Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Естің түрлері: қозғалыс есі, эмоциялық ес, образдық ес, сөздік-логикалық ес



бет103/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

Естің түрлері: қозғалыс есі, эмоциялық ес, образдық ес, сөздік-логикалық ес.

Ойда қалдырыратын не қайта жаңғыртатын нəрсенің

сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық жəне эмоциялық естер. Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек əрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мəселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі больш табылады. Мəселен, əріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайдъі. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда калдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, м узыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз аддына жақсы келтіре алады. Мəселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына: "Қарашы, мынау адам есіңізде ме?" деп сұрайды екен. Танысы: "Жоқ, білмеймін" десе, "Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын п2лендей көшеде кездестірген жоқпа едік?" — дейді екен. Адам ойының түрлі формаларын, (үғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау — ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар менматематиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мəселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше əсер қалдырған нəрселердің бəрі есімізге опоңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мəселен, біздің əрқайсымыз Ұлы Отан соғысының жеңісін ойлаған күн — 9 Мамырды немесе Ю.А.Гагариннің космосқа бірінші жол салған күні — 12 сəуірді, жыл сайын мерекеленетін Наурыз-тойын, Қазақстан Республикасының теуелсіздік алған күні — 16 желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз. Адам сондай-ақ бір нəрседен қатты қорықса да,тентектік жасап, өзін ұялтқан күнді басынан кешірсе, мұндайды еш уақыт ұмытнайды. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К.С.Станиславский (1863-1938) жақсы айтқан: "Егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып жəне қызаратын болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз — сізде сезінуесі немесе эмоциялық естің болғаны". Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мəселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы рөл атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түрі болып табылады. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын көрсетіп отыр. Мəселен, адамныңы материалды канша мерзімге сақтай алатындьгғына байланысты ес қысқа жəне ұзақ болып екіге бөлінеді. Қысқа уақыттық естің əрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы тексті көшіріп жазғанда, мүны түрліше жолдармен (жеке əріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет