Педагогикалық қызметтің жалпы сипаттамасы



бет4/6
Дата24.10.2023
өлшемі188,48 Kb.
#188237
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық қызмет

Бес күндік оқу жүйесі

Бес күндік оқу жүйесі

Бес күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты болып отыр. Жаңа білім беру бағдарламалары, осыған дейін айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.

"Бес күндік оқу жүйесіне көшу оқу бағдарламасының жаңартылуымен байланысты. Бұған дейін айтылған жаңа оқу бағдарламалары Назарбаев интеллектуалдық мектебінің бағдарламасына негізделген. Білім бағдарламалары әлемдік үздік тәжірибеге сай функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде дайындалады" делінген министрлік ақпаратында.

12 жылдық оқу жүйесі

12 жылдық оқу жүйесі

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы орта білім беретін мектептер жөніндегі мәселелерді тиімді шешу арқылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу көзделген.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудегі бірінші сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.

12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет