2. Сенім. А. С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді.