Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ халқының некек құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру тәртібі?
2. Ертедегі қазақ еліндегі неке құрудың негізгі жолдары?
3. Ерлі-зайыптылардың жас ерекшеліктер мәселесі?
4. Қазақ еліндегі қыз алысу мәселелері?
5. Неке мәселесіндегі шариғат қағидалары?
6. «Бесік құда» дегеніміз не, түсінік беріңіз?
4 лекция Қазіргі отбасының қызметі, құрылымы мен дамуы. (1 сағат)
Жоспары: 1. Отбасының құрылымы мен дамуы. 2. Отбасы қызметтері; 3. Отбасы түрлерінің жіктелуі Мақсаты: Студенттерге отбасының құрылымы мен дамуының мәнін ашып көрсетіп, қазіргі таңдағы обасылық қызметтермен таныстырып, отбасылық жіктеулерді талқылау.
Лекция мәтіні: 1. Отбасы құрылымына – отбасы құрамы мен саны, сондай-ақ оның мүшелерінің өзара байланысының жиынтығы кіреді. Отбасы құрылымының талдаулары бірнеше сұрақтарға жауап береді, мысалы отбасылық қызмет қалай жүзеге асады, отбасында кім жетекші, кім орындаушы ролін атқарады, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген. Отбасы құрылымы бойынша отбасылардың әр түрін бөліп көрсетуге болады. Бір отбасыларда барлық қызметтерді ұйымдастыру мен жетекшілік ету бір адамның қорында, ал кейбір отбасылардың басқаруында барлық мүшелері теңдей қатысады. Бірінші жағдайда авторитарлы жүйе, ал екіншіде демократикалық жүйеде айтылады.
Отбасы көбіне міндеттердің теңдей бөлінуіне, сондай-ақ отбасылық мәселелерді шешуге теңдей қатысуға бағытталған.
Отбасы дамуы. Отбасының қызметі, құрылымы сондай-ақ олардың әртүрлі жағдайда бұзылу мүмкіндігі отбасы дамуының әртүрлі кезеңдерінде едәуір өзгереді. Өмірлік циклді негізгі этаптарға бөлудің әртүрлі жүйелері бар. (Е.Дювал 1957) W.Bove
Васильев өмірлік циклді 5 кезеңге бөлді.
1. Некеге тұрғаннан соң отбасының құрылуы мен бірінші баланың туылуына дейін;
2. Балалардың туылуы мен оларды тәрбиелеу. Бұл кезең ең болмағанда бір баламен жұмыс әрекетінің басталуымен аяқталады.
3. Отбасылық тәрбиелік қызметтің орындалуының аяқталуы. Бұл кезең баламен жұмыстың басталуынан бастап, ата-ананың қамқорлығынан барлық балалардың шығып кетуіне дейінгі аралықты құрайды.
4. Балалардың ата-аналармен бірге және ең болмағанда біреуінің өзіндік жеке отбасының болуына дейін.
5. Жұбайлардың жеке отбасылары бар, өздері жеке немесе балалармен тұруына дейін.
2. Отбасы – жалпы шаруашылықта бірге жүруші, әйел мен ердің, балалар мен ата-аналардың, ағалар мен қарындастардың қарым-қатынастары, сондай-ақ ерлі-зайыптылық одақ және туыстық байланыстарға негізделген жекелік болмыстың негізгі формасы, қоғамдық ұйым (кіші әлеуметтік топ) болып табылады. Отбасы жалпы қоғамда да, жеке өмірде де маңызды ролі атқарады.
Отбасының тіршілік аумағы, оның жекелеген мүшелеріне ғана емес барлық қоғамда тұтастай маңызды.
Қоғамдық ортадағы отбасылық қызметтердің жекелік және қоғамдық маңыздылығы былайша сипатталады:
отбасының тәрбиелік қызметі -
отбасының тұрмыстық-шаруашылық қызметі –
отбасының эмоционалдық қызметі –
отбасының рухани-мәдени қатынас қызметі –
отбасының бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі –
Уақыт өте келе отбасылық қызметтерді бірнеше өзгерістер болады, мысалы жаңа әлеуметтік жағдайларға байланысты жойылады, өзгеріске ұшырайды. Біздің қоғамдағы жаңашыл отбасылар тұқымқуалаушылық, мұра арқылы берілген қызметтерді арттырумен айналыспайды. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі де өзгереді. Некелік – отбасылық қатынас аумағында бұзылушылық деңгейі де жоғарылады, мысалы некесіз бала босану, ерлі-зайыптылық ұрыс-керіс. Ажырасу отбасындағы лайықсыз қасиеттің жазасы ретінде қарастырылмай қойды.
Жаңашыл отбасында эмоционалды, рухани қатынас, жыныстық-эротикалық, тәрбиелік қызметтердің маңыздылығы арта түсуде. Неке көбіне шаруашылық-материалдық емес эмоционалды байланысқа негізделген бірлестік ретінде қарастырылады.
Отбасылық қызметтердің бұзылуы – тіршілік әрекеттегі отбасылық қызметтердің орындалуының қиындауы немесе мүлде орындалмау ерекшеліктері.
3. Отбасының жіктелу проблемасына келгенде, кейбір қиыншылықтар пайда болды, отбасы мен неке формасының, түрінің саны өте көп болғандықтан оларды нақты санмен белгілеу қиын. Осы жағдайда ғылыми әдебиеттерде бәрінен жиі кезедсетін отбасының ең негізгі белгісіне тоқтап кету орынды деп есептейміз.
1. Құрамы бойынша: а) Нуклеарлық (қарапайым) отбасы қалай толық болса, солай орта бола алады. Күйеуі, әйелі және балалары бар отбасы толық нуклеарлық отбасы деп есептеледі. Орта нуклеарлық отбасы – жұбайлардың бірінсіз: әдетте, ана баласымен болатын отбасы. Орта нуклеарлық отбасы ажырасу нәтижесінде жиірек, ал сирек жағдайда жұбайлардың бірі қайтыс болғанда немесе жалғыз әйел мен еркектің бастамасымен бала асырап алған жағдайда пайда болады. Орта нуклеарлық отбасындағы барлық өірлік тәртіп басқа отбасының тәртібінен күшті ерекшеленеді.
Толық нуклеарлық отбасы - басқа отбасылар арасында ең көп таралған форма. Онда жұбайлар мен олардың балалары өзін-өзі қалыптастыру, қабілетін көрсету үшін көп жағдайлар жасалған. Солай болғандықтан осы жағдайда жұбайларға олардың ата-анасының күшті ықпалы білінбейді. Бала тәриесі үрдісінде күрделі отасындағыдай бұл мәселеде түрлі ұрпақтың арасында пікір келіспегендігінен туындайтын апатты жағдай азырақ болады.
ә) Күрделі отбасы. Отбасының бұл типінің ерекшелігі – отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады. әртүрлі ұрпақ адамдарының бір отбасында өмір сүруін мәжбүр ететін негізгі екі себеп бар. Олардың бірі мынада: жас жұбайлар ата-анамен тұруды қалайды, өйткені бұл тұрмыстық және материалдық аспектін жеңілдетеді.
Б) Үлкен отбасы. (10 және одан да көп мүшелері бар) біздің уақытта сирек кездеседі. Мұндай отбасында бала үшін проблема жоқ, байланыстың әр алуандығы бар, өзара көмек күшті дамыған. Дәу едәуір азырақ, өйткені өмір мұндай үлкен отбасында оның әрбір мүшесін өнегелі және қайырымды болуыға мәжбүр етеді.
2. Балалар саны бойынша: а) Баласыз отбасы. Отбасыда бала болмаудың негізгі себептерінің бірі – жұбайлардың бірінің бала тууға кедергі болатын дене сырқаты немесе кешеуілдеп қалған неке.
ә) Бір балалы отбасы.Мұндай отбасы әсіресе, кейінгі уақытта көп тарала бастады. Себебі, баланың ата-аналар жағынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін қарым-қатынас негізгі нысана болуында. Жалғыз балаға сапалы тәрбие, білім беруге, материалдық жабдық жасауға қолайлы болатындықтан, отбасының көбі бір бала болуды қалайды.
Б) Аз балалы отбасы. Мұндай отбасында екі-үш бала болады. Бір балалы отбасына қарағанда орнықты болады.
В) Көп балалы отбасы. Төрт және одан да көп балалы отбасы көп балалы деп ептеледі. Мұндай отбасында ажырасу сирек кезедеседі.
3. Отбасының стажы бойынша: мұндай отбасының типтері бар: а) жас жұбайлар; б) жас отбасы; в) баладан үміткер отбасы; г) балалары бар жас отбасы; д) орта жастағы жұбайлар отбасы; е) егде жұбайлар жұбы.
4. Географиялық белгісі бойынша: а) қалалық; б) ауылдық;
5. Отбасындағы басшылық типі бойынша: а) өктем отбасы; б) эгалитарлықө отбасы;
6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы жне жағдайы бойынша: а) сәтті отбасы; ә) әлеуметтік сәтсіз отбасы; б) ұстаздығы әлсіз
7. Отбасындағы тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша: а) шаруашылық-тұрмыс ұясы үлгілі отбасы; ә) балаорталық отбасы; б) жұбайлық отбасы; в) патриархалдық отбасы; г) пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі отбасы. ғ) отбасы “жұбаныш”;
8. Әлеуметтік құрамының біркелкілігі бойынша: а) әлеуметтік гомогендік отбасы. ә) әлеуметтік-гетерогендік отбасы
9. Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша: а) дистанттық отбасы; ә) студенттік отбасы;