Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің ролі неде?



бет53/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

3.Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің ролі неде?

Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда орасан зор роль атқаратын – мұғалім.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Ата- аналар  мұғалімге өздерінің балаларын, яғни өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсырады. Мұғалімге балаларды оларға ықпал жасау бәрінен де жеңіл болатын кезінен бастап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Бұл орасан зор сенім мұғалімдерге ұлы жауапкершілік жүктейді.

Музыка мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең ардақты әрі қадірлі мамандықтардың бірі деуге болады. Қазіргі кезеңде – музыкалық тәрбие беру және жаңа адамды қалыптастыру ісіне аса маңыз беріліп отырғанда мұғалімнің рөлі  мен жауапкершілігі ерекше арта түседі.

Балаларды сүйетін, балалардан, біздің жастарымыздан ұлы еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін барлық күшін жұмсағысы келетін адам ғана нағыз мұғалім бола алады.

 Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.

Мұғалімнің  еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуы тиісті, сонда ғана ол  балалар алдында беделді бола алады.

 Музыка мұғалімі тек музыка пәнінен сабақ беретін маман емес, ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болып саналады. Ол өзінің күнделікті жұмысында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық принцип негіздерінен қолдана отырып, оқушыларды жалаң ән музыкаға үйрету міндетін іске асырумен шектелмей, оларды өнегелік негізге бағыттайтын тәрбиемен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет