Үй тұрмысының еңбегімен таныстыру
Үй түрмыс еңбегіне байланысты балаларға тамақты үстелге әзірлеу, үстел үстіне орынды қоя білу де үйретіледі. Мүғалім үстелге қандай дастархан жаю, қан-дай тағамдарды үстелге бүрын қою, нанды қалай кесу, шанышқыны, пышақ, қасық, табақтарды орын-орнына қою, үстел басында қалай отыру, тамақты жайлап, ақырын, сораптамай, төкпей ішу, шанышқымен тісті шүқымау, нанды пышақпен алмау, тамақ қалдықтарын қалай болса солай дастарханға тастай салмау сияқты мәселелерді үй-рету де көзделеді. Сондықтан мүғалім әңгіме үстінде бу-фет, интернат асханаларында тәжірибе жасап көрсетіп отыруы тиіс. Төрт, алты адамға үстел жасау сияқты тап-сырма беріп, әр оқушының дүрыс орындауын қадағалап отыруы керек.
Сондай-ақ мүғалім әр оқушының үйівде ыдыс-аяқта-рын таза үстап, тамақты дүрыс іше білуін ескертіп, мына
нәрселерді білдіруі қажет: ең әуелі үстелге таза ақ дас-тархан жайылатыны, оған жүқалап кесілген нан, үгілген горчица (қышы), түз, қызыл, қара бүрыш т.б. қойылаты-ны, әр адамға кішкене тәрелкелер, сол жағына шаны-шқы, оң жағына жүзін тәрелкеге қаратып пышақ, қасық қойылатыны, ыстық тамақты бірден үстел үстіне қоя сал-май, арнаулы орынға қойылатыны. Ас қүйып берілетіні ескертіледі. Онан соң үстел жанында қалай отырып, та-мақтануы үйретіліп көрсетіледі. Бүдан соң оқушылардың өздеріне үстел дайындату керек.
Қысқасы балалардьі шаруашылық түрмыс еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте дүрыс үйымдастырылған мүндай еңбек түрі баланың бүкіл өмірінің дүрыс қалыптасуына әсерін тигізеді. Олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз салады.
Достарыңызбен бөлісу: |