Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қарым-қатынас стилін ұсынған кім?
2. Авторитарлы стилдің кемшілігі мен артықшылығы?
3. Демократиялық стилдің ерекшелігі?
4. Қарым-қатынасты бар байлыққа теңеген ойшылды ата?
5. Қандай стил түрі тұлға ьдамуына қолайлы жағдай жасайды?
№ 21-22 дәріс Тақырып: Қарым-қатынас стилінің психологиялық коррекциясы.
Дәрістің мазмұны:
1.Психологиялық коррекция процесінің мақсаты мен міндеті.
2. Психологиялық коррекция процесінің элементі мен құрылымы.
3. Қарым-қатынас стилінің психологиялық түзету әдістері.
Мақсаты: Студенттерге қарым-қатынас барысында кездесетін мәселелерді түсіндіре отырып, оларды түзету жолдарын және қарым-қатынас барысында тиімді қарым-қатынас стилін таңдай білуге үйрету. 1.Қарым-қатынас стиліндегі психологиялық түзетудің мәні – тұлғаның ішкі әрекеттері мен тұлғааралық қарым-қатынас стилінің үндесуінде жатыр. Адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасы – ол адамның өзіне деген және қоршаған ортаға деген позитивті қарым-қатынасына негізделеді. Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы әлемінің үндесуінің дамуы жағымды қарым-қатынаскезінде жүзеге асады. Ал керісінше дұшпандық, мәжбүр ету, басшыға бағыну сияқты жағымсыз қарым-қатынас кезінде адамның өзіндік «мен істей аламын» деген ұстанымы жойылады. Осы кезде адамда өзіне деген сенімсіздік пайда болып, жағдайды басқара алмай қалады. Психологиялық түзету процесінің негізгі мақсаты:
-тұлғаның эмоционалды-рефлексиялық босатылуы;
-тиімді қарым-қатынас стилінің өнімділігіне ие болу.
Бұлардың жүзеге асуы адамдар адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты бұзатын іс-әрекеттердің шығуына себеп болатын «мен істей аламын» және «мен істей алмаймын» деген құрылымдардың мағынасын ұғынуға байланысты. Сонымен қатар, психолог маман мынадай басты 5 міндетті шешуі қажет:
отбасының және қоғамның эмоционалды және іс-әрекеттік модельдеріне негізделген жекелік фактілерін ұғыну;
өз-өзіне сенімсіздік, өзге адамның позитивтік мәнділігіне сену және өзіндік сананың жойылып кеткен бөліктерін қалпына келтіру;
«Мен істей алмаймын» құрылымын тудыратын қорқыныштың қарқынды эмоцияларынан, ұялудан босау және тұлғаның өзіндік белсенділігін төмендететін жағдайдан босау;
Қарым-қатынас кезінде жағдайды адекватты қабылдауды бұрмалайтын негативті эмоционалды құрылымның өзгеруі;
Шынайы қарым-қатынас кезінде өздігінен дамып отыруы.
2.Қарым-қатынас стиліндегі психологиялық түзету процесі бір-бірімен тығыз байланысқан жеті элемент жүйесінен тұрады. Олар: клиенттің жеке тарихы мен өзара қарым-қатынас мәселесінің анализі; қоршаған ортаға деген позитивтік қарым-қатынастың дамуы; өзін-өзі танудың кеңеюі; позитивті психологияның, белсенділіктің қалпына келуі; рефлексивті және эмоционалды түрде қабылдаудың тазаруы, қарым-қатынастың араласу стратегиясына ие болу; теңестіру механизмінің дифференциациясы менинтеграциясының жекеленуі. Бұл элементтер басқару стилінің мына элементтерін сәйкестендіріледі; тұлғаның қоршаған ортаға деген қарым-қатынасының өзіндік санасының құрылымы, жеке кеңістіктегі адамның белсенділігі, сонымен қатар, осы аталған элементтердің нәтижелілігі қарым-қатынас стиліндегі сәйкес, элементтердің белгілерімен сәйкес келеді.
Клиенттің тұлғалық тарихы мен өзара қарым-қатынасындағы мәселелер сараптамасы.
Қызметі: себеп-салдар байланысын түсіну қазіргі уақыттағы өзара қарым-қатынастағы мәселелер – социумның және жанұяның деструктивтік эмоционалдық және тәртіптік модельдері нәтижеліктің көрсеткіштері: қорғаныштылық қуаныш, қызығушылық, ізденушілік жағдайы арқылы өзінің өзгелерден бөлектілігін, жеке даралығын түсіну. Қарым-қатынас стилін жүзеге асыру қажеттілігімен көрінетін өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі бұзуңға жауаптылықты қабылдау.
Әлемге позитивтік қатынастың дамуы.
Қызметі: Өзінің жеке тұлғалық қасиетіне өзгенің басқалармен теңбе-тең әрекеттесу мүмкіндігін дамытатын позитивтік қасиетіне және рухани беделіне деген сенімнің тууы. Рухани беделге деген құрметпен қоса өзінің беделіне де арқа сүйеу. Нәтижелік көрсеткіштері: өзінің және өзгенің рухани беделіне деген сенімнің жарық жақтары; өзіне де өзгеге де позитивтік қатынас. Позитивтік эмоционалдық жағдайларды уайымдаумен білінетін өзгеге деген сеніммен қоса өз шешімдеріне , толғауларына, көзқарастарына деген сенім.
Өзін-өзі түсінуді кеңейту.
Қызметі: Өзін-өзі түсінудің депривиртті бөлімдерінің эмоционалдық және рефлекстік потенциалдарын босату.
Нәтижелік көрсеткіштері: мойындауға деген қанағаттандырылған тартылыс, өз жынысына, денесіне, атына деген клиенттің позитивтік қатынасы, өткенді, қазіргіні және болашақты түсініп қабылдау, құқықтар мен міндеттерді түсініп қабылдау.
Позитивті психикалық белсенділіктің қалпына келуі.
Қызметі: Денеде қалыпсыздық тудыратын қорқыныш, кінәлілік, реніш, ашусияқты қарқынды эмоциялардан босау.
Нәтижелік көрсеткіш – денедегі толқудың балансы және осының салдарынан эмоционалдық көңіл-күйдің жағдайының өзгеруі.
Эмоционалды-рефлексивті түрде қабылдауды тазарту.
Қызметі: клиенттің өткен тәжірибесінде болған қарым-қатынаста агрессия тудыратын қарым-қатынас жағдайында нақты емес қабылдауға негізделеді.
Нәтижелік көрсеткіштері: қорқыныштың, қорғансыздықтың интенсивті түрде төмендеуінен, қарым-қатынастағы тұйықтықтан шығу.
Психологиялық түзету процесінде ең маңыздысы психолог пен клиенттің қарым-қатынасы. Бұл жағдайда психолог клиенттің жеке ерекшеліктерін анықтау үшін түрлі әдістер қолданады. Психологиялық түзетудің іс-жүргізуші жағы мынадай 5 тұжырымнан тұрады:
Психолог клиентпен жағымды қарым-қатынас орнатып, клиенттің өзіне деген сенімділігін арттырады.
Психолог сенімділікті ескере отырып, “теңестіру” механизміне сүйеніп, клиенттің жеке әлеміне енеді.
Психолог клиентпен кеңесе отырып, одан жағдайды өзгерту қажет пе, әлде дәл сол күйінде қалдыру керек пе соны ақылдасады.
Психолог өзінің жауапкершілігін күшейтеді, клиент өзін психологтың кеңістігіне бейімдейді.
Психолог клиенттің сенімділігін күшейтеді, клиентке өзін сенімді сезінуге, өзінің дамуын қадағалауды біртіндеп психологтың кеңістігінен алшақтауға үйретеді.
3.Сенім орнату әдістері.Психологиялық түзету процесінде клиент пен психолог арасындағы сенімді қарым-қатынас маңызды роль атқарады. Психолог бұл жағдайда клиенттің даралық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі әдістерді қолданады. Алайда психолог пен клиенттің қарым- қатынасы мен түрінен тәуелсіз түзету процесінің мәні өзгеріссіз қалады. Яғни психолог клиент сенімін саналы түрде әрекет етудің басты құралы ретінде ұстайды. Осыған орай өзара түсінісіп қана қоймай, сонымен қатар клиент тұлғасында басты өқзгерістер көрінеді.
Сенім - бұл адамдарға әсер ететін кез-келген кәсіптің маманы секілді психолог жұмысы үшін де ең маңызды сезім. Егер клиент пен психолог бір-біріне сенбесе, клиентке көмек көрсету мүмкін емес. Сенім құралын саналы қолдана отырып, психолог клиентті өзіндегі ұсақ өзгерістерді байқауға және бағалауға үйретеді. Осының нәтижесінде қажет бағытта қозғалуға болады.
Сонымен қатар, бір уақытта жауапкершілік және рефлексия құралын пайдаланады. Осы клиент пен отбасының тарихы туралы сыр бөліседі, фактілерді жинап оларды сараптайды, метафорлы мағынаға толы өсиет айта отырып, әзілдейді. Бұның нәтижесінде клиент ситуациядан шығып, өзінің ауыр жағдайын ұмытады.
Психологтың мақсаты – клиент дискомфортты өзі сезініп, оның себебін сараптап, ішкі тепе-теңдікті сақтауға үйретеді.
Сенім тіралы психолог пен клиенттің қарым-қатынас аумағындағы жекелік кеңістікті біріктіруде қолданылса, рефлексия және жауапкершілік құралы кеңістікті бөлу құралы ретінде қолданылады. Қарым-қатынас стилінің басты критерилері: сенім, рефлексия және жауапкершілік – бұл үшеуі қиын араласады. Бұл қалай жүреді?
Қарым-қатынас бір кеңістіктегі клиентпен сенім орнату;
Клиенттің жеке кеңістігіндегі психолог пен клиенттің бір-біріне ұқсауы, сенімнің күшеюі;
Қарым-қатынас ортақ кеңістігіндегі жағдай өзгеруінің мүмкіндігін ұғыну, қарым-қатынастың тұйық жағдайын иемдену;
Психолог кеңістігіндегі сенімнің күшеюі;
Қарым-қатынастың ортақ кеңістігіндегі жауапкершілікті күшейту.
Қарым-қатынас стилін психологиялық тузету үшін қолданылатын барлық әдістерді 3 топқа жіктеуге болады: