Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құрылымдар



бет58/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

2. Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құрылымдар.
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды , өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ , ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады.Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Ересектің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оның дамыәр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін.
Жеткіншек жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгерістермен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне жаңа құрылым оның өзі ту ралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет