Дәріс №14. Дәрістің атауы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны. (2 сағат. 14 апта)
1 Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
1.Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.
Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау қажеттігі туындайды. Олар, мәселен, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса тиімді болар еді:
Мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын анықтау (болжау бағыт);
Халықтық педагогика жайлы қажет білімдер және педагогикалық дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі, көпұрпақтығы, сапалық қасиеттерді қалыптастырудағы тәрбиелік құндылықтардың сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт);
Тәлімдік дәстүрде негіз қаланған халық даналығы байлығы мен тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт).
Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас педагогикалық процесте – меңгерудің шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар:
Педагогтардың ұрпақтар байланысын отбасындағы қарым-қатынастағы секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі;
Халықтық педагогикалық мәдениетті ауызша шығармашылықтар туындыларымен, жазба мұралар, архитектуралық ескерткіштер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру;
Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы қайнар көз – ана тілін жетік игеру.
Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай педагогикалық пайдаланғанда ақыл-ой, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесіне, ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады.
Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық педагогикасының озық идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін есепке алып жүзеге асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы жаңадан қалыптасып жатқан дәстүрлермен ұштастыру); қоғамдық-тарихи тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын балалардың отбасы тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және олардың белсенді қызметіне тарту:
Оқушыларды халық педагогикасының құралдарымен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми негіздеу (мұның өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді).
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.
Мектептер үшін ата-бабалар қол еңбегі мен халықтық өзге жетістіктерді, халықтық медицина тәжірибесі, адамның мінез құлқына талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы «Қазақ халқы педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді.
Халықтың педагогикалық шығармашылығы мұраларын сабақтауда және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен пайдаланған тиімді. Ауызша халықтық шығарма, туған тіл баланың жан дүниесіне енеді. Мақалдар, мәтелдер балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе, жұмбақтар ой-өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді, тұлғаның моральдық-жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесі құралдары, әдістері мен тәсілдерді қызметін атқаруы қажет.
Халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі өмірі мен бүгінгі жағдайы айырмашылығын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен эпостарды оқып үйрену негізіне салыстыру мен теңеу әдісі алынғаны тиімді болар еді.
Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.
Оқушыларда халық шығармашалығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашылығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге кластан тыс жұмыста, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.
Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не өзге деңгейде байытуы тиіс. Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.
Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.
Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тәрбие.
2-ші бөлім: Арнайы тәрбие.
Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескертетін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру. Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем халықтарының озат тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалану.
Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы пәндер болады. Олар:
Өнер және Әдеп. /6-7 кл. Арналған/.
Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің әрбір саласының іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, шығармашылыққа, іскерлікке үйрету; халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.
Қазақ халқының салт-дәстүрі. /8-9 кл. арналған/.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігін, психологиясын, дүниетанымын, ойын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін олардың санасына сіңіру арқылы халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен түсінік беру.
Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/.
Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай тарихынан /әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру.
Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы бар».
Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тәрбие. Бұл түрлі әдіс-тәсілдерге, баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.
Халықтың, мәдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму негіздерін зерттеу;
Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері», «ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б. үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.
Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;
«Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру;
Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру.
Ата тарихын зерттеу, зерделеу. Сол арқылы баланы ел тарихына, өз әулетіне, тегіне үңілуге баулу;
Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.
Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен кездесу кештері, пікір алысу.
Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері, шежірелері бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру;
Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;
Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;
Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында «Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.
Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық, ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық киім формасын және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу.
Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этномәдениеті, этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық ағарту-тәрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-4 класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер» бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және тілектеріне қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.
Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәсімдік символдық елтаңбасын /эмблемасын/ иеленеді.
Сендіру-сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция – бұл ең жетекші әдісі. Сөйтіп бұл әдісті сендіру әдісі деп айтамыз.
Практикалық әдіс. Жағымды мінез-құлыққа жаттықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық азаматтық, пионерлік тапсырма беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияға қатыстыруға тапсырмалар беру; Ойындар пәнді, әскери т.б. жылжымалы ойындар арқылы жығымды әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу.
Ынталандыру – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды», - дейді. «Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері).
Этнопедагогика- ғасырлар бойы қалыптасып, одан әрі қарай дамып, келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық, дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп, ғылыми жүйесін саралап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілікпен қажырлы ғылыми еңбектерге байланысты. Мектептерде арнайы сабақтар, жоғары оқу орындарында арнайы курстар ұйымдастыру қажеттіліктері туындауда. Өйткені барлық оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу жұмыстары этнопедагогикамен байланысты жүргізу тиімді, әрі нәтижелі болу. Барлық жерде оқу тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш бола алады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай түрлері бар?
2.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану жолдарына түсініктеме беріңіз.
3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?
3. Этнопедагогика пәні бойынша практикалық сабақ
тапсырмалары.
№1. Практикалық сабақ атауы. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі
2. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
3. Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды көрсет
2.Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидаларының үндестігін салыстыра отырып ажыратып бер.
3.Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан бөлінген? Қандай салалармен байланысты?
4.Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар?
5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді?
№2. Практикалық сабақ атауы. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы. (1 сағат.2 апта)
1.Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі
2.Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Этнопедагогика пәні қалай қалыптасты?
2. Этнопедагогиканың маңызды қасиеттерін сипаттаңыз.
3.«Этнопедагогика» мен «халықтық педагогика» ұғымдарының өзара қатынасы қандай?
4.Орхон-енисей ескерткіштеріндегі халық педагогикасының көріністерін түсіндіріңіз.
5.А.Байтұрсыновтың лингвистикалық, ағартушылық еңбектерi.
6.Ш.Құдайбердиевтiң дiни-философиялық көзқарастарына сипаттама бер.
7.Я.А.Коменский бойынша отбасылық тәрбиенің тақырыбын ашып көрсет.
8.К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеяларының қазіргі адамгершілік тәрбиесінің теориясына қандай маңызы бар.
№3. Практикалық сабақ атауы.Этнопедагогиканың этникалық компоненті. (1 сағат. 3 апта)
1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары
2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы
3 Қазақ этносының пайда болу тарихы
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.«Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?
2.Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?
3.Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер қатысты?
4.Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.
№4. Практикалық сабақ атауы.Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. (1 сағат. 4 апат)
1.Этнопедагогика әдіснамасы.
2.Интегративті этнопедагогика.
3.Этнопедагогикалық менеджмент.
4.Этнопедагогикалық антропология.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Интегративті этнопедагогика терминіне анықтама беріңіз.
2.Менеджмент терминінің этнопедагогика ғылымына байланысын көрсетіңіз.
3.Антропология мен педагогика ғылымының байланысын анықтаңыз.
4.Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?
5.Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.
6.Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар қандай?
№5. Практикалық сабақ атауы. Қазақ этнопедагогикасы. (1 сағат. 5 апта)
1. Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай?
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата.
3.Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай?
4.Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай?
5.Қазақ этнопедагогикасының көздеріне не жатады?
6.Халықтық педагогикада ұрпақтар сабақтастығы қандай рөл атқарады?
7.Халық педагогикасының тарихи тәрбиелік мәні қандай?
№6. Практикалық сабақ атауы.Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде.
1.Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік. Білімнің мәдени сәйкестілігі.
2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары. Мәдениетаралық толеранттылық. Полиэтникалық білімдік орта.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этникалық мәдениет дегеніміз не?
2.Этномәдени білім туралы түсінік.
3.Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы.
4.Этномәдени білім ұғымының мәнін анықтаңыз.
5.Қазақстан халқының Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы не білесіз?
6.Ғалым-зерттеуші Ж.Наурызбайдың ұлттық білім туралы көзқарасы қандай?
№7. Практикалық сабақ атауы.Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. (1 сағат. 7 апта)
1 Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады?
2.Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие құралдарына қандай салыстырмалы талдау жасауға болады?
3.Халықтық тәрбиені зерттеген педагог ғалымдарды атап, олардың педагогикалық ойларын талда.
4.Хлықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» дегеніміз кім?
5.Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата.
№8. Практикалық сабақ атауы.Халық идеалындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі. (1 сағат. 8 апта)
1 Халық ұғымындағы тұлға.
2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары, мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.
3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жетілген тұлға туралы түсінік бер?
2. Халықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» ұғымының мәнін ашыңыз.
3. Жетілген тұлға тұлғасын тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
4. Абай Құнанбаевтың «Жетілген тұлға» туралы көзқарасы қандай?
5.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар.
6.Ауызша поэзия. Оның түрлері.
7. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз.
8. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз.
9.Мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде қолданудың мақсаты?
№9. Практикалық сабақ атауы.Халық педагогикасындағы балалар мен жастарды өмірге тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде. (1 сағат. 9 апта)
1.Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы.
2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері.
3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Отбасында халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеудің мақсатын түсіндіріңіз.
2.Халықтық педагогикада ұл мен қызды болашақ өмірге баулу жолдарын анықтаңыз.
3.Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері неде?
4.Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде мақсатын түсіндіріңіз.
5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.
№10. Практикалық сабақ атауы.Ақыл-ойды дамыту халық қамқорлығының бастауы. (1 сағат. 10 апат)
1.Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына таратудың халықтық құралдары.
3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық педагогикадығы ақылайды дамыту құралдарын атаңыз.
2.Дүниетаным дегенімізді қалай түсінесіз.
3.Өмірлік дағдыларына қалыптастырудың халықтық құралдарын атаңыз.
4.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.
5.Халықтық ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.
6.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің халықтық құралдарын атаңыз.
7.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.
№11. Практикалық сабақ атауы.Еңбек халық педагогикасының өзегі. (1 сағат.11апта)
1 Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.
2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсиет, мадақтау, тыйым т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні қандай?
Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.
Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.
№12. Практикалық сабақ атауы.Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі. (1 сағат. 12 апта)
1 Халықтық педагогикада балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақтарда балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбие берудің дәстүрлі құралдарын атаңыз.
2.Жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтаңыз.
3. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.
4. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық, ата-ана алдындағы парыз, оларға деген сүйіспеншілік. адалдық, шыншылдық қасиеттерін бала бойында қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.
5. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік туралы жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.
№13. Практикалық сабақ атауы.Әсемдік халықтың идеалы. (1 сағат. 13 апта)
1. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары.
2. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыру жолдарын анықтаңыз.
2.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын атаңыз. 3.Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу жолдарына анықтама беріңіз.
4.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам терминдерінің анықтамасы қандай?
5. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыз.
№14. Практикалық сабақ атауы.Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны. (2 сағат. 14-15 апта)
1 Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай түрлері бар?
2.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану жолдарына түсініктеме беріңіз.
3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?
4. Білім алушылардың өздік жұмыстары.
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана білу жолдарын меігерту. Мақал мәтелдердің
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Тапсырма:
1.Төрт түлікке байланысты
2.Өнер, білім
3.Батырлық, ерлік
4.Елдік, ынтымақ, бірлік
|
Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз)
|
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Мақсаты: Қанатты сөздерді педагогикалық процесте қолданудың жолымен таныстыру.
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Тапсырма: Конспект жасап материал жинақтап қабырға газетін дайындаңыз
|
Қанатты сөздер (қабырға газетін шығарыңыз)
|
Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымдар
Мақсаты: Шешендік сөздердің философиялық мазмұнын түсіндіру
Бала тәрбиесіне және адамгершілікке байланысты айтылған шешендік сөздерді тауып конспект жасап, эссе жазыңыз
|
Жаднама жасаңыз
|
Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні.
Мақсаты: Тұрмыс салт жырларының педагогикалық мазмұнымен танысу.
Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні
Тапсырма: Бақылау сұрақтары
1.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары
2.Қазақтың тұрмыс-салт жырларының жаңаша мазмұны
|
Ақпараттық баяндама жасаңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |