Педагогика тарихы


Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны



бет102/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)

Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны


Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына - университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище кіреді.
Жоғары ұлттық білім беру жүйесінің қызметі - Қазақстанның жедел қарқынды және демократиялық жолмен дамуын, оның өркендеуіне және әлемдік қауымдастық биіктігінен көріне білетін, ХХІ ғасырдың жаңа талаптарын нәтижелі шешетін азамат тәрбиелеу болып табылады.
Педгогика және психология сөздіктерінде “Академия – жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны; Институт – кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жрғары оқу орны; Университет – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерді қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны“ деп анықтама берілген.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру ҚР мемлекеттік жіктеушісіне, білім стандарттарына және типтік бағдарламаларға сәйкес іске асырылады. Жоғары оқу орындарына арналған білім беру стандарттары ҚР мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеке мамандықтар бойынша дайындалады. ҚР мемлекеттік жіктеушісі жоғары оқу орындарында берілетін мамандықтардың саны мен сапасын анықтайды. 2003 жылдан бастап оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін іске асыруға байланысты бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім берудің жіктеушісі айқындалып, бекітілді.Қазіргі таңда жоғары білім жіктеушісіне сәйкес Қазақстанда педагогикалық (мұғалімдік) мамандықтар бойынша дәстүрлі оқыту түрі 030000 - педагогикалық 19 мамандық дайындалса, кредиттік оқыту жүйесі 050000 - білім бағыты бойынша 22 мамандық дайындалады. Жоғары білім жүйсінің кредиттік оқыту жүйесіне көшуге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 380 бұйрығына сәйкес Еуропалық білім беру жүйесіне сәйкес стандарттар қайта дайындалды.
Қазақстан Рсепубликасы Білім министрлігінің коллегиясында алғаш рет студенттердің білім сапасын айқындауға негізделген "Студенттерді аттестаттауға байланысты тестілеуді енгізу" туралы шешім қабылданды. Студенттердің білімін тест арқылы айқындауға байланысты Ереже дайындалды. Жоғары оқу орындарында әр пән бойынша қамтылған сағаттық жүктемелерге 100-500 аралығында тест тапсырмалары дайындалды. Студенттердің білім деңгейі осы тесттер бойынша студенттердің білім сапалары ағымдық, аралық бақылаулар өткізу және қорытынды емтихан алу арқылы айқындалды.
2003 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылау жүргізілді. Жоғары оқу орындарының 2(3) курс студенттердің білім сапасын айқындауға байланысты аралық мемлекеттік бақылау енгізілді. Аралық мемлекеттік бақылау арқылы ұйымдастырылған студенттердің білім сапасына деген қатаң талап олардың білімге деген құлшыныстарына үлкен серпіліс берді. Жылдан-жылға студенттердің білім сапаларының өскені байқалуда. Мәселен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 2004 жылы аралық мемлекеттік бақылауда студенттерінің білім сапасы 75 балды көрсетсе, ал 2005 жылы 82,3 балды көрсетіп отыр. Бұл аралық мемлекеттік бақылаудың студенттің білімге деген ынтасын күшейтуге үлкен ықпал еткенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 1993 жылдан бастап республика жастарын әлемдік білім кеңістігіндегі болып жатқан ғылымды меңгеруге байланысты іргелі іс-шаралар жүргізілді. Осы мәселе бойынша “Шет елде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ“ халықаралық стипендияларын белгілеу туралы“ 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ“ халықаралық стипендияларына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындаудың Ережесі дайындалып, сол бойынша Қазақстандық жастар алыс және жақын шет елдерде жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуларына жағдайлар жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет