4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
96
шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары осы зерт-
теліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман талабына сай
туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз про-
цесс екендігінің дәлелі болып отыр. Себебі адам ойы арқылы
шығармашылықта еркіндікке қол жеткізеді. Ал, Н.А. Бердяев
болса шығармашылықты – шығармашылықтық интуиция-
сы, түпкі ниеті, ойындағы көркем немесе поэтикалық бей-
несі, құлағына естіліп тұрған симфонияны, ішкі әлі ашыл-
маған жаңалық немесе өнер табысы. Одан кейін оны жүзеге
асыру, яғни шығармашылық үдерісі жүреді, бұл үдерістен
артық ештеме жоқ – деп қарастырады. Қоршаған ортаның
шығармашылық әрекетпен жасаған қайсыбір заты болсын,
адамның ойымен, сезімімен құрылған нәрсе болсын, әйте-
уір бір жаңа нәрсені жасайтын іс-әрекет ретінде қарасты-
рады. Пассау (1955) дарындылықты қандай да бір саладан,
ғылым, өнер, әлеуметтік көзқарастардан үлкен нәтижелер-
ге жету деп анықтады.
Дж. Гилфордтың ойынша, шығармашылыққа деген қабілет
көп қырлы жəне өзіне келесіні қосады: тəуекел ету қабілеті,
дивергентті ойлау, ойлау икемділігі, ойлау жылдамдығы,
бай қиял, бірегей емес заттарды қабылдау, жоғары эстети-
калық құндылықтар, дамыған түйсік. Дж. Гилфорд өзінің ке-
лесі жұмыстарында ұқсастықтар жəне қайшылықтар тезді-
гі, экспрессивті тездік (сөз тіркестерін тез құру қабілеті),
кенеттен икемділік (шығармашылық тұлғаның бір объект
класынан екіншісіне жылдам ауысуы), бейімдік икемділігі
(ерекшелік), аудиовизуалды икемділік (вербалды жəне ви-
зуалды түрде ойластырылған сұлбасын беру қабілеті) секіл-
|