Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін


Отбасы психотерапиясының әдістемесі



бет55/71
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139626
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
Tashtauova.OtbPx
Tenizbaeva.JasErPs, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
Отбасы психотерапиясының әдістемесі – ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы жаңа келген мектептердің арқасында көптеген көлемдегі техниклармен қаруланады. Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер: директивіт (нұсқау) әдістеме, отбасылық пікір талас;
Психотерапевтік кез-келген жұмысты жүргізер алдында қандай мақсат мен міндеттер қарастырады соны анықтап алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде соңғы кездерді осы мәселеге аса назар аударуда. Көптеген мақалаларда психологиялық келісім және отбасымен мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы келісімнен туындайтыны айтылады. Психологиялық ықпал мен жеке жұмыста мақсатты құрастыру қиындық туғызбайды, ереже бойынша емдеуге отбасы мүшесі немесе туысы маманның алдына бірнеше міндеттер қояды. Психокоррекциялық жұмыс әлеуметтік жүйенің кейбір түрімен әсіресе отбасына байланысты болғандықтан міндеттерді қоюда қиындық туғызады. Жалпы мақсат өзгеру қоғамда, отбасында жүйелі қатынасқа бағытталса, ол жекелік мақсаттардан шығып отыруы керек. Отбасы жұмысында мақсат төрт басты деңгейден қарастырады.
2. Ата-аналармен жүргізілетін терапия. Өз балалары үшін көмек сұрап келетін ата-аналармен қатынаста терапевттік қарым-қатынасты анықтау проблемасы күрделірек болады. Өз шағымын балаға ғана шоғырландыра отырып, ата-аналар өз бастарын сыннан қорғайтындары соншалықты, тіпті өздерінің де осы жағдайға қатысты екенін және кейбір көмектерге мұқтаждықтарын теріске шығарады. Бұл — терапия ұсынатын терең түсінісумен қатар, ерекше әдетті қажет ететін кезеңдерінің бірі болып табылады. Терапия терапевттік жағдайдағы адамдарға ғана көмек бере алады. Көмек берудің ешқандай ғажайып жолы жоқ. Сондықтан да клиенттің балалармен қарым-қатынасын дұрыс орнатуға, бастығымен, күйеуімен (әйелімен) қарым-қатынастарын орнатуларына көмек берудің мәні бар, бірақ, бірден немесе тікелей осы үшінші адамдарға әсер ету туралы сөз болуы тіпті де мүмкін емес. Осыған сәйкес, кеңес беру барысында ата-аналарға берілетін көмек ең бірінші олардың өз балаларымен қарым-қатынасына қатысты екендігін және бұл көмектің тек өздеріне қажет екендігін біртіндеп түсіндіру керек.
Енді тағы бір оқиғаны алып көрейік: өзінің төрт жасар қызымен қарым-қатынасы проблемасымен анасы клиникаға көмек сұрап келген. Ол қызының қырсықтығы мен жағымсыз қылықтары туралы айта отырып, "ертеден кешке дейінгі соғыс" деп өзі атағандай, нағыз күресті сипаттап берді.
С. (терапевт) миссис Дж.-нын қызы Пэттиге берген сипаттамасына сай, олардың арасында қандай да бір проблема бар екендігін атап өтті. Миссис Дж. оны растай отырып, қалай болганда да бір нәрсе істеу керек деді. С. келісе отырып: Бірақ, бәлкім, ол шара көбінсе дәл сіздін тарапыңыздан болуы керек шыгар. Мысалы, сіз күнделікті Пэттиді ұйықтауға немесе тағы бірдене істеуге қалай мәжбурлейсіз?" — деді Миссис Дж. әдетте оны "сатып алуга" тура келетінін, өйткені басқа тәсілдер еш көмектеспейтінін айтты. С. балалары мен олардың аналары осында терапевтпен: баласы — біреуімен, ал анасы — екіншісімен кездесуі үшін, өздері жеке шеше алмаган ортақ проблемамен бірлесіп жумыс істеу үшін келетінін әңгімеледі. Бірақ әрқашан да әрбір нақты оқиганың көптеген нұсқалары болғандықтан, не нәрсе жасалатыны мулдем белгісіз болады. Қалай болғанда да жұмыстың едәуір бөлігі анасының мойнына түсетінін және ол тұрмыстық үй жағдайында баласының мінез-қүлқына әсер етуге багытталған іс-әрекеттермен байланысты болатындығын алдын ала анықтауга болады. Миссис Дж. бұл айтылғандарға келістіде" өзінің күткені де осы екенін айтты, оған жай ғана бір шара істеуі керек екендігін ол білетін. Ол тіпті өзінің туған-туыстарына да бара алмайтынын, өйткені оның баласы осындай нашар мінезді және ол осыны туыстарының білгенін қаламайтындығы туралы айтты. Ол күліп жіберді де: "Көп аналар бұлай деп айта алмайды, бірақ менің балам жаман екенін мен білемін", — деді.
Осы қысқа үзіндіде көмектесуші қарым-қатынастың барлық назары шешесінің қызына деген қатынасында бірдеңе істеуі керектігіне шоғырланып тұр және оқиғаны осылайша анықтау уақыт өткен сайын нақтылана түседі. Себебі анасының айтқандары баласының көзқарасы турғысынан емес, Керісінше, екеуінің арасында қалыптасқан қарым-қатынасты өзгертуге талпынған күштердің қақтығысуы тұрғысынан қарастырылып отыр.
3. Ойын терапиясы. Белгілі бір себептерге байланысты ойындық терапия студенттік кеңес беру мен ата-ана немесе ересек адамдар терапиясынан мүлдем өзгеше болып көрінуі мүмкін. Құрылымына қарай ол өте қарапайым және біздің терапиялық өзара қарым-қатынасты анықтау деңгеніміз туралы айтқандарымыз тең дәрежеде ойындық терапияға да қатысты. Ең көп байқалған ерекшелік —ойындық терапиядағы өзара қарым-қатынас сөзбен емес, көбінесе іс-әрекетпен анықталуында. Терапевттің балаларға деген достық қызығушылығы мен эмоциялы көңіл аударуы, ықыласы көптеген елене бермейтін әрекеттерден көрінеді. Сенімділік қарым-қатынастар балалардың көбірек батыл әрі шешуші әрекеттерді істеп көруіне және осы әрекеттердің қабылданып жатқандығын түсінуінің мөлшеріне қарай біртіндеп қалыптасады. Көбінесе қандай да бір кезекті агрессивтік әрекеттен кейін, мәселен суды шашу, барынша қатты айғайлау немесе қуыршақты қинау сияқты әрекеттерден кейін бала кінәлі көзқараспен қарап, қандай да бір қолдамау немесе жақтырмауды күтеді. Бірақ осыған ұқсас ештеңе болмаған соң бала қарым-қатынастың осындай жаңа түріне, яғни көп нәрсеге рұқсат берілгеніне және бұрынғы үйреншікті өмірлік тәжірибесіне мүлдем ұқсамайтындығына біртіндеп үйрене бастайды. Осы уақыт оның, яғни ол өз қалауы бойынша күштеусіз, нұсқаусыз немесе зорлық-зомбылықсыз пайдаланылатыны туралы фактіде сөз арқылы анықтаудан гөрі, осы еркіндік тәжірибесі арқылы менгеріледі. Бұл жерде сөз тек белгілі бір шек қоюларға байланысты үлкен рөл атқарады. Бала осы тәжірибені орнатуға арнайы уақыт шеңберлері мен эмоциялы қатысушылықтың белгілі бір шегі болатынын, деструктивті әрекеттердің шегі бар екенін түсіне бастайды. Себебі терапевт басқа да балаларды осындай жағдайда күнделікті көріп отырады. Сондықтан терапевттік жағдайда белгілі бір шек қоюларға байланысты проблемаларға сәйкес, балаларға да, ересектерге де қатысты бірқатар сұрақтар туындайтындықтан, оны біз толығырақ талқылайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет