Тәрбие
– тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі
жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.
Оқыту
– арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағыт-
талған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар
белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін
игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлға-
лық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Оқыту
– білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түр-
де бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың
мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұй-
ымдастыру.
Оқу
– бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымда-
стырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орын-
далу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі
және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |