Педагогикалық -психологиялық мінездеме
Беріледі 01.06.1997 жылы туылған, Т.Рысқұлов ауданы Каменка ауылы Құлан №24 үйінің тұрғыны Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Абайылда Бануға.
Банудың дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы,еңбек демалысын ұйымдастыралады, бос уақытын тәні мен жәніне пайдалы етіп өткізеді, адамның дене әрекетіндегі әдемілікті түсінеді. Банудың отбасында өмірін және іс – әрекетін ұйымдастыруды күн тәртібі жасалған, ата – анасы балаға талап қоя біледі. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көз қарасын дұрыс қалыптастырылған. Баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады.
Ата – анасы мектеп және сынып жетекшісі мен тығыз байланысты,әр уақытта мектеппен ата – ана ынтымақтастығын бірінші орынға қояды. Сыныпта Банудың өз орны бар,сыныптың топ басшысы. Сабаққа деген қызығушылығы өте жақсы. Адамдық қарым – қатынас ережесімен нормаларын сақтайды, басқалардың әлсіздігімен кемшіліктерімен төзімді.
Оқу үлгерімі өте жақсы. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды. Ұқыпты, өз жұмысын ұйымдастыра біледі. Оқу жұмысы жүйелі және бірізді. Өз бетінше әрекет ете алады, жауапкершілігі зор, ұмтылысы жақсы. Сыныптастарына өзара көмек көрсетуге дайын. Зейіні қалыптасқан, еңбек сүйгіш оқушы. Өзіне – өзі қызмет көрсете алады. Еңбек мәдениеті мен эстетикасы қалыптасқан. Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайды. Ұжым алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді. Жолдастарының, мұғалімдерінің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігімен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізіттілігімен арқасында айналасындағылардың алдында беделі жоғары. Болашақта дәрігер болуды қалайды. Банудың мақсатқа жету ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады, өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, адал, әділетті, өз уақытын ұйымдастыра біледі.
Мектеп психологы : Л.С.Башанова
Сынып жетекшісі: Ж.К.Бектемишев
Педагогикалық -психологиялық мінездеме
Беріледі 25.05.1997 жылы туылған, Т.Рысқұлов ауданы Каменка ауылы Ж.Жолы №22 үйдің тұрғыны, Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Үшкемпір Гүназға.
Гүлназдың дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, мектептің диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан. Гүлназ толық отбасында тәрбиеленуде. Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Гүлназдың оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін пайдалана алады. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жүмысы жүйелі және бірізді.
Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Мектептің, сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш
Қорытынды: Қарым-қатынас ережелері мен нормаларын сақтай біледі. Гүлназдың мамандық таңдауына бағдар беру , ата-анасы тарапынан кеңес беру керек.
Мектеп психологы : Л.С.Башанова
Сынып жетекшісі: Ж.К.Бектемишев
Достарыңызбен бөлісу: |