Байланысты: Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы-dereksiz.org
Білім берудің өзін қазіргі таңда кең ауқымы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру үдерісін ұштастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орындарына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі қажет, сондықтан нағыз мұғалім, нағыз педагог тұлғасы қалыптасады, және кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Педагог мамандығының маңыздылығы оның қоғам дамуындағы рөлі жайлы жетекші идеямен өзекті. Педагог мамандығындағы негізгі міндет– қоғам дамуының мақсаттарын жете түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап, ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға еңбектенеді.

Сонымен қатар мұғалімдер жасөспірімдердің дүниетанымын, ұлттық сана- сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері ақиқатпен астарласады.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарға сұраныс туындамаушы еді. Педагог мамандығы мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби құзыретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын көбейе түсуде.