Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Іс-әрекет психологиясы, іс-әрекеттің негізгі түрлері. Ойын, оқу, еңбек әрекеті



бет85/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Іс-әрекет психологиясы, іс-әрекеттің негізгі түрлері. Ойын, оқу, еңбек әрекеті.

Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.
Ойын- өмірдің  керемет  құбылыстарының  бірі.  Пайдасыз  болып  көрінетін  қажетті  іс-әрекет.  Психология  үшін  ойын  өте  қиын  әрі  маңызды  проблема  болды. Бала  ойынының  әр  түрлі  теориялары  бар.    Ойын  іс-әрекет  ретінде  тұлғаның  қоршаған  шындыққа  нақтылы  бір  қатынасын  көрсету  болып  табылады.  Әлемді  бейнелей  отырып,  оны  түрлендіру  қабілеттілігі- адам  ойының  мәні.  Адамның  бұл  қабілеттілігі  бірінші  рет  ойында  пайда  болады  және  ойында  қалыптасады.  Еңбекпен  байланыса  отырып,  ойын  одан  өзгеше  болады.    Адам  еңбек  ету  кезінде  өзіне қажетті  әрекетпен  бірге  істегісі  келмейтін  әрекетті  де  жасайды.  Ал  ойын  кезінде  мұндай  жағдай  болмайды.  Ойын  әрекеті  бұл  тікелей  қызығушылық  тудыратын   әрекет.  Ойында  мақсаттары  маңызды  әрекеттер  ғана  жасалады.  Ойын  әрекеттері  түрткідегі, мотивтегі  әрекет  мағынасын  көрсетуі  керек.  Осы  өзінің  ерекшелігіне  байланысты  ойын, қажеттіліктердің  кездесуі,  оның  әрекетінің  мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет