Өзін өзі тану пәнінің мақсат-міндеттері.
Өзін- өзі тану пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:
Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
өзінің өмірлік позициясын анықтау;
әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |