2.Анимациялық қызметіндегі педагогогикалық процестің мәні мен құрылымы
Анимациялық қызмет адамдардың өндірістегі қызметіндей емес, «еркін» түрде құрылады. Анимациялық әрекет қашан да ерікті түрде іспен айналысу деп түсіндіріледі, онымен айналысу үшін ешқандай да сыртқы әсердің материалдық азаматтық, таңдауға мүмкіндіктің шектеулілігі, яғни сыртқы қажеттіліктің керегі жоқ.
Анимациялық қызметі тек ерікті түрде қызмет түрін таңдауға ғана емес, сондай-ақ осы Анимациялық барысында еркін жұмыс істеуге негізделген. Анимациялық әрекет ол педагогикалық процесс болып есептелінеді. Бұл Анимациялық қызмет процесіндегі екі түрлі әрекеттің диалектикалық үйлесуі.Бір жағынан бұл штаттағы әлеуметтік қызметкері
Немесе басқа ұйымдастырушылық лектор ретінде арнайы дайындалған адамдардың қызметі болып көрінсе, ал екінші жағынан әлеуметтік мекемелерге келушілердің, бұқаралық көпшілік әрекеті болып саналады. Олар бірінсіз бірі ешқандай мазмұнға ие бола алмайды.
Анимациялық қызмет негізін- адамдардың жеке басының қызығушылығы мен сұранымын қанағаттандыруы, жұмыс күнінен кейін жәй ғана тынығудан бастап белсенді түрде шығармашылықпен айналысуы, білімін өздігінше жетілдіруі құрайды.
Кез келген күрделі құбылыс, оны белгілі бір жүйеге келтіру арқылы, яғни оның ішіндегі бөліктердің тығыз байланыстағы, бір біріне тәуелді, бірінсіз-бірі болмайтын тұтастық деп түсінуге болады. Әдетте жүйенің компоненттерін ажыратып, оның құрылымы мен қызмет ету тәсілдері қарастырылады. Анимациялық қызметіндегі педагогикалық процесстің негізгі компоненттері төмендегідей ; мекемелерд жұмысының мақсаты мен мазмұны; ықпал ету обьектісі- адам немесе қауым; ықпал ету субьектісі-әсер ету инициаторы; ықпал етуші бастаушы адам немесе адамдар; белгілі бір мақсатқа жетуге және оның мазмұнын жеткізу үшін қолданылатын педагогикалық факторлар;
Анимациялық қызметінде ықпал ету субьектісімен обьектісінің нақты шекарасы жоқ, олар үнемі бірін-бірі толықтырып алмастырып отырады.
Анимациялық қызметіндегі педагогикалық процесстің құрылымы негізін (кез келген педагогикалық процесс сияқты) педагогикалық факторлардың өзара үйлесе отырып субьектімен обьектінің заңды байланыстарды құрайды.
Анимациялық қызметіндегі педагогогикалық процесті саналы түрде басқару, Анимациялықты ұйымдастырушының өзінің іс-әрекетінде жеке адам қалыптастырудың ішкі қозғаушы күштерімен обьективті факторларын жан- жақты қолдана білгенде ғана сәтті шығады. Бұл жердегі мән бірінші кезекте адамдардың қызығушылығы мен сұранымына сүйене отырып жасалуында.
Кез-келген сұраным белгілі бір ынта ықылас артқанда туындайды. Онда болмыстың екі қалыптағы жағдайлары; нағыз және тілектестіктің болуымен айқындалады.
Адам бойындағы кез келген жаңа қабілет, оның өз бойындағы құштарлығымен практикалық және психикалық белсенділігі артқан кездегі нәтижелермен ғана қалыптасуы мүмкін.
Педагогикалық жұмыстың теориялық және практикалық мәні іс- әрекет пен психикалық бірлігі принципіне және жеке адамның жетілуіне әлеуметтік ықпалдың шарттылығы принциптері негізделеді.
Жеке адамның бос уақыттағы өзін өзі қалыптастыру процессі, оның басқа дай адамдармен қарым қатыастары арқылы айқындалады.Адам дамуының қозғаушы күші ретінде сұранымды , іс-әрекетті және соған орай қарым қатынасты айтуға болады.
Анимациялық қызмет аясындағы педагогикалық процесті басқарудың принциптері мен заңдары қызметті жоспарлау жүйесінде де кеңінен көрсетіледі. Жоспар басқару циклінің құрамдас бөлігі ретінде, белгілі бір педагогикадық мақсатқа жету бағдарламасы болып табылады. Осы үшін ықпал етудің белгілі бір жүйелілігі оның ұзақтығы, қолдану аясы, құралдарды іріктеу қамтылады.
Анимациялық қызмет жағдайында педагогикалық процесті ғылымибасқарудың және оның заңдылықтарының жоспарлануында байқалуы бұл процесті жетілдірудің маңызды шарттарының бірі болып саналады. Педагогикалық процестің тиімділігі Анимациялық қызметтің мақсаты мен міндеттеріне, құралдары мен әдістеріне және әлеуметтік мекемелеріндегі жұмыс түрлерінің бір бірімен тығыз байланыста болады.
Сонымен Анимациялық қызмет жағдайындағы педагогикалық процесті басқару бұқаралық, топтық, жеке дара әсер етудің күрделі жүйесінен тұрады.
Бұл әсер етудің түрі мен сипаттамасындағы және бағыттарындағы айырмашылықтар жеке адамның әлеуметтік мәдени өнерпаздығының әртүрлілігін қамтамасыз етеді.
Жеке ықпал ету процесін басқару Анимациялық қызмет обьекті мен субьектінің өзара ықпал ету, өзара киліге отырып ынтымақтасуына байланысты. Мұның барлығы педагогикалық талаптардың бірлігі негізінде іске асырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |