Педагогикалық факультет



бет2/4
Дата08.06.2018
өлшемі484 Kb.
#41654
1   2   3   4

Әдебиеттер тізімі.
Курс бойынша негізгі әдебиеттер тізімі:


3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.







Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты /аптасы/

балл

Бақылау

түрі


1

Реферат

Әлемнің шындық бейнесіне деген қөзқарасым.

Аристотельдің ғылыми-философиялық жүйесі.

Архимедтің заңдары.

Бүкіләлемнің эволюциясы.

Экологиялық катастрофаның мәселелері.


С.Д .Фазылов,

З. М.Молдахметов

Бияшева З.Г., Бияшева З.М., Жаксыбевова К.А. Қазіргі заманғы жарастылыстану концепциялары. Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.

Карпенков.С.Х. Основные концепции естествознания.-М., 1998.

Ахлибинский Б.В., Храленко Н.И. Основные концепции современного естествознания: Учебное пособие.-Москва, 2000 г.

Данилова В.С., Кожевников Н.Н. Основные концепции современного естествознания.-М.: Аспект Пресс, 2001.

Грядовой Д.И. Концепции современного естествознания. Структурный курс основ естествознания. М.,1999.

Макареня А.А., Обухов В.Л. Методология химии. М.: Просвещение, 1985.



1-15 апталар

/СОЖ тапсырмасы түрінде беріледі/

Семинарда

жауап беруі



2

Оппонент болуы




Баяндама тақырыбына байланысты

1-15 апталар

/СОЖ тапсырмасы түрінде беріледі/

Семинарда жауап беруі

3

ӨЖСӨЖ тапсырмаларын орындау /барлығы 15 тапсырма/

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру.

Семинар тақырыбына байланысты

ӨЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Семинар тақырыбына байланысты /аралық бақылау түрі ретінде/

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазбаша жұмыс түрінде аралық бақылау жұмысы

Білімді кешенді және студенттердің ойлау қабілетін тексеру

Бақылау жұмысының тақырыбына байланысты

5,10,15 апта

Әр бақылау жұмысы барлығы

Бақылау жұмысы

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







100

тест


4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.






Әдебиеттер тізімі


Қамтылу

дәрежес і

1

Карпенков.С.Х. Основные концепции естествознания.-М., 1998.

о/з -2, аб.-2

2

Бияшева З.Г., Бияшева З.М., Жаксыбевова К.А. және т.б. Қазіргі заманғы жарастылыстану концепциялары. Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.

о/з -2, аб.-2

3

Ахлибинский Б.В., Храленко Н.И. Основные концепции современного естествознания: Учебное пособие.-Москва, 2000 г.

о/з -2, аб.-2

4

Данилова В.С., Кожевников Н.Н. Основные концепции современного естествознания.-М.: Аспект Пресс, 2001.

о/з -2, аб.-2

5

Грядовой Д.И. Концепции современного естествознания. Структурный курс основ естествознания. М.,1999.

о/з -2, аб.-2

6

Макареня А.А., Обухов В.Л. Методология химии. М.: Просвещение, 1985.

о/з -2, аб.-2


5.Дәрістік кешен
Кредит сағ. 1

Дәріс 1.

Тақырып. Жаратылыстанутабиғат туралы біртұтас ғылым.

Дәріс мазмұны: 1.Жаратылыстану ұғымының мазмұны.

2.Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу обьектісі ретінде.



Дәріс мақсаты: Табиғат туралы біртұтас ғылыммен таныстыру.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1.Жаратылыстану ұғымының мазмұны.

2.Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу обьектісі ретінде.

Әдебиет: С.Д .Фазылов, З. М.. Молдахметов
Кредит сағ. 2

Дәріс 2.

Тақырып. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері.

Дәріс мазмұны: 1. Иерархиялық принцип.

2.Субординация принципі

3.Топтау принципі

4.Холизм немесе интегратизм.



Дәріс мақсаты: Жаратылыстану құрамдас бөліктерінің принциптерін қарастыру.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Иерархиялық принцип.

2.Субординация принципі

3.Топтау принципі

4.Холизм немесе интегратизм.

Әдебиет: С.Д .Фазылов, З. М.. Молдахметов
Кредит сағ. 3

Дәріс 3.

Тақырып. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары.

Дәріс мазмұны: 1. Жаратылыстану дамуының бірінші кезені - натурфилософия.

2 Жаратылыстану дамуының екінші кезені - талдау « аналитиқалық» сатысы.

3. Жаратылыстану дамуының үшінші кезені - синтетикалық сатысы.

4.Жаратылыстану дамуының төртінші кезені - ғылымды дифференциялау сатысы.

Дәріс мақсаты: Жаратылыстану дамуының кезеңдерін талдау.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Жаратылыстану дамуының бірінші кезені - натурфилософия.



2 Жаратылыстану дамуының екінші кезені - талдау « аналитиқалық» сатысы.

3. Жаратылыстану дамуының үшінші кезені - синтетикалық сатысы.

4.Жаратылыстану дамуының төртінші кезені - ғылымды дифференциялау сатысы.

Әдебиет: С.Д .Фазылов, З. М.. Молдахметов
Жаратылыстанудың даму кезеңдері.
Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру оңайырақ болады. Сонымен ғылымның өткен өміріне сарап шегіп көрелік.Қазіргі жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, Жаңа уақыт ғылымы және XX ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салаларыда кіреді. Бұл адамзаттың біздің ғаламшарымыздағы өз ғұмырында ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз қазынасы. Осмы салаларды біз арнайы ғылымдардағы табиғаттың фундамитальдық идеялардың ашылуымен, ал революцияларды – белгілі парадигмалар мен көзқарастардың өзгермеуіменбайланыстыра отырып қарастырамыз (парадигма – осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі). «Ғылыми революциялар» ішіне «физикадағы ғылыми революцияларды» жеке бөліп қарастыруға болады, себебі олар жаратылыстанудағы кардиналды өзгерістердің негізгі себептері болды.

Бір этаптан басқа этапқа өту және бір революциядан басқаға өту адам ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның магистральды бағытта дамуы көптеген «айналмалы жолдар», «кейіе шегіну», «бір орында тұрып қалу» сияқты кезеңдер арқылы жүріп отырды. Ғылым ол кезде баяу дамыды, бірақ та оның нәтижелері жаратылыстанудағы парадигмалардың ауысуына әкеліп тұрды. Енді осы өткен замандарға қарай сарап шегейік!


Кредит сағ. 4

Дәріс 4.

Тақырып. Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері.

Дәріс мазмұны: 1. Жаратылыстану даму кезендері.

2.Ертедегі грек ғылымының даму кезендері.



Дәріс мақсаты: Жаратылыстанудың ерекшеліктерін анықтау.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Жаратылыстану даму кезендері.

2.Ертедегі грек ғылымының даму кезендері.

Әдебиет: С.Д .Фазылов, З. М.. Молдахметов

Ертедегі грек ғылымының даму кезеңдері
Ең ерте заманғы ғылымдардағы Египет пен Междуречья жрецтері жасаған астрономияны, геометрияны және медицинаны жатқызамыз. Осы бағыттағы үлкен табыстар Ертедегі Қытай мен Ерте заманғы Индияда да болды. Айта кету керек, бұл ғылымдар сол кезде жеке ғылым түрінде болған жоқ, олар философтік-діндік ойдың бір бөлігі ретінде болды.

Әлемді тылсым күштердің көмегінсіз-ақ түсіну және түсіндіру әрекеті алғаш рет ежелгі гректер тарапынан жасалды. Ғылымның тууы шын мәнінде б.з.б. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда басталды. Бұл ғылым натурфилософия (латынның natura - табиғат) деп аталды, ал сол кездің данышпандары әрі философ, әрі ғалым болды. Мұнда бірінші ғылыми мекемелер: Платонның академиясы, Аристотельдің лицейі, Александриялық мұражай пайда болды. Ертедегі грек ғылымы біртұтас табиғат, қоғам туралы ілім еді. Сол кездің данышпандарын әрі физик, әрі математик, әрі астроном, әрі тарихшы деп айтуға болатын. Грек философтары қоршаған ортаны байқаудан шыққан фактілерді жинап, оларға анықтама беріп, немесе олардын санын көбейтумен айналысқан жоқ, олар қайта деректерді бір жүйеге келтіріп, олардың арасындағы байланысты іздеп, логикалық түрде жаңа білімдер жасады. Ертезаман данышпандары тек қана ойлау, қиялдау күшімен ешқандай да жүйелі тәжірибелерге сүйенбей-ақ қоршаған әлемді түгел қамтып түсіндіруге тырысты. Дәл осы Грецияда бірнеше рет Әлемнің материалдық біртұтастығы мен оның дамуы туралы идеялар ұсынылды. Мысалы, данышпандар Фалестің (б.э.д. 625-547), Анаксимандрдің (б.э.д. 610-547) Гераклиттің ( б.э.д. VI-V ғ.), Анаксагордың (.э.д. 500-428) ілімдерінде Әлемнің біртұтастығы мен барлық заттың бір заттан судан (Фалес), оттан (Гераклит), ауадан (Анаксимен), апейроннан (Анаксимандр) пайда болуы туралы тұжырымдар қарастырылады. Математика, астрономия мен физика салаларындағы көптеген жетістіктер Пифагордың (б.э.д. 582-500) және оның оқушыларының жетістіктерімен байланысты.

Медицинаның жеке ғылым ғерінде дамуы Гиппократтың (б.э.д. 460-370) есімімен байланысты, ол оған ғылыми статус әкеліп,оны әр түрлі әдістермен қамтамасыз етті. Гиппократтың медициналық еңбектері өте көп және әр түрлі. Оның еңбектерінің негізгі тезисі – медицина әр түрлі ауруларды дәл әдістермен жүйелі, байланысты түрде сипаттау негізінде дамуы керек.

Сол заманның аса үлкен данышпаны Аристотель (б.э.д. IV ғ.) өзінің атақты шығармаларында (Физика» , «Метафизика») сол уақытқа дейінгі жинақталған барлық деректерді біріктіріп, грек ғылымының жеткен биік жетістіктерін көрсетті.




Кредит сағ. 5

Дәріс 5.

Тақырып. Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті

Дәріс мазмұны: 1.Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі.

2.Геоцентризм – ақикат құрылысының өте қиын жолы.

Дәріс мақсаты: Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан таныстыру

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1.Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі.



2.Геоцентризм – ақикат құрылысының өте қиын жолы.

Әдебиет: С.Д .Фазылов, З. М.. Молдахметов
Әлем бейнесін ғылыми тұрғдан жуйеге келтіру әрекеті.

Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі
Дүние туралы білімдердің жинақталу шамасына қарай оларды жүйеге келтіру міндеті өзекті бола түсті. Бұл міндетті көне дәуірдің ұлы ойшылдарының бірі, Платонның оқушысы Аристотель (б.з.д. 384-322) жүзеге асырды. Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның ақырғы күніне дейінгі ұстазы болды. Ол бірінші болып жаратылыстанудың ғылым ретінде негізін салды, көптеген жеке жаратылыстану ғылымдрының дамуына жол салды. Аристотель тақырыбы, көлемі, маңыздылығы әр түрлі көптеген еңбектер жазып қалдырды. Олардың ішінде оның мына еңбектерін атап өтуге болады: «Категориялар», «Физика», «Метеороголика», «Метафизика», «Жануарлар тарихы», «Жануарлар құрам бөліктері», «Жануарлардың қозғалуы туралы», логика туралы трактаттары және т.б. Осы еңбектерінде ол өзінің жан-жақты және терең білімділігін көрсетеді. Солардың бірі «Физикада» ол материя мен қозғалыс туралы, кеңістік пен уапқыт, шектілік пен шексіздік, өмірдегі себеп-салдар туралы мәселелерді қарастырды.

Өзінің «Аспан туралы» деген еңбегінде ол Жердің жайпақ тарелка тәріздес емес (сол кездегі пікірге сәйкес), дөңгелек шар екендігіне екі салмақты дәлел келтіреді.

Біріншіден, Аристотель айдың тұтылуы Жер Ай мен Күннің арасына келгенде болатындығын аңғарды. Жер Айға ылғи да дөңгелек көлеңке түсіреді, ал бұл жағдай егер Жер шар тәрізді болса ғана болуы мүмкін.

Екіншіден, өз саяхаттарының тәжірибесіне гректер Поляр жұлдызының аспанда оңтүстік аймақтарда, солтүстіктегіге қарағанда, төменірек орналасатындығын білді. Поляр жұлдызы Солтүстік полюсте бақылаушының дәл төбесінде тұрды. Ал Экватордағы адамға ол көкжиек сызығының деңгейінде тұрған сияқты болып көрінеді. Поляр жұлдызының осылай орналасуынан бұл көріністің Мысыр мен Грециядағы айырашылығын біле отырып, Аристотель Экватордың ұзындығын есептеп шығапды. Рас, бұл ұзындық біршама артық болып шыққан (жобаман екі есе), дегенмен, бәрібір сол уақыт үшін бұл үлкен ғылыми жаңалық еді.

Аристотель Жер қозғалмайды деп жорамалдап, ал Күн, Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оны шеңберлік орбиталар бойынша айналып жүреді деп ойлады. Аристотельдің еңбектеріндегі тұжырымдар ғылымда Галилей кезеңіне дейін өз күшінде болып тұрды.

Ғұламалардың алғашқы ғаламдық жаңалықтарды жер саласы жөнінде емес, бүкіл Дүние, ғарыш аймағы жайында ашқандары қызықты. Дәл осы астрономиялық білімдерден Дүние құрылысының жаңа бейнесі туды, бұл адамдарды қоршаған әлем туралы ескі үйреншікті түсінікткердіңғ бәрін бұзды.

Бұл білімдердің сол кездерде өмір сүрген барлық адамдардың көзқарасын өзгерткені соншалықты, олардың ойшылдарға жасаған ықпалының күшін тек қана төңкеріспен - әлем құрылысына көзқарастың шұғыл өзгеруімен ғана салыстыруға болатын шығар. Білім негіздеріндегі мұндай «төңкерістер» ғылым әлемінде – жаратылыстық-ғылыми төңкеріс деп аталады.

Әрбір ғаламдық жаратылыстық-ғылыми төңкеріс ылғи да дәл астрономиядан басталады (ең үлкен мысал – салыстырмалық теориясының жасалуы). Таза астрономиялық мәселелерді шеше отырып, ғалымдар қазіргі ғылымның оны түсіндіруге жеткілікті негіздерінің жоқ екенін айқын ұғына бастайды. Әрі қарай әлем туралы және барлық Дүние туралы орын алған космологиялық түсінікткерді түбірінен қайта құру басталады. Жаратылыстық-ғылыми төңкеріс түбірінен қайта қаралып өзгерген, барлық әлем туралы жаңа түсініктердің астына жаңа физикалық тұғыртас орнатумен (егер іс бұған дейін жетсе) аяқталады.

Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық-ғылыми төңкерістің басты қоытындысы – б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентірлік жүйесі туралы дәйекті ілімінің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.

Геоцентризмге өту Жер мен ғарыштың ақиқат құрылысын түсіну жолындағы алғашқы және өте қиын қадам болды. Аспанның жергілікті көкжиекпен шектелген көрініп тұрған жартылай сферасы көрінбейтін ұқсас жарты сферамен бүтін аспан сферасына дейін толықтырылды. Барлық апандық сфералық әлемге қарсы қойылған, онда орталық қалыпта орын алып тұрған қозғалмайтын Жердің өзі де сфералық (шар тәрізді) деп санала бастады. Сол кездің ғалымдарына, бұл моделге сәйкес, жердің диаметралді қарама-қарсы жағында өздерімен салыстырғанда «аяқтары жоғары қарап» жүретін адамдардың өмір сүретіндігін қиындықпен мойындауларына тура келді! Иә, айыьпақшы, ғалымдардың өздері де ол адамдарға қарағанда «басымен тұрады» екн ғой.

Қазіргі жер серіктері мен Жерді айнала «дағдылы» космостқ ұшулар заманында ғана «Таңданарлық не бар? Жер – шар. Бұл барлығымызға жөргектен белгілі емес пе?» деп айтуға болады. Ертедегі ғалымдарды көз алдыңызға елестетіп көріңіздер, олардың түсінігі бойынша – Жер жайпақ, ол үш киттің үстінде орналасқан. Сол кездің ғалымдарына Әлемнің құрылысы туралы ескі ұғымдарды бұзу, тіпті басымен тұрған адамдарды көз алдына елестету өте қиын болды. Сондықтан біздің ғаламшарымыздың шар тәріздес екендігі туралы идеяны қабылдау кейінірек – Жер шарын айналған алғашқы саяхаттар мен ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінде – тек XV және XVI ғасырлардың арасында жүзеге асты.


Атомизм концепциясы

Античтік атомистика – материяның дискретті құрылысы туралы біздің эрамызға дейінгі VI-V ғ. Етредегі Грецияда пайда болған материалистік ілім. Античтік атомизмнің негізін құрушылардың бірі ертезаманғы ұлы данышпандардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) барлық дүние тек бос кеңістік пен атомдардан тұрады деп тұжырым жасады. Античтік атомизм себептің қатаң үстемдігін мойындап, табиғаттағы барлық заттардың айырмашылығы олардағы атомдардың әр түрлілігімен түсіндірілді. Демокрит ертедегі атомистиканың негізін салушылардың бірі Левкиптің (б.э.д. 500-400) оқушысы еді. Ол атомдар барлық заттардың ең соңғы негізі (тубірі), олар еш бөлінбейді және олардың ішкі құрылысы жоқ деді. Олар жаңадан пайда балмайды және жоғалиайды.



Демокрит ілімінің мәні мынада:

  1. Атомдар мен таза кеңістіктен басқа ештеңе де жоқ.

  2. Атомдар саны жағынан шексіз және қалпы жағынан шексіз әр түрлі.

  3. «Ештеңе жоқтықтан» ештеңе шықпайды.

  4. Ештеңе де кездейсоқ болмайды, тек қана белгілі бір негізге және қажеттілікке байланысты болады.

  5. Заттар арасындағы айырмашылық олардың атомдарының санының көлемінің қалыбының және ретінің айырмашылығына байланысты болады.

Демокрит ілімін дамыта отырып, Эпикур (б.з.д. 341-270) атомдық көзқарастың негізінде барлық жаратылыстық, психикалық және әлеуметтік құбылыстарды түсіндірмекші болады. Егер Демокрит пен Эпикурдың барлық пікірлерін жинақтап көрсек, онда, жақсы қиялымыз болса, олардың еңбектерінен атомдық және молекулярлық-кинетикалық теорияның нышандарын көруге болады. Ежелгі гректік атомшылардың ілімі бізге Лукрецийдің (ю.э.д. 99-56) әйгілі «Заттар табиғаты туралы» поэмасы арқылы жетті.
Әлем бейнесін ғылыми тұрғдан жуйеге келтіру әрекеті.

Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі
Дүние туралы білімдердің жинақталу шамасына қарай оларды жүйеге келтіру міндеті өзекті бола түсті. Бұл міндетті көне дәуірдің ұлы ойшылдарының бірі, Платонның оқушысы Аристотель (б.з.д. 384-322) жүзеге асырды. Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның ақырғы күніне дейінгі ұстазы болды. Ол бірінші болып жаратылыстанудың ғылым ретінде негізін салды, көптеген жеке жаратылыстану ғылымдрының дамуына жол салды. Аристотель тақырыбы, көлемі, маңыздылығы әр түрлі көптеген еңбектер жазып қалдырды. Олардың ішінде оның мына еңбектерін атап өтуге болады: «Категориялар», «Физика», «Метеороголика», «Метафизика», «Жануарлар тарихы», «Жануарлар құрам бөліктері», «Жануарлардың қозғалуы туралы», логика туралы трактаттары және т.б. Осы еңбектерінде ол өзінің жан-жақты және терең білімділігін көрсетеді. Солардың бірі «Физикада» ол материя мен қозғалыс туралы, кеңістік пен уапқыт, шектілік пен шексіздік, өмірдегі себеп-салдар туралы мәселелерді қарастырды.

Өзінің «Аспан туралы» деген еңбегінде ол Жердің жайпақ тарелка тәріздес емес (сол кездегі пікірге сәйкес), дөңгелек шар екендігіне екі салмақты дәлел келтіреді.

Біріншіден, Аристотель айдың тұтылуы Жер Ай мен Күннің арасына келгенде болатындығын аңғарды. Жер Айға ылғи да дөңгелек көлеңке түсіреді, ал бұл жағдай егер Жер шар тәрізді болса ғана болуы мүмкін.

Екіншіден, өз саяхаттарының тәжірибесіне гректер Поляр жұлдызының аспанда оңтүстік аймақтарда, солтүстіктегіге қарағанда, төменірек орналасатындығын білді. Поляр жұлдызы Солтүстік полюсте бақылаушының дәл төбесінде тұрды. Ал Экватордағы адамға ол көкжиек сызығының деңгейінде тұрған сияқты болып көрінеді. Поляр жұлдызының осылай орналасуынан бұл көріністің Мысыр мен Грециядағы айырашылығын біле отырып, Аристотель Экватордың ұзындығын есептеп шығапды. Рас, бұл ұзындық біршама артық болып шыққан (жобаман екі есе), дегенмен, бәрібір сол уақыт үшін бұл үлкен ғылыми жаңалық еді.

Аристотель Жер қозғалмайды деп жорамалдап, ал Күн, Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оны шеңберлік орбиталар бойынша айналып жүреді деп ойлады. Аристотельдің еңбектеріндегі тұжырымдар ғылымда Галилей кезеңіне дейін өз күшінде болып тұрды.

Ғұламалардың алғашқы ғаламдық жаңалықтарды жер саласы жөнінде емес, бүкіл Дүние, ғарыш аймағы жайында ашқандары қызықты. Дәл осы астрономиялық білімдерден Дүние құрылысының жаңа бейнесі туды, бұл адамдарды қоршаған әлем туралы ескі үйреншікті түсінікткердіңғ бәрін бұзды.

Бұл білімдердің сол кездерде өмір сүрген барлық адамдардың көзқарасын өзгерткені соншалықты, олардың ойшылдарға жасаған ықпалының күшін тек қана төңкеріспен - әлем құрылысына көзқарастың шұғыл өзгеруімен ғана салыстыруға болатын шығар. Білім негіздеріндегі мұндай «төңкерістер» ғылым әлемінде – жаратылыстық-ғылыми төңкеріс деп аталады.

Әрбір ғаламдық жаратылыстық-ғылыми төңкеріс ылғи да дәл астрономиядан басталады (ең үлкен мысал – салыстырмалық теориясының жасалуы). Таза астрономиялық мәселелерді шеше отырып, ғалымдар қазіргі ғылымның оны түсіндіруге жеткілікті негіздерінің жоқ екенін айқын ұғына бастайды. Әрі қарай әлем туралы және барлық Дүние туралы орын алған космологиялық түсінікткерді түбірінен қайта құру басталады. Жаратылыстық-ғылыми төңкеріс түбірінен қайта қаралып өзгерген, барлық әлем туралы жаңа түсініктердің астына жаңа физикалық тұғыртас орнатумен (егер іс бұған дейін жетсе) аяқталады.

Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық-ғылыми төңкерістің басты қоытындысы – б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентірлік жүйесі туралы дәйекті ілімінің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.

Геоцентризмге өту Жер мен ғарыштың ақиқат құрылысын түсіну жолындағы алғашқы және өте қиын қадам болды. Аспанның жергілікті көкжиекпен шектелген көрініп тұрған жартылай сферасы көрінбейтін ұқсас жарты сферамен бүтін аспан сферасына дейін толықтырылды. Барлық апандық сфералық әлемге қарсы қойылған, онда орталық қалыпта орын алып тұрған қозғалмайтын Жердің өзі де сфералық (шар тәрізді) деп санала бастады. Сол кездің ғалымдарына, бұл моделге сәйкес, жердің диаметралді қарама-қарсы жағында өздерімен салыстырғанда «аяқтары жоғары қарап» жүретін адамдардың өмір сүретіндігін қиындықпен мойындауларына тура келді! Иә, айыьпақшы, ғалымдардың өздері де ол адамдарға қарағанда «басымен тұрады» екн ғой.

Қазіргі жер серіктері мен Жерді айнала «дағдылы» космостқ ұшулар заманында ғана «Таңданарлық не бар? Жер – шар. Бұл барлығымызға жөргектен белгілі емес пе?» деп айтуға болады. Ертедегі ғалымдарды көз алдыңызға елестетіп көріңіздер, олардың түсінігі бойынша – Жер жайпақ, ол үш киттің үстінде орналасқан. Сол кездің ғалымдарына Әлемнің құрылысы туралы ескі ұғымдарды бұзу, тіпті басымен тұрған адамдарды көз алдына елестету өте қиын болды. Сондықтан біздің ғаламшарымыздың шар тәріздес екендігі туралы идеяны қабылдау кейінірек – Жер шарын айналған алғашқы саяхаттар мен ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінде – тек XV және XVI ғасырлардың арасында жүзеге асты.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет