3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту. Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым - әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны тєрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады," — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.
Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тондау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әр түрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары және сенімді, дәйекті болуы көзделінеді.
А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді, жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
А.С.Макаренко: "Өз тәжірибемде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын" деген.
Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу - мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған.
Белсенділер дегеніміз - балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.