым» педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. Кез-келген топта, трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істеген қылмыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни заңдарына, Конституцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекетті ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың жауапкершілігінің болуы.
Кері жауапты тәуелділік қатынастары - ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас. Бұл олардың іс-әрекеттері мен мақсаттарының бірлігінде, ортақ толғаныстарында, өзара талқылауларында да көрінеді.
Жалпы таңдалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органын, беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айырылады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады. Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен екрекшеленеді, Бұл жүйе объективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын сенімді көзқарастар бағытын қалыптастырады.
Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттармен, іс-әрекеттермен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттермен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы. Ұжым – қоғамдық маңызды мақсаттар негізінде біріккен адамдардың әлеуметтік қауымы. Ұжым педагогиканың негізгі категорияларының бірі. Оқушылар ұжымы - балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өскіндердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі. Оқушылар ұжымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымын - балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі.
Оқушылар ұжымы педагогикалық құбылыс ретінде ерекшеліктерге ие. Бала үшін ұжым өмір сүру ортасы. Балалар өздерінің тұлғалық ресурстарын пайдалану арқылы ұжым ішінде өзара қатынасқа түседі, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Оқушылар ұжымын көбінесе ересектер қалыптастырады. Мысалы, балаларды мектеп сыныбына, спорт секцияларына, үйірмелерге және т.б. қатыстырады.
А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.
Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін А.С.Макаренко өзінің көп жылғы педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, оған терең педагогикалық талдау жасайды. А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқталу - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет)
Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.
Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек.
Екінші кезең құрылымның тұрақтануымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтарды, нормаларды талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану. Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс. Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда:
-ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
-жалпы және жеке перспиктивалар арасындағы;
-әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы және т.б.
Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар - ұжымның кемелденуі.Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекінуіне көмектесіп, ұжымдық бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы перспиктивалы мақсат – қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар жақын, орташа және алыс перспективалар. Жақын перспективалар – ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушыларынан туындайды. Орташа перспектива- уақыт бойынша алыстау, ұжымдық оқиғаның жобасы. Алыс перспектива – ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат. Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттіліктері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Песпективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.
А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды ескереді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сезіну; 3) ұжым мүшелерінің достық бірлігі ; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі ; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Тек ұжым арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарастарына игі ықпал етеді, олардың тәртібі мен үлгеріміне ықпал жасайды. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси адамгершілік және мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыларына ие болады. Ұжымда олардың шығармашылық белсенділіг дамиды, достық пен жолдастық байланыстары нығаяды, қоғамдық қатынастарға тән тәртіптің жаңа нормалары пайда болады. Ортақ іс үшін еңбекте, күресте ұжымның ынтымағы жеке адамның дамуы үшін ең маңызды алғы шарт болып табылады. Тату және мақсатты ұжым (оқу, еңбек, спорт) өз мүшелерінің өмірін бай да сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.
Мектеп тәжірибесі жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастырудың өте маңызды және ештеңемен алмастырмайтын түрі оқушылар ұжымы екендігін көрсетті. А.С.Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытудың негізінде ұжым тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол «дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсері мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуға тиіс» деп атап көрсетті.
Ұжымдағы тәрбие – тәрбиенің негізгі ұстанымдарынң бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. Балалар ұжымын құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса , кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.
Дұрыс қоғамдық пікір, ашық жолдастық сын мен өзара сын мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігінің дамуына және олардың бағалы моральдық қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. Оқушылардың әр түрлі мінездері, қабілеттері, мүдделері, бейімділіктері топтасқан ұжымда бір-бірін толықтырып тұрғандай болады, қуаныштары мен реніштері айқынырақ, қылықтары жауыптылау,ойлары тереңдеу симяқтанады. Тату және топтасқан ұжым қоғамдық пікір күшімен, иландыру әдісімен (ал кейде зорлау) жеке мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруды үйретеді.
Оқушылар ұжымын тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері сонымен бірге әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Оқушылардың лайықсыз қылықтарын тек педагогтар ғана емес, оқушылардың өздері де айыптайды. Әсіресе, оқушылар өз өмірлерінің көп бөлігін өткізетін мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн мектептерінде және ауылдық орта мектептер жанындағы интернаттарда ұжымның рөлі зор. Бұл мектептерде ұжым тек оқу мен сыныптан тыс жұмыс процесінде ғана емес, сонымен бірге оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде де тәрбие ықпалын жүргізеді.
2.Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Өзін-өзі бақару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Сынып жағдайында өзін-өзі басқару: оқу, еңбек, өпшілік-мәдени, спорт сеторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңеінің төрағасы басшылық жасайды.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады.
Мектеп жағдайында тең төрағалық (сопредедатель) басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің мүшелері, кеңесші мұғалімдер, ата-аналар кіреді.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруда дамыту үлісін шартты түрде блай көрсетуге болады:
Әрекеттің мақсатын анықтау;
Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болу талқылау);
Басқару мәселесін қою;
Шешімді ұжым болып талқылау;
Шешімді қабылдау;
Шешімді жүзеге асыру;
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.
Өзін-өзі басқару процесінің қозғаушы күші – ондағы мотивтің болуы. Сондықтан өзін-өзі басқарудың жоғарыда келтірілген әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Ұжым туралы түсінік.
Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері.
А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.
Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек?
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде қандай ережелерді есте сақтау керек?
Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды?
Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 10-18 ]
5 апта.
№5 кредит сағат
№5 дәріс
Тақырыбы:Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және тәрбие жұмысының формасы.
Мақсаты: Тәрбие процесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығын айқындау.
Тірек ұғымдары: сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы, мақсаты мен міндеттері, қызметі,формалары, оларды классификациялау.
Жоспары:
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысының формалары.
1.Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте ыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып елетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ікерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбиие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған беленді қатыуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өтізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерңін, құралдары мен мазмұныны және бағытын таңдауда ерікті.
Алтыншыдан сыныптан ты тәрблие жұмыының нәтижесіне күнделікті бақылау мүміндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүміндік береді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады.
Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым терең ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқараы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектеу білітілігі қалптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
Балада көркемөнер әрееттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптатыру.
Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілі, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.
Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс тәрбие мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімдік, тәрбиелік және дамытушылық.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігіне сай анықтайтын талаптар:
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында, бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақатты белгілемеу немесе оның оның нақтылы жағдайға байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалғандықты тудырады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізетін нәтижені алдын ала болжау.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысына оптимисттік көзқарастың болуы.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жаңа формалар мен тәсілдерді үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістің болуы шарт.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының талап-тілектерін ескеру.
Оқушыларға белгіленген шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын-ала таныстырып, оларға қажетті материалдар табу үшін тапырма берілуі тиіс.
Тәрбие жұмысының барлық түрінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді аралауына, олардың қоғамдық беленділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғалық қалыптастыруда, ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.
Талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарда қолданылуы мүмкін.
Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу.
Болашақта атқарылатын сыныптан тыс тәрбие жұмысын үлгілеу.
Үлгіні практикада жүзеге аыру.
Атқарылған тәрбие шарасын араптау, талдау.
Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу кезеңінің мақсаты – педагогикалық жағдайды шындық тұрғысынан бағалау және ең қажетті міндеттерді таңдауда және оны қалыптастыруда өзгеріс енгізуді қажеттігін анықтауға септігін тигізеді.
Зерттеп тану жұмыстары, бізге мәлім педагогикалық зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі (бақылау, әңгіме, сауалнама, тәжірибе жүргізу т.с.с.)
2.Педагогикалың ғылымда тәрбие жұмысының формаларын түсіндірудің бірнеше нұсқалары бар.Форма – бұл іщкі мәннің сыртқы пішіні. Тәрбие жұмысының формасы дегеніміз мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынастыр арқылы көрінетін тәрбие жұмысының мазмұны. Тәрбие жұмысының формасы мына қызметтерге ие:
ұйымдастырушылық. Кез-келген тәрбие жұмысы белгілі бір ұйымдастырушылық міндетті шешуге бағытталған. Ұйымдастырушы ролінде мұғаліммен қатар оқушылар да бола алады. Тәрбие жұмысының түрлі формаларын ұйымдастырудың жалпылама әдістемесі (алгоритмі) бар. Олар бүгінгі күні дәстүрлі формаларға (әңгіме, ұжымдық шығармашылық жұмыстар, конкустар және т.б.) айналып, көптеген педагогтардың тәжірибесінде қолданылады.
реттеуші. Тәрбие жұмысының белгілі бір формасын қолдану педагогтар мен оқушылар, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге мүмкіншілік береді. Формалардың нақты түрін қолдану оқушылар тобын біріктіруге де өз әсерін тигізеді.
ақпараттық. Бұл оқушыларға тек жаңа ақпаратты беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өздерінде бар білім мен тәжірибесін белсендендіреді.
Форма шын мәнінде балаларды тәрбиелеудің мақсатын, мазмұнын, ұстанымдары мен әдістерін белгілейді. Педагогикалық теория мен практикада тәрбие жұмысының формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өткізілу уақыты бойынша барлық формаларды қысқамерзімді (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақмерзімді (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін), дәстүрлі (әрдайым қайталанатын) түрлерге ажыратады.
Тәрбие жұмысының жеке формасы сабақтан тыс уақыттың бәрін алады, олар топтық және ұжымдық формаларға араласа отырып, басқа формалардың жетістігін белгілеп отырады. Жеке формаларға әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, пікір алмасу, біріккен тапсырманы орындау, жеке тапсырма беру, көмек беру, нақты проблеманы, міндетті шешуде ізденіс. Олардың әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсіл, құралдар тән. Жеке жұмыс жасау формасындағы педагогтың басты міндеті – оқушыны танып-білу,оның дарынды қасиеттерін ашу, оқушыға тән қасиеттерді анықтау. Оқушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасау түрліше жүруі тиіс.
Топтық жұмыс жасау формаларына шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, шағын үйірмелер және т.б. жатады. Жұмыс жасаудың бұл формасында педагог қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде танылады. Педагогтың басты міндеті – бір жағынан, әрбір оқушының өзін көрсетуіне жағдай жасау, екінші жағынан, ұжымның барлық мүшелері үшін маңызды болып табылатын дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік туғызу. Топтық формада педагогтардың әсері балалардың өзара әрекеттесуі ізгіліктік тұрғысынан дамытылуына бағытталған.
Ұжымдық жұмыс жасау формаларына педагогтар мен оқушылардың түрлері шаралары, конкурстары, концерттері, қойылымдары, серуендері, спорттық жарыстары енгізіледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға байланысты бұнда педагог жүргізуші, ұйымдастырушы, қатысушы, кеңесші, көмек беруші рольдерін атқара алады.
Тәрбие жұмысының формаларын таңдауда педагог мына қағидаларды басшылыққа алғаны жөн:
жұмыстың тәрбиелік міндеттерін есепке алу; жұмыстың формасы осы міндеттерід шешуге бағытталуы тиіс;
міндеттер негізінде жұмыстың мазмұнын,іс-әрекет түрлерін нақтылау;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіншіліктерін, дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, мектептің материалдық базасын, сыртқы жағдайларды, педагогтар мен ата-аналардың мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленген міндеттерді шешу үшін әдіс-тәсілдердің жиынтығын жасау;
ұжымдық мақсат қою негізінде жұмыс жасау формасын таңдау.
Осылайша, педагог балалармен, ата-аналармен жұмыс жасау формаларын белгілей алады. Жаңа форманы құру былайша жүруі мүмкін: белгілі бір форма таңдалып, содан соң іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдері анықталады. Мысалы, сайыс немесе тақырыптық кеш өткізу идеясы пайда болса, олардың неге арналатыны, оның мазмұны қандай болатыны содан кейін белгіленеді. Немесе алдымен мазмұндық идея алынып, содан соң оны ұйымдастыру формасы ізделіп, жүзеге асырылады. Мысалы, педагогтар мен оқушылар сынып ұжымындағы қарым-қатынастар проблемасын талқылауды шешсе, оны өткізу формасы, құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері соңынан белгіленеді.
Тәрбие жұмысының түрлі формаларын есепке ала отырып, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгеру аса маңыздылыққа ие. Тәрбие жұмысының формасы егер ол оған қатысушылардың біріккен қызметі негізінде пайда болса, ұжымдық және шығармашылық сипатта бола алады. Онда
әрбір адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктері есепке алынуы керек;
жеке мақсаттар топтың жалпы мақсаттарына қарама-қайшы болмауы тиіс;
ұжымдық жұмыс әрбір адамға жалпы істен өз орнын табуға мүмкіндік береді;
бұл форма орындалғаннан кейін қайталанбайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс формалары басқа формалардан тәрбиелік міндеттерді қоюмен, оқушылардың тәжірибені меңгеруімен ерекшеленеді. Тәрбиелік шарада тәрбиеші нақты міндетті ашық түрде балаларға ұсынса, ұжымдық шығармашылық жұмыста тәрбиеші міндеттерді білдіртпей жасайды. Оқушылар бұл міндеттерді өздері «тауып, ашуы» керек, ересектермен бірге жаңа тәжірибе жинақтайды, алынған тәжірибені практикада қолдануға үйренеді.
Бұл әдістеменің негізі - ынтымақтастық педагогикасы, біріккен іс-әрекет. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формалары – ұжымдық шығармашылық жұмыстар, дәстүрлі тапсырмалар, сюжеттік-рольдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және .тб.
Ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері:
Алдын-ала жұмыстану. Педагогтар ата-аналармен, оқушылармен бірге жоспарланған ҰШЖ-тың орнын, мақсат-міндеттерін, өткізу ерекшеліктерін, уақытын белгілейді.
Ұжымдық жоспарлау. Бұнда балалар өздері ізденеді.
Жұмысты ұжымдық дайындау. ҰШЖ даярлау, өткізу жоспары нақыталнып, ұйымдастырылады.
ҰШЖ-ты өткізу, дайындықты қорытындылау.
ҰШЖ-ты ұжымдық қорытындылау.
ҰШЖ-тың жақын арадағы нәтижесі.
ҰШЖ-тар түрліше ұйымдастырлады, олардың әрқайсысы қайталанбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |