Әлеуметтік психологияда қабылдау деп басқа адамның сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі түсіндіріледі.Әлеуметтік қабылдауды мына жүйе арқылы көрсетуге болады:
- бақылаудағы мінез-құлқы мен сырт келбетін қабылдау және баға беру.
- мінез-құлық себебі мен нәтежиесі арқылы интерпретация беру және алдын-ала болжау
-өзіндік мінез-құлық стратегиясын ойластыру
Іскерлік қарым-қатынаста өзара әрекет 1-н алғаш көрген адамммен 2-н жақсы білетін адаммен әрекетке түседі. Бұрын танымайтын адамдар арасында психологиялық механизмдер қалыптасады олар; 1.топаралық, 2, тұлғааралық.
Бір адамның екінші адамды қабылдауы қарым – қатынастың міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарым – қатынастың перцепциялық жағында қарастырылады. Әлеуметтік перцепция – ортақтасу үрдісінде бірін – бірі өзін - өзі тану мен түсіну.
Әлеуметтік перцепцияның құрылымы – адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау соның негізінде бақыланушының іс - әрекетін болжау.
Әлеуметтік перцепцияның қызметттері:
-өзін-өзі тану
-ортақтасу серігін тану
-түсінісу негізінде өзара іс-әрекет ұйымдастыру
-эмоциялық қатынас орнату
Қарым-қатынастың әлеуметтік перцепция механизмдеріне идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия жатады.
Идентификация- өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі,өзін өзгеге ұқсату.Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары ,әдеттерін өз бойына сіңіріледі.