8 Лабораториялық жұмыстарды орындаудың ұсыныстары мен нұсқаулары.
Лабораториялық жұмыс №1
Тақырыбы: еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы құрылымы мен мазмұны.
Объектісі:еңбекке баулу пәнін оқыту процессіндегі білім беру мазмұны.
Предметі: 3 – сынып пән сабағындағы қызмет көрсету бөлімінің оқу материалына модулді оқу бағдарламасын құрастыру.
Мақсаты:еңбекке баулу пәніндегі қызмет көрсету бөлімінің оқу материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау.
Міндеттері:
жұмыстың құрылымы және орындалу мазмұнымен ұқыпты танысу;
еңбекке баулу пәнінің міндетті білім беру стандартымен және оқу бағдарламасын жасауға қажетті талаптармен оқу - әдістемелік құжаттардан қарастыру;
оқу бағдарламаның құрылымын, мазмұнын және техникалық безендірілуін қарастыру;
айқындалған оқу мазмұнына негіздеме жасап модулді оқу бағдарламаның жобасын құрастыру;
орындалған оқу бағдарлама жобасын тәжірибеде тексеру;
оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары:еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сыныптың оқу бағдарламасы мен оқулық құралы, нормативті оқу - әдістемелік құжаттар (дидактикалық талаптар).