Педагогика және психология факультеті


Жас өспірімнің өзін-өзі сыйлауы және оның функциялары



бет63/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
3. Жас өспірімнің өзін-өзі сыйлауы және оның функциялары.
Жеке адамның көбіне жас өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендегі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейлі жекелщей өзін-өзі бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше артты руы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген факторлар – ата-аналардың көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді. Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға бай ланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді ( құрдастарын да ) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып ( әдетте, кейінірек мектептен кеткеннен кейін ) беріледі.
Жас өспірімнің өөіне деген сенімі қа ншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіпті. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста көбінесе қиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөлде көріну қажеттігі ішкі құрбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен баға лауын нығайта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет