Нандыру әдісінің қарым-қатынаста ықпал етудің қалған әдістерінен негізгі айырмашылығы логиканың болуы болып табылады. Логиканың және риториканың көмегімен ғана сендіру кезінде белгілі міндетке қол жеткізу мақсатында фактілер мен қорытындыларды іріктеу, реттеу жүреді. Нандыру әдісін пайдалану кезінде әңгіменің тақырыбын қатаң ұстану керек. Барлық дәлелдемелердің орынды және нанымды, көз жеткізетін қорытындылар үшін негіз болуын бақылау маңызды. Сондай-ақ қарама-қайшылықтың болмауы туралы қағиданы сақтау маңызды: қорытындылар мен нәтижелер бір-біріне қайшы келмеуі тиіс, керісінше белгілі ізбен, бірінен кейін бірі болуы, біреуі біреуінің жанында болмауы тиіс. Тағы бір шарт - нандыру кезінде мұғалімнің және оқушылардың ішкі сезімі, оқушылардың дәлелдеме және қарсы тұрудағы тең құқығын мойындау.
Достарыңызбен бөлісу: |