Педагогика факультетінің деканы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет42/99
Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#97113
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Байланысты:
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қарым-қатынастың мазмұнын ата?
2.Қарым-қатынастың перцептивті жағын ата?
3. Қарым-қатынастың интегративті жағына не жатады?
4. Логикалық кедергі дегеніміз не?
5. Семантикалық кедергіге не жатады?
3-4 дәріс
Тақырып: Вербальды емес қарым-қатынас.
1.Визуальды қарым-қатынас.
2.Аудиальды қарым-қатынас.
3. Жест және мимика түрлері.
Мақсаты:Студенттерге вербальды емес қарым-қатынас туралы түсінік беру.
Вербальды емес құрал түрлерімен таныстыру. Өзге адамның жест мимикасын меңгеру дағдысын қалыптастыру.
Қарым-қатынастың мынадай түрлері кездеседі.
Вербалды қарым-қатынас, өзінің кезегінде ауызша және жазбаша болып бөлінеді.
Вербалды емес қатынас біздің өмірімізде аңызды орын алады.Берілген анықтамалар бойынша 60-тан 80% ақпаратты өзгелерден сөзсіз каналдар арқылы аламыз. Қарым-қатынасқа түсуші адамдардың санына қарай былайша бөлінеді: тұлға аралық қатынас, топ немесе екі адам арасындағы байланыс.Көлемді қатынас мұнда көптеген жанама қатынастар таныс емес адамдар арасындағы байланыс. Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі былайша ерекшеленеді; тұлғааралық қатынас нақты жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жеке сапаларды меңгерген адамдар өзгелермен қатынаста біріккен әрекетте өзін-өзі көрсете алады.Ролдік қарым-қатынас әлеуметтік ролді тасымалдаушылар. Бұл қатынаста адам өзінің негізгі әрекетінен айырылады,себебі оның бір іс-әрекеті бір ролді атқару ретінде қабылданады. Вербалды емес қарым-қатынас көптүрлі. Олардың негізгілеріне визуалды, аудиалды , тактилді, ольфакторлы.
Қарым-қатынас құралдары;ақпаратты беру, шешу,қайта өңдеу, әдіс-тәсілдерді қолдану.
Вербалды емес қарым – қатынас:
1.Қарым –қатынас процесінің жүру барысын бақылауға және психологиялық байланыс жасауға мүмкіндік жасауға және қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізеді.
2.Сөздік мәтінге жаңа мағыналы көрініс беруге және сөз жүйесін тиісті арнаға бағыттауға мүмкіндік береді.
3.Эмоцияны, бағаны, қабылданған рольді, жағдайды көрсетуге мүмкіндік береді.
Вербалды емес қатынас өз еркінен сөзге мағына бермейді. Олар өздері мен және сөзбен толықтай координацияланған.
Вербалды емес қарым – қатынас түрлері:кинесика: қолдың, бастың, аяқтың, дененің, жүріс – тұрыстың қозғалысы,көз, бет бейнесі
Бейсөз құралдар сөз қарым-қатынасында маңызды қосымша болып, тұлғааралық байланысты байытады. Тиімді қарым-қатынастың маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс, қарым-қатынас ықпалының ортақтасу міндеттеріне сәйкес болу, қарым-қатынас кедергілердің жоқтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет